Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерваторияда Президент Қ.К.Тоқаевтың үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті
Консерваторияда Президент Қ.К.Тоқаевтың үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті
2022 жылдың 20 қаңтар күні сағат 15.00-де ZOOM платформасында Құрманғазы атындағы ҚҰК  ӘГП кафедрасының бастамасымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында халыққа жасаған үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Онлайн жиын барысында ӘГП кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Т.М. Сатыбалдина, аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қ.К.Матжанова баяндама жасады. Олар елімізде орын алған қайғылы оқиғалардан кейін, дағдарысты тудырған мәселелерді шешу үшін Президент ұсынған нақты іс-шаралар кешенінің мәні мен мазмұнына талдау жасады.  Сонымен қатар, жиында сөз алған «Қобыз және баян» кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Ә.Қосбасаров және «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) А.Р.Бердібай ел тарихындағы ең күрделі кезеңнен өту Президентіміздің дер кезінде дұрыс шешім қабылдауы негізінде мүмкін  болғанын және де ресми билік тарапынан жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің маңыздылығы туралы айтты. Іс-шара барысында пікір білдіргендер де «Қайғылы қаңтар» оқиғасын қарастыра отырып, ел бірлігін, мемлекеттің тұрақтылығын сақтау ең басты міндет екеніне тоқталды.  
Дөңгелек үстелдің жұмысына консерваторияның профессор-оқытушы құрамы толығымен қатысты және Мемлекет басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыру, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту бағытындағы барлық бастамаларын қолдайтындарын мәлімдеді.
21 қаңтар 2022
Мәскеуде өткен «MUSIC PROSPECT» байқауында консерватория студенті лауреат атанды
Мәскеуде өткен «MUSIC PROSPECT» байқауында консерватория студенті лауреат атанды
2021 жылдың желтоқсан айының соңында Мәскеуде «MUSIC PROSPECT» VI Халықаралық орындаушылық өнер байқауы өтті. Аталмыш додада консерваториямыздың «Аспаптық орындаушылық» факультетiне қарасты «Классикалық гитара» мамандығының 2-курс студенті Қуат Беназир I дәрежелі дипломға ие болып, лауреат атанды. Ұстазы – ҚР композиторлар одағының мүшесі, Алматы гитара ассоциациясының төрағасы Ким Геннадий Сергеевич. Сондай-ақ, Беназир International center of knowledge, science and sport «Genius» ұйымы атынан «ТМД-ның үздік студенті» ретінде «Жас Қыран» кітабына енді.
Айта кетейік, консерваторияның «Iшектi аспаптар» кафедрасында «Классикалық гитара» мамандығының ашылғанына небәрі 2 жыл ғана болды. Осындай қысқа мерзім ішінде атаулы мамандық студенттері өз жетістіктерімен көзге түсуде.
Консерватория ұжымы студентімізді және оны дайындағаны үшін Мақтау қағазына ие болған ұстазын халықаралық додадағы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
14 қаңтар 2022
Президентіміз Парламент Мәжілісі отырысында халыққа үндеу жасады
Президентіміз Парламент Мәжілісі отырысында халыққа үндеу жасады
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында жаңа үкімет басшысын тағайындап, халыққа үндеу жасады. Қазіргідей жауапты кезеңде Мемлекет басшысы елде тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық саясатта түбегейлі өзгерістер жасауға бағытталған кешенді тапсырмаларын жариялады.
11 қаңтар 2022
Бір-бірімізге қуаныш сыйлай жүрейік!
Бір-бірімізге қуаныш сыйлай жүрейік!
Міне, соңғы бірнеше жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы балалар мен қарттарға арнап жаңа жылдық ертегі тарту етіп келеді. Әр жыл сайын қойылымдар мен концерттердің бағдарламалары алуан түрлі болып, балалардың сүйікті кейіпкерлерімен қоса жаңа ертегілердің де батырлары оларға қуаныш пен қызықты сәттер сыйлап, қарт көрермендердің көңілдерін көтеріп, жүректерін жылулыққа бөлеп жүр. Режиссер Диана Әкімбаева, концертмейстер Гүлнар Жидилова және дирижер Аршат Шарипов бастаған консерватория студенттері мен Қазақ ҰОБТ артистерінің қатысуымен өткен биылғы жаңа жылдық ертегіміз де өз көрермендерін тапты. «Солнышко» балалар мен қарттар және мүгедектер үйінде ұсынылған И.Морозованың  музыкасына  қойылған «Золотой ключик» ертегісі олар үшін есте қаларлық үлкен уақиға болды. Қойылымды тамашалаған көрермендер мен орталық ұжымы ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бір-бірімізге қуаныш сыйлай жүрейік! Жаңа жыл тек қуанышы мен жақсылығы мол жыл болсын!
2 қаңтар 2022
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛТЫН ОЛИМП» БАЙҚАУЫ (РЕСЕЙ) ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛТЫН ОЛИМП» БАЙҚАУЫ (РЕСЕЙ) ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ
Жаңа жыл қарсаңында Құрманғазы атындағы ҚҰК қоржыны тағы бір марапатпен толықты. VIII Халықаралық "Алтын Олимп" байқауы (Ресей) осы жылдың қорытындысын шығарды, байқауға қатысушыларға марапаттарын беріп, олардың болашақта бұдан өзге де жеңістерге жетуге деген құштарлығын оятты.    
31 желтоқсан 2021
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСҚАН КОНСЕРВАТОРИЯ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕМЕН ТОЛЫҚТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСҚАН КОНСЕРВАТОРИЯ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ БІР ЖҮЛДЕМЕН ТОЛЫҚТЫ
Консерваторияның «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының студенттері Уфа қаласында (Башқұртстан, РФ) Т.А. Докшицердің туғанына 100 жыл толуына орай Үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың ІІІ Халықаралық интернет-байқауында лауреат атанды.
Байқаудың ұйымдастырушысы – Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты.
Байқаудың мақсаттары мен міндеттері: классикалық үрмелі музыкалық мұра мен ұлттық және әлемдік музыка мәдениетінің дәстүрлерін сақтау, дамыту әрі танымал ету; балаларды, жастарды, оқытушылар мен музыка әуесқойларын музыкалық орындауға кеңінен тарту; дарынды жастарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби шеберлігін жетілдіру; білім беру мекемелері оқытушыларының арасында үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындау саласында тәжірибе алмасу.
    Ересектер тобында "Ағаш үрмелі аспаптар" аталымымен ІІ дәрежелі лауреат атанғандар: Андрейкин Самуил (саксофон), ұстазы – Шубин Игорь Юрьевич, концертмейстер – Скрипченко Елена Анатольевна және Маликов Ғазиз (саксофон), ұстазы – Сафонов Андрей Валерьевич, Концертмейстер – Скрипченко Елена Анатольевна.
    ІІІ дәрежелі лауреаттар – Есенгел Даулетияр (саксофон), ұстазы – Иманбаев Азамат Қапыханұлы. Концертмейстер – Скрипченко Елена Анатольевна.
Дипломант – Майлы Нұржан (гобой), ұстазы – Сағымбаева Айман Жұмабайқызы. Концертмейстер – Ысқақова Динара Болатқызы.
    "Ұрмалы аспаптар" аталымында ІІІ дәрежелі лауреаттар Файзулла Расулла, ұстазы – Ботабаев Қанат Тұңғышбайұлы. Концертмейстер – Ысқақова Динара Болатқызы.
    Халықаралық байқауда лауреат атанған консерватория студенттерін шын жүректен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар тілейміз!

