Menu HELPDESK

Жас таланттар мен әлемге әйгілі профессорлар Мальтадағы 2021 классикалық музыка академиясында кездеседі

MCMA-А4.jpg       

InClassica халықаралық музыкалық фестивалі аясында Мальта классикалық музыка академиясы 2021 жылдың 17 сәуірі мен 11 мамыры аралығында Мальтада өтеді. Ұйымдастырушы еуропалық мәдениетті қолдау қоры (ЕМҚҚ) болады.

Классикалық музыка академиясы – жас таланттар үшін шығармашылық атмосфера мен Жерорта теңізі жағалауындағы шуақты ауа-райынан рақат алып, әлемнің жетекші педагогтарының тәжірибесін үйренудің бірегей мүмкіндігі. 4 факультет ішекті, үрмелі, пернелі аспаптардың, сондай-ақ опералық орындаушылардың виртуоздарын қабылдауға дайын. Академия кестесі 3 кезеңнен тұрады. Мальта астанасына оқытушылар ретінде скрипканың атақты профессорлары – Захар Брон (Германия\Швейцария), Борис Кушнир (Австрия), Ана Чумаченко (Италия), Максим Венгеров (Монако); фортепиано – Григорий Грузман (Германия), Бернд Гетцке (Германия), Михаил Хохлов (Ресей), Павел Гилилов (Германия), Мишель Берофф (Франция), Дмитрий Алексеев (Ұлыбритания) және т.б. келеді.

Сонымен қатар студенттерді Марта Аргерих, Рудольф Бухбиндер, Стелла Чен, Дэниел Хоуп, Кит Армстронг, Северин фон Эккардштейн және музыкалық қоғамдастықтың басқа да көрнекті өкілдерінің қатысуымен өтетін білім беру дәрістері мен пікірталастары күтеді.

ЕМҚҚ президенті Константин Ишханов өз сөзінде: «Мальта классикалық музыка академиясы Еуропадағы классикалық музыкалық білім беру саласындағы ең соңғы жетістіктердің бірі болып табылады, ол бүкіл әлемдегі ең құрметті профессорлардан үш апталық оқу бағдарламасын ұсынады. Мен Мальтада қатысушылармен жүздесу мүмкіндігін тағатсыздана күтемін және Академияда оқу ең қызықты және пайдалы тәжірибе болатындығына сенімдімін», - деді.

Сонымен қатар Академия аясында күндізгі концерттер өтеді. Үздік студенттер камералық және симфониялық оркестрлердің сүйемелдеуімен Марио Стефано Пьетродарки, Констансция Принципе, Гайк Казазян, Джулиано Маццоканте, Антонио Тинелли, Алена Баева және т.б. атақты орындаушылармен бір сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Концерттік шараларға «Young Classical Stars 2021» бағдарламасының қолдауымен Жас виртуоздар да қатысады, шеберлігі жас кезінен таңқалдырған – Тео Гертлер, Палома Со, Елисей Мысин, Иван Бессонов және т.б.

Артистер Феликс Коробов, Адик Абдурахманов, Майкл Лаус, Михаил Кирхгоф, Мариус Стравинский, Валерий Ворона, Дмитрий Яблонский және Аркадий Фельдман сынды атақты дирижерлердің жетекшілігімен бірге өнер көрсетеді.

Академия студенттері InСlassica фестивалі аясында кешкі концерттерге қатысуға мүмкіндік алады. Академияны сәтті аяқтағаннан кейін барлық студенттерге құрмет дипломы беріледі.



Альбомдарға оралу