Консерватория жаңалықтары

Суицидке қарсы алдын-алу шаралары бойынша студент жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, психологиялық лекция өткізілді. Студенттердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелерінің бірі, сол себептен суицидтік әрекетті алдын алу үшін психопрофилактикалық, диагностикалық және коррекциялық, жұмыстар жүргізілді.
Семинарға арнайы психолог мамандар, студенттер, студенттік ұйымдардың өкілдері қатысты.


2022 жылы 11 қараша күні консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Арт-менеджмент» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Hassak» этно-фольклорлық тобының концерті өтті.



2022 жылдың 18-22 қарашасы аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында V халықаралық камералық музыка фестивалі өтеді. Бұл фестиваль Алматы шаһарының мәдени өміріндегі маңызды әрі қызықты оқиғаның бірі болмақ.


2022 жылдың 8 қарашасында консерваторияның А.Жұбанов атындағы кіші концерт залында «Арнайы фортепиано» кафедрасы Халықаралық пианистер күніне арналған концерт өткізді.

2022 жылдың 7 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақ ұлттық өнер университеті «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану ғылымының кандидаты Байбек Айгүл Қыдырғалиқызының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Этносольфеджио» курсының оқулықтары мен монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.