Консерватория жаңалықтары
Ректор студенттермен кездесті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы студенттермен кездесті. Консерваторияның үлкен концерттік залында өткен жиынды Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы бастаған Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырды.
2 наурыз 2022
Кураторлық сағат аясында ректор студенттермен кездесті
2022 жылдың 2 наурызында кураторлық сағат аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлының студенттермен кездесуі өтті.
Бұл кураторлық сағатта ректор студенттердің өтініштерін қабылдап, ұсыныстарына жауап берді. Сондай-ақ, консерваторияның қоғамдық, әлеуметтік және шығармашылық өміріне белсене атсалысып, білім ордасында терең білімі мен біліктілігін танытып, оқу ісіне және консерваторияның студенттік ұйымдастырушылық жұмыстарына зор үлес қосып жүрген білім алушылармен консерваториямыздың мерейін үстем етіп, лауреат атанған студенттерімізге ұжым атынан ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар, өнер-білім ордасының оқу-тәрбие үдерісінде студенттермен ерекше белсенді жұмыс жасап жүрген «Жастар ісі жөніндегі комитет», «G-Force», «Қайырымдылық әуені», «Жатақхана студенттік кеңесі», «Дебют» секілді студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен және жетекшілерімен танысып, оларды да жасаған еңбектері үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

БАКУ МУЗЫКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ «МУЗЫКАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

БАКУ МУЗЫКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНА – 100 ЖЫЛ!
БАКУ МУЗЫКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МЕКТЕП-СТУДИЯСЫНА 40 ЖЫЛ!
«МУЗЫКАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ-БАЙҚАУЫ
ПӘНДЕР ЖӨНІНДЕГІ ЛЕКТОРЛАРДЫҢ АШЫҚ САБАҚТАР БОЙЫНША АТАУЛАРЫ:
МУЗЫКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ӨНЕР, МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫ
1 МАУСЫМ – 30 МАУСЫМ, 2022
(ПО ВИДЕО)
Алқа төрағасы – Фархад БАДАЛБЕЙЛИ
Жоба авторы – Тарлан СЕИДОВ
Арыз берудің соңғы мерзімі: 30 сәуір, 2022 жыл
Шарттар мен талаптар: https;//www.musicacademy.edu.az
Tel: (+994 12) 493-19-17;
(+994 12) 598-01-94
E-mail: musicstudiobaku#hotmail.com

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЛЕЙТА АКАДЕМИЯСЫ ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

Халықаралық флейта академиясы, Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қор мен Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен, 2022 жылдың 2-6 сәуірі күндері аралығында Алматы қаласында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының негізінде өтеді. Өтініштер 2022 жылдың 16 наурызына дейін қабылданады. Академия 7 жастан бастап флейта бойынша сыныпта оқитын оқушылар мен студенттер және кәсіби орындаушылар (жасы шектеусіз) үшін ашық.
2 наурыз 2022
«Қос ішек» VІІ Республикалық дәстүрлі күйшілер байқауында консерватория студенті жеңімпаз атанды

28-ақпанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Қос ішек» деген атпен VІІ Республикалық дәстүрлі күйшілер байқауы өтті. Әр өңірден келген өнерпаздар сайысқа түскен өнер додасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Домбыра» мамандығында оқитын 3-курс студенті Бибіт Темірхан қарсыластарына дес бермей, жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Ұстазы «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы Динара Нұрбаева.
Жеңімпаз студентіміз бен ұстазына шын жүректен құтты болсын айтып, шығармашылық табыстар тілейміз!
Жеңімпаз студентіміз бен ұстазына шын жүректен құтты болсын айтып, шығармашылық табыстар тілейміз!
1 наурыз 2022
Консерватория оқытушыларына ағылшын тілін үйренуге арналған таптырмас мүмкіндік!

Консерватория ұстаздарына ағылшын тілін үйренуге арналған таптырмас мүмкіндік туды.
1 наурыз 2022
Құрметті оқытушылар мен білім алушылар!

Сіздерді Болашақ бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы хабардар етеміз. Құжаттарды тапсыру ережелерін сілтемеге өтіп, қарай аласыздар: https://bolashak.gov.kz/kz/zhattardy-tapsyru-erezheli
1 наурыз 2022
1-9 мамыр аралығында КСРО Халық артисі Ғазиза Жұбанованың 95-жылдық мерейтойына арналған I Халықаралық «GAZIZА» орындаушылар байқауы өтеді

1-9 мамыр аралығында көрнекті қазақ композиторы, қоғам қайраткері, профессор, КСРО Халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғазиза Жұбанованың 95-жылдық мерейтойына арналған I Халықаралық «GAZIZА» орындаушылар байқауы өтеді.
28 ақпан 2022
Консерватория ректоры италиялық қонақтармен келіссөз жүргізді
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы мен Италия елінің Перуджа қаласынан келген Морлакки Опера Академиясының президенті Даниэле Тирилли ынтымақтастық орнатуға бағытталған екіжақты келіссөздер жүргізді.
25 ақпан 2022
Қабылдау 2025