Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Бірінші курс онкүндігі» : КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ
«Бірінші курс онкүндігі» : КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ
2022 жылдың 17 қазаны мен 25 қарашасы аралығында кітапханада студенттердің, кешегі талапкерлердің жаңа өмірге бейімделуіне көмектесетін дәстүрлі «Бірінші курс онкүндігі» өтті.
Кітапхана құрылымы мен пайдалану ережелері, жұмыс режимі туралы ақпарат берді. Студенттер электрондық каталог және RILM, Web of Science, Scopus, Science Direct мәліметтер базасымен танысты. Жиынға қатысушылар қойылған сұрақтар бойынша толық ақпарат алды.
28 қараша 2022
Сұлу әнді көкке шалқытқан
Сұлу әнді көкке шалқытқан

2022 жылдың 25 қарашасында Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Халық әні» кафедрасының 35 жылдығына орай Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, әнші-ұстаз Стамғазы Рамазан Өмірәліұлының «Шалқы көкке сұлу ән» атты шығармашылық кеші өтті.


26 қараша 2022
Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған «Ұстазға арнау» концерті өтті
Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған «Ұстазға арнау» концерті өтті

2022 жылдың 25 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында Ғазиза Жұбанованың 95 жылдығына арналған «Ұстазға арнау» концерті өтті.

26 қараша 2022
Белгілі актриса Шәмшәгүл Меңдиярова консерватория студенттерімен кездесті
Белгілі актриса Шәмшәгүл Меңдиярова консерватория студенттерімен  кездесті
2022 жылы 23 қараша күні консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасы студенттерімен  Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Меңдиярова Шәмшәгүл Мырзабекқызымен  кездесу өтті.
24 қараша 2022
«Нәзік гүл» атты шығармашылық кеш өтті
«Нәзік гүл» атты шығармашылық кеш өтті

2022 жылдың 22 қарашасы күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында консерваторияның бітіруші түлегі, Республикалық конкурстардың лауреаты Ахметова Зеренің «Нәзік гүл» атты шығармашылық кеші өтті. Ұстазы: ҚР Халық артисі, профессор Ғалия Молдакәрімова.

23 қараша 2022
V Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті
V Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 2022 жылдың 18-22 қарашасы аралығына жоспарланған V Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті. Аталмыш шараның шымылдығын 18 қарашада консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Аспаптар тілдесуі» атты концерт ашқан болатын.

22 қараша 2022
Атақты күйші Ермек Қазиев консерваторияда қонақта
Атақты күйші Ермек Қазиев консерваторияда қонақта
Бүгін консерваторияның А. Жұбанов атындағы кіші залында «Домбыра» мамандығының 1-курс білім алушыларына профессор Т. Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты ашық сабағы өтті. 
22 қараша 2022
Дирижер Мүсілім Әмзе философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды
Дирижер Мүсілім Әмзе философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды

2022 жылы «21» қараша күні сағат Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6D040500 – Дирижерлеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсынылған Әмзе Мүсілім Балтабайұлының «Қазақстандағы дирижерлік өнер: қалыптасу тарихы мен даму кезеңдері» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация Құрманғазы атындағы ҚҰК «Дирижерлеу» кафедрасында орындалған.

22 қараша 2022
Дәстүрлі әнші, сазгер, музыка зерттеушісі Бағлан Бәбіжан философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды
Дәстүрлі әнші, сазгер, музыка зерттеушісі Бағлан Бәбіжан философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды
2022 жылы 21 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «6D040400 – Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ұсынылған Бәбiжан Бағлан Жолдасқызының «Жетісудың оңтүстік-батысындағы ән фольклорының қазіргі жағдайы» тақырыбында диссертация қорғауы өтті.
22 қараша 2022