«Жасыл ел» бағдарламасы аясында жазғы еңбек маусымына қатысатын студенттерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өтті
4 маусым 2025
Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы күрес жөніндегі инженер Талғат Әшимов пен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Айман Бәукенова студенттік құрылыс жасақтарының құрамындағы еңбек қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Спикерлер төтенше жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері, жеке және ұжымдық қауіпсіздік шаралары, құрал-саймандар мен арнайы киімді дұрыс пайдалану, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау маңыздылығы туралы айтып берді. Жарақаттанудың алдын алуға және еңбек міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Студенттерге арналып өткізілген нұсқаулық «Жасыл ел» бағдарламасының қауіпсіз және тиімді жүзеге асуына септігін тигізетіні анық.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025