Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Жанын әуенмен тербеткен ұстаз!» атты музыкалық кеш өтті
«Жанын әуенмен тербеткен ұстаз!» атты музыкалық кеш өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында  «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Айжан Жолмұхамедованың мерейтойына арналған «Жанын әуенмен тербеткен ұстаз!» атты музыкалық кеш өтті.
7 қыркүйек 2022
«Кредиттік оқу технологиясы» атты кураторлық сағат өтті
«Кредиттік оқу технологиясы» атты кураторлық сағат өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші концерт залында 2022-2023 оқу жылындағы 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті. Жалпы кураторлық сағат «Кредиттік оқу технологиясы» тақырыбында өрбіді.
7 қыркүйек 2022
Президент жолдауы – ел дамуына серпін беретін маңызды құжат
Президент жолдауы – ел дамуына серпін беретін маңызды құжат
Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауын арнады. Еліміздің даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжатты консерватория басшылығы арнайы тыңдады.
1 қыркүйек 2022
Ректор бірінші курс студенттерін білім күнімен құттықтады
Ректор бірінші курс студенттерін білім күнімен құттықтады
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында 1-қыркүйек – Білім күніне орай консерваторияның табалдырығын алғаш аттаған студенттерге арналған білім ордасы басшылығының құттықтау рәсімі және мерекелік концерт өтті.  Салтанатты жиынның шымылдығын консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы құттықтау сөзімен ашты.
1 қыркүйек 2022
Консерватория ректоры «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында баспасөз конференциясына қатысты
Консерватория ректоры «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында баспасөз конференциясына қатысты
Бүгін ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында Баспасөз конференциясы өтті. ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрайымы Кәрібжанова Роза Самидоллақызы және еліміздегі шығармашылық бағытта кәсіби білім беретін жоғары оқу орындарының басшылары атсалысқан басқосуға консерваториямыздың ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы да қатысты. Конференция тақырыбы «Мәдениет және өнер саласындағы ЖОО оқытушыларының айлығын көтеру туралы» болды. Жиынға қатысушы БАҚ өкілдері, онлайн қосылған азаматтар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
31 тамыз 2022
Консерваторияда бірқатар құрылымдық бөлімдердің басшылары ауысты
Консерваторияда бірқатар құрылымдық бөлімдердің басшылары ауысты
Бүгін Құрманғазы атындағы ҚҰК-да өткен Ғылыми кеңес отырысында ұжым басшысы бірқатар факультет және кафедра басшыларының ауысатынын хабарлады. Консерватория ректоры А. Жүдебаевтың 2022-2023 оқу жылына факультет декандары мен кафедра меңгерушілерін тағайындау туралы бұйрығына сәйкес, «Халық музыкасы» факультетінің деканы Ержан Ерболатұлы Жәмеңкеев өз өтініші бойынша атқарып отырған лауазымынан босатылып, оның орнына факультет деканы етіп профессор Төлепберген Тоқжан, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы Жанар Толқымбекқызы Мүсәпірованың орнына доцент, PhD докторы Айжан Ісләмқызы Бекенова тағайындалды.
27 тамыз 2022
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынады! UMAI ұлттық сыйлығы
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұсынады! UMAI ұлттық сыйлығы
Мәдениет және спорт министрлігі отандық ұжымдар мен мәдениет, өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін одан әрі дамыту, дәріптеу мақсатында тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығын тағайындап отыр.
26 тамыз 2022
Ғылым және жоғары білім - 2022 форумы өз жұмысын бастады
Ғылым және жоғары білім - 2022 форумы өз жұмысын бастады
Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы тамыздың 24-25 күндері «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» тақырыбында Ғылым және жоғары білім-2022 форумы өтіп жатыр. Республикалық форумға консерваториямыздың ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы мен Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы қатысуда.
24 тамыз 2022
Халық қалаулылары консерваторияда қонақта
Халық қалаулылары консерваторияда қонақта
Бүгін, 2022 жылғы тамыздың 22 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы Мәжіліс депутаты Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаевпен және Алматы қалалық мәслихатының депутаты Алмат Тұрысбекұлы Қодасбаевпен кездесті.
Жүздесу барысында Мәжіліс депутаты елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға тоқталып, жиналған қауымды өз тарапынан Үкіметке жасаған ұсыныстарынан хабардар етті. Содан кейінгі әңгіме сұрақ-жауап түрінде өрбіп, консерватория ұжымы көкейлерінде жүрген, түйткілді мәселелерін ортаға салып, «жоғары билікке жеткізілсе» деген сұрақтары мен өтініштерін халық қалаулысының назарына ұсынды. Депутат өз кезегінде айтылған әрбір мәселені түртіп алып, құзырлы орындарға жеткізуге барынша күш салатынын айтты. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы еліміздегі қалыптасып отырған әлеуметтік-экономикалық ахуалды ескеріп, сөз етілген мәселелердің әп-сәтте шешіле қалмайтынын ескертіп, сабырлы болуға шақырды.

22 тамыз 2022