Консерватория жаңалықтары
Бейресми білім беру

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы бейресми білім беру – ол:
- Қосымша білім беру бағдарламасы бойынша балаларды музыкаға үйрету;
- Ересектерді музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету;
- «Вокалдық өнер», «Аспаптық орындаушылық», «Дәстүрлі музыкалық өнер», «Дирижерлеу», «Музыкатану», «Композиция», «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби музыканттардың біліктілігін арттыру.

27 қыркүйек 2022
«Күміс білім беру»
Қоғамдық бағыттың жаңа талаптарының бірі – «Күміс білім беру».
Жалпы «Күміс білім беру» дегеніміз – өмір бойы білім алу мүмкіндігі, арнайы ұйымдастырылған түрлі шығармашылық қызмет түрлері жағдайында тұлғаның үнемі жан-жақты үйлесімді дамуы.
Жалпы «Күміс білім беру» дегеніміз – өмір бойы білім алу мүмкіндігі, арнайы ұйымдастырылған түрлі шығармашылық қызмет түрлері жағдайында тұлғаның үнемі жан-жақты үйлесімді дамуы.
27 қыркүйек 2022
Профессор Сәуле Өтеғалиеваның шеберлік сыныбы өтті

Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының докторы Сәуле Ысқаққызы Өтеғалиева «Қазіргі кезеңдегі музыка өнеріндегі магистрлік диссертация: орындау талаптары мен шарттары» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Оған музыкатанушылар, академиялық дәрежесі бар орындаушылық мамандықтардың оқытушылары, сондай-ақ консерватория магистранттары мен студенттері қатысты. Қатысушылар тақырыпқа кәсіби қызығушылық танытып, тың ақпараттарға қанық болды.
26 қыркүйек 2022
«БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» АТТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

21 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында 2022-2023 оқу жылындағы 1-курс студенттеріне арналған «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты кураторлық сағат өтті.
21 қыркүйек 2022
Студенттеріміз әлем сахнасында өнер көрсетті

Жақында Грузия мемлекетінің Цинандали елдімекенінде халықаралық «Tsinandali Festival 2022» атты классикалық музыка фестивалі өтті.
20 қыркүйек 2022
«SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі консерваторияда қонақта
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камералық залында профессор Төлепберген Тоқжановтың «Домбыра» мамандығының 1-курс білім алушыларына арналған «Орындаушылық өнер тарихы» атты сабағы өтті.
20 қыркүйек 2022
Халықаралық ағаш үрлемелі аспаптар академиясы өтпек

Алматыда 30 қазан мен 11 қараша аралығында Халықаралық ағаш үрлемелі аспаптар академиясы өтеді.
Қатысу және өтінім берудің шарттары жөніндегі ақпаратты Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың сайтынан табуға болады.
Batyr.foundation
Қатысу және өтінім берудің шарттары жөніндегі ақпаратты Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың сайтынан табуға болады.
Batyr.foundation
19 қыркүйек 2022
«Жаңару көкжиектері» тақырыбында кураторлық сағат өтті

14 қыркүйек күні Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы Ешмұханов өнер-білім ордасының білім алушыларына «Жаңару көкжиектері» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
15 қыркүйек 2022
Консерваторияда Арт-менеджмент тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек

2022 жылғы 29–30 қарашада Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Алматы, Қазақстан) «Қоғамды жаңғырту стратегиясындағы Арт-менеджмент: сын-қатерлер, тәжірибелер, кадрлар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Өнердегі менеджмент тақырыбын қозғайтын жиында негізгі үш бағыт бойынша түрлі мәселелерді кеңінен талқылау көзделіп отыр:
14 қыркүйек 2022
Қабылдау 2025