Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерваторияда министрдің қатысуымен салтанатты жиын өтті
Консерваторияда министрдің қатысуымен салтанатты жиын өтті
Бүгін еліміздегі ұлттық дәстүрлі өнер мен еуропалық классика өнерін ұштастырып, айрықша музыка феноменін қалыптастырған көшбасшы шығармашылық жоғары оқу орны – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ерекше, салтанатты жиын өтті. Өнер шаңырағының Үлкен концерт залына белгілі композитор Еркеғали Рахмадиев есімінің берілу салтанаты көктемгі Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келді.
Осындай мерейтойлы күнге және Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесінің қарсаңына дөп келген салтанатты жиынға композитор Еркеғали Рахмадиевтің зайыбы Клара апайымыз, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев пен вице-министр Нұрғиса Мұратұлы Дәуешов, қазақтың өнер корифейлері – Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжанов және қаламыздағы іргелі өнер ордаларының басшылары қатысты.
19 наурыз 2022
Консерваторияда түлектер қауымдастығы өз жұмысын бастады
Консерваторияда түлектер қауымдастығы өз жұмысын бастады
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өз түлектерін өнер-білім ордасының Түлектер қауымдастығына тіркеліп, бірлестік жұмыстарына белсене атсалысуға шақырады. Консерватория сайтындағы «Біз туралы» бөлімнің ішінен «Түлектер қауымдастығы» атты бөлімше ашылып отыр.
17 наурыз 2022
Консерватория ұжымы Президент жолдауына қолдау танытты
Консерватория ұжымы Президент жолдауына қолдау танытты
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы консерватория ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Қазақстан халқына арналған Жолдауын тыңдады.
16 наурыз 2022
1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағаты өтті
1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағаты өтті
2022 жылдың 16 наурызында құмар ойындар мен қаржы пирамидасына қарсы кураторлық сағат өтті.
16 наурыз 2022
Өнер-білім ордасында 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті
Өнер-білім ордасында 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1-курс студенттеріне арналған «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты тақырыпта діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кураторлық сағат ұйымдастырылды.
9 наурыз 2022
«Мәдениет пен өнердің өр тұлғасы – Дүйсен Құрабайұлы 75 жаста» атты виртуалды кітап көрмесі
«Мәдениет пен өнердің өр тұлғасы – Дүйсен Құрабайұлы 75 жаста» атты  виртуалды кітап көрмесі
Құрметті оқырмандар!
    Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлының еңбегі мен шығармашылығына арналған «Мәдениет пен өнердің өр тұлғасы – Дүйсен Құрабайұлы 75 жаста» атты  виртуалды кітап көрмесін дайындады.
    Көрмеге кәсіби скрипкашы, ғалым, өнер мен мәдениеттің жанашыры, қоғам қайраткері, 1987-1997 жж. аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры қызметін атқарған  Д.Қ.Қасейіновтың ҚҰК Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметінде сақталған ғылыми еңбектері, газет-журнал беттеріне жарияланған мақалалары мен сұхбаттары туралы ақпараттар жинақталған.
    Көрмеге қойылған құжаттармен Құрманғазы атындағы КҰК конференц- залында таныса аласыздар және сілтеме арқылы танысуға болады:   http://185.217.181.84:8087/JIrbis2/index.php?option=com_irbis&view=irbis&Itemid=385
9 наурыз 2022
Консерватория ұжымы нәзік жандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады!
Консерватория ұжымы нәзік жандыларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады!
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы бастаған қызметкерлер өнер-білім ордасының аруларын шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтап, Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залда мерекелік іс-шара өткізді.
4 наурыз 2022
Консерваторияның А.Жұбанов атындағы кіші залында қайырымдылық концерт өтті
Консерваторияның А.Жұбанов атындағы кіші залында қайырымдылық концерт өтті
Бүгін консерваториямыздың А.Жұбанов атындағы кіші залында Алматы қаласы Алмалы ауданы ардагерлеріне арналған қайырымдылық концерті өтті. Концертті консерваториямыздың концерттік-шығармашылық қызметі ұйымдастырды.

Қайырымдылық кешінде консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы 1-наурыздағы Алғыс күніне орай қоғамның дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге алғыс айтып, ардагер әйелдерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ өнер-білім ордасының басшысы мұндай шараларды жиі ұйымдастырып отыруға ниет білдірді. 200-ге жуық ардагер қатысқан, Алмалы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылған шарада Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Әмірханов Жақсыбек Нұртазаұлы сөз алып, ұйымдастырушыларға ізгі тілегін білдірді. Концерттік кеште консерватория студенттері ән салып, күй тартып, түрлі аспаптарда әуезді шығармалар орындап, жиналған көрермендердің көңілін көтеріп, қошеметтеріне бөленді.
3 наурыз 2022
«Арт-менеджмент – үшінші мыңжылдықтың ғылымы» тақырыбында семинар өтті
«Арт-менеджмент – үшінші мыңжылдықтың ғылымы» тақырыбында семинар өтті
2022 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы ҚҰК конференц-залында «Арт-менеджмент – үшінші мыңжылдықтың ғылымы» (Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның «Арт-менеджмент» ББ стратегиясы туралы мәселеге орай) тақырыбында семинар өтті. Семинарға консерваторияның декандары, кафедра меңгерушілері және ОПҚ шақырылды.
Спикер ретінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, БАҚ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, өнертану ғылымының кандидаты, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі С.С. Қалиев шақырылды.
Өз баяндамасында спикер жаңа білім бағдарламасын таныстырды. Онда арт-менеджмент білім беру тұжырымдамасының басымдыққа ие бағыттары, сондай-ақ осы заманғы еңбек нарығының талаптарына сай келетін соны кәсіби біліктіліктері көрсетілген. Автордың өзінің ғылыми-зерттеушілік базасының БАҚ саласындағы көп жылғы өндірістік-практикалық тәжірибесімен ұштасқан ойларының негізінде жасалған баяндаманың сапалық мазмұны аудиторияның шынайы қызығушылығын туғызды.  
Басқосуда Қазақстандағы арт-менеджмент, продюсерлік институттың қалыптасуы, арт-нарықтың осы заманғы экономиканың маңызды бөлшегі ретінде құрылу мәселелері де сөз болды.
3 наурыз 2022