Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Гобой музыкасының кеші
Гобой музыкасының кеші

2023 жылдың 13 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ф. Шопен атындығы камералық залында Профессор Т. Қ. Нұралы және оқытушы А. Ж. Сағымбаеваның сыныптық концерті өтті.

14 наурыз 2023
«Evening saxophone» атты концерт өтті
«Evening saxophone» атты концерт өтті

2023 жылдың 13 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында «Үрмелі және ұрмалы спаптар» кафедрасының аға оқытушысы Сафонов Андрейдің «Evening saxophone» атты сыныптық концерті өтті.

14 наурыз 2023
Консерваторияға Испан елінен қонақтар келді
Консерваторияға Испан елінен қонақтар келді

2023 жылдың 13 наурызында Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында CONSERVATORIO SUPERIOR DE MÚSICA DE VIGO (Виго, Испания) – Виго музыкалық консерваториясының өкілдері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына арнайы іссапармен келді. Испаниялық музыканттар алдағы бір апта ішінде консерватория білім алушыларына шеберлік-сыныптарын өткізбек.

13 наурыз 2023
«Жемқорлық – індет, жою – міндет» электронды көрмесі
«Жемқорлық – індет, жою – міндет» электронды көрмесі
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі «Жемқорлық – індет, жою – міндет» атты электронды көрме дайындады.
    Көрмеде Қазақстан Республикасының нормативтік актілері, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, осы құбылыспен күресу үшін мемлекет қабылдайтын шаралар туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар ұсынылған.
Көрмемен онлайн форматта ҒАКҚ электронды кітапханасында – «Виртуалды көрме» бөліміндегі «Бас мәзір» бөлімінен мына сілтеме бойынша танысуға шақырамыз: http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385
12 наурыз 2023
Фортепианолық музыка кеші өтті
Фортепианолық музыка кеші өтті

2023 жылдың 10 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ  ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы концерт залында  Халықаралық конкурстардың лауреаты Ақышбекова Лейланың фортепианолық музыка кеші өтті.

11 наурыз 2023
Фаготқа арналған музыка кеші
Фаготқа арналған музыка кеші

2023 жылдың 9 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында аға оқытушы Н. А. Айғалқаев сыныбының «Фаготқа арналған музыка кеші» атты концерті өтті.

10 наурыз 2023
Алматыда қазақ балет театры туралы дәріс өтеді
Алматыда қазақ балет театры туралы дәріс өтеді

2023 жылдың 16 наурызында Алматыда Qazaq Ballet креативті зертханасының бастамасымен және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен ЮНЕСКО-ның Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясының қолдауымен «Өнер тәрбиесі» циклынан Дамир Оразымбеттің «Қазақ балет театры: 90 жылдық тарих» атты қорытынды авторлық дәрісі өтеді. Көрермендер сирек кездесетін бейнефрагменттер мен фотосуреттерді көріп, әртістердің тосынсыйлары және қазақ балеті туралы ең қызықты сұрақтарға жауап ала алады.

10 наурыз 2023
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша консерватория студенттері Краковтағы музыка академиясына жіберілді
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша консерватория студенттері Краковтағы музыка академиясына жіберілді

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан 2023 жылдың 13 ақпаны мен 2023 жылдың 17 маусымы аралығында Краков (Краков қ., Польша) музыка академиясына оқуға студенттер жіберілді. Барлық шығындар студенттердің жеке қаражаты есебінен өтеледі.

10 наурыз 2023
Консерватория студенті «Жастар саясатының үздігі» төсбелгісіне ие болды
Консерватория студенті «Жастар саясатының үздігі» төсбелгісіне ие болды
«Арт-менеджмент» кафедрасының 2-курс студенті Аубакирова Анель Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазакстан халқына арналған жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық байқауына қатысып І дәрежелі дипломмен және «Жастар саясатының үздігі» атты төсбелгімен марапатталды.
9 наурыз 2023