Menu HELPDESK

«Жасыл ел» бағдарламасының өкілдері студенттермен кездесті

«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру аясында штаб өкілдері еңбек маусымына қатысып жатқан студенттермен кездесті. Мақсаты — студенттердің тұрмыс жағдайымен, сондай-ақ олардың орындаған жұмыстарының көлемі және сапасымен танысу.

Кездесу барысында қонақтар бағдарламаға қатысушыларға арналған тұрғын жайлары қарап шығып, студенттермен әңгімелесті. Олар еңбек пен тұрмыс жағдайына жоғары баға беріп, жастардың көгалдандыру мен аумақтарды абаттандыру ісіне белсенді атсалысқаны үшін алғыстарын білдірді.

«Жасыл ел» бағдарламасы жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті дамытуға үлес қосуды жалғастыруда.

Альбомдарға оралу