Консерватория жаңалықтары
ҚЫМБАТТЫ СТУДЕНТТЕР!

«Өнер» бөлімі мамандықтар бойынша студенттер арасында өтетін жыл сайынғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауына қатысуға шақырамыз!
2 ақпан 2022
Консерватория ұжымы профессор Тамара Мұхамедиярқызын мерейтойымен құттықтады
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректоры Ғалия Зайнақұлқызы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Сатыбалдина Тамара Мухамедиярқызын мерейтоймен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
31 қаңтар 2022
Консерваторияға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ат басын бұрды
Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Абаев Дәурен Әскербекұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ат басын бұрып, білім ордасының жұмыс барысымен танысты.
28 қаңтар 2022
ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛБҰЛ ӘНШІСІНІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

Биыл қазақтың күміс көмей, жез таңдай әншісі, киелі Қызылорда облысы, Қазалы қаласының тумасы Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл.
26 қаңтар 2022
«Жатақханаға орналасу ережелерімен таныстыру» тақырыбында кураторлық сағат өтті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ZOOM платформасы арқылы 1-4 курс студенттеріне арналған «Жатақханаға орналасу ережелерімен таныстыру» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
26 қаңтар 2022
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдар әзірленді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған «Tilqural.kz», «Tilalemi.kz», «Balatili.kz», «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz», «Qujat.kz», «Tilmedia.kz», «Atau.kz», «Abai.institute» электронды порталдарын әзірледі.
Консерваториямыздың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін аталмыш электронды өнімдерді оқу процесінде қолдануға шақырамыз!!!
Порталдарға консерватория сайтында орналастырылған сілтеме арқылы өтуіңізге болады: http://77.245.105.165
Консерваториямыздың профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерін аталмыш электронды өнімдерді оқу процесінде қолдануға шақырамыз!!!
Порталдарға консерватория сайтында орналастырылған сілтеме арқылы өтуіңізге болады: http://77.245.105.165
25 қаңтар 2022
Консерваторияда Президент Қ.К.Тоқаевтың үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

2022 жылдың 20 қаңтар күні сағат 15.00-де ZOOM платформасында Құрманғазы атындағы ҚҰК ӘГП кафедрасының бастамасымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында халыққа жасаған үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Онлайн жиын барысында ӘГП кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Т.М. Сатыбалдина, аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қ.К.Матжанова баяндама жасады. Олар елімізде орын алған қайғылы оқиғалардан кейін, дағдарысты тудырған мәселелерді шешу үшін Президент ұсынған нақты іс-шаралар кешенінің мәні мен мазмұнына талдау жасады. Сонымен қатар, жиында сөз алған «Қобыз және баян» кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Ә.Қосбасаров және «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) А.Р.Бердібай ел тарихындағы ең күрделі кезеңнен өту Президентіміздің дер кезінде дұрыс шешім қабылдауы негізінде мүмкін болғанын және де ресми билік тарапынан жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің маңыздылығы туралы айтты. Іс-шара барысында пікір білдіргендер де «Қайғылы қаңтар» оқиғасын қарастыра отырып, ел бірлігін, мемлекеттің тұрақтылығын сақтау ең басты міндет екеніне тоқталды.
Дөңгелек үстелдің жұмысына консерваторияның профессор-оқытушы құрамы толығымен қатысты және Мемлекет басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыру, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту бағытындағы барлық бастамаларын қолдайтындарын мәлімдеді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына консерваторияның профессор-оқытушы құрамы толығымен қатысты және Мемлекет басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыру, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту бағытындағы барлық бастамаларын қолдайтындарын мәлімдеді.
21 қаңтар 2022
Мәскеуде өткен «MUSIC PROSPECT» байқауында консерватория студенті лауреат атанды

2021 жылдың желтоқсан айының соңында Мәскеуде «MUSIC PROSPECT» VI Халықаралық орындаушылық өнер байқауы өтті. Аталмыш додада консерваториямыздың «Аспаптық орындаушылық» факультетiне қарасты «Классикалық гитара» мамандығының 2-курс студенті Қуат Беназир I дәрежелі дипломға ие болып, лауреат атанды. Ұстазы – ҚР композиторлар одағының мүшесі, Алматы гитара ассоциациясының төрағасы Ким Геннадий Сергеевич. Сондай-ақ, Беназир International center of knowledge, science and sport «Genius» ұйымы атынан «ТМД-ның үздