Menu HELPDESK

Жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз

Бүгінгі консерваториямыздың үлкен концерт залында өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне тапсырған мемлекеттік наградаларына лайықты  болған қуаныш иелері қатарында консерваториямыздың қызметкерлері де бар.

Атап айтқанда, І дәрежелі «Барыс» орденіне консерваториямыздың профессоры, КСРО Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, «Құрмет» орденіне консерваториямыздың диссертациялық кеңесінің төрайымы, өнертану ғылымының докторы, академик Күзембай Сара Әділкерейқызы, «Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері» атағына профессор Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы, «Ерен еңбегі үшін» медаліне доценттер Әбдірашев Бақтияр Төлепбергенұлы, Бердібай Айжан Рахманқұлқызы ие болды. Консерватория ұжымы марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградаларымен шын жүректен құттықтап, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілейді.










Альбомдарға оралу