«Жасыл ел» жастар бағдарламасына қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері құрылыс жасағы құрамында қызметіне белсене кірісті
9 маусым 2025
Бағдарлама аясында студенттер жатақхананы тазалау және абаттандыру, тұрғын бөлмелерді сырлау, сондай-ақ тұрмыс жағдайының санитарлық және эстетикалық келбетін жақсарту жұмыстарымен айналысуда. Олардың еңбегі – бүкіл студенттер үшін жайлы әрі таза орта қалыптастыруға қосқан баға жетпес үлесі.
«Жасыл ел» бағдарламасы жастарды жұмыспен қамтуға, еңбек дағдыларын дамытуға, экологиялық тәрбиелеуге және өскелең ұрпақ арасында патриотизмді арттыруға бағытталған. Қозғалыс жыл сайын туған жерінің көркеюіне үлес қосуға дайын мыңдаған жас қазақстандықтарды біріктіріп, қанатын кеңінен жаюда.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы әлеуметтік маңызы бар жобаларға белсенді қатысып, студенттік инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып жүрген бастамашыл әрі бейжай қарамайтын студенттерімен мақтанады.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025