Жиенбай Жырау Дүзбенбетұлының 155 жылдығына арналған «Жыр иесі – ЖИЕНБАЙ» атты концерт өтті
18 қазан 2019
Ағымдағы жылдың 17 қазан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында «Халық әні» кафедрасының ұйымдастыруымен, Сыр өңірі жыраулық мектебінің үлкен тармағы – Жиенбай мектебінің негізін қалаушы Жиенбай Жырау Дүзбенбетұлының 155 жылдығына арналған «Жыр иесі – ЖИЕНБАЙ» атты концерт өтті.
Жыр кешіне елімізге танымал жыраулар Бидас Рустембеков, Арнұр Көшенеев, Берік Саймағамбетов, Ұлжан Байбосыноваларға қоса туыстас өзбек елінің халық бахшылары Әбдіназар Поянов, Мұхаммад Ешбоев, Қарақалпақстандық Гүлнар Алламбергенова мен Гүләйім Өтешова және Башқұртстаннан келген қонағымыз Ильгам Байбулдиндер қатысты. Сонымен қатар Тұрар Айдос, Әлішер Мырзағалиев, Ерсейіт Әлиев сынды текті өнер иелері де бар.
Бабалардан қалған жүйелі сөзді жеткізіп, халқымызды рухани сусындатып жүрген өнерпаздар консерватория ректоры Арман Жүдебаевтың атынан алғыс хаттармен марапатталды!

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025