29 желтоқсан 2021
КОНСЕРВАТОРИЯНЫҢ БІРҚАТАР СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ҰСТАЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ
КОНСЕРВАТОРИЯНЫҢ БІРҚАТАР СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ҰСТАЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ
Құрманғазы атындағы ҚҰК "Ағаш аспаптарының квинтеті" ұжымы өз жетістіктерімен рекордтар кітабына (Қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамалық) енді.
Жуырда "Тұран" университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған КИНЭС – 2019-2021 Қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамалығының тұсаукесері өтті. Бұл – Қазақстандағы түрлі қоғамдық құбылыстар мен оқиғалардың қалыптасу бастаулары, түрлі рекордтар, қазақстандықтардың жетістіктері жазылған Қазақстандағы алғашқы кітап.
Аталған іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының "Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті" ұжымының құрамындағы барлық қатысушылар (жетістіктері кітапқа түскен) шақырылды. Атап айтсақ:
Ерманов Жанат Рахметоллаұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының профессоры;
Халық Дәуір – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 1-курс магистранты;
Малимбаева Құралай – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 4-курс студенті;
Қадырбеков Санжар – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 4-курс студенті;
Омарова Ақерке – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 3-курс студенті;
Жоғарыда атттары аталған консерватория профессоры мен студенттері жетістіктерінің Қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамалық рекордтар кітабына енуімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен бұдан да жоғары биіктерді бағындыруын тілейміз!
29 желтоқсан 2021
Консерватория студенті «Қоғам белсендісі – үздік көшбасшы-2021» төсбелгісімен марапатталды
Консерватория студенті «Қоғам белсендісі – үздік көшбасшы-2021» төсбелгісімен марапатталды

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қоғам белсендісі – үздік көшбасшы-2021» атты республикалық байқауға консерватория студенті Ермек Теміртайұлы Берекет қатысып, жеңімпаз атанды.

Ермек дипломмен қатар ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «Қоғам белсендісі – үздік көшбасшы-2021» төсбелгісімен марапатталып, куәлікке де ие болды.

Қуаныш иесінің марапатын оқу ордамыздың ректоры Арман Жүдебаев табыстап, жеңісімен құттықтады. Біз де байқау жеңімпазы атанған Ермек Берекетке өнер биігінде бағындырар белестері көп болуын тілейміз!


22 желтоқсан 2021
Студентіміз республикалық байқаудан жүлделі оралды
Студентіміз республикалық байқаудан жүлделі оралды
Жақында елордамызда өткен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды студенті» атты республикалық байқауда өнер ордамыздың студенті Ерланова Анель Ерланқызы үздіктер қатарынан табылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
20 желтоқсан 2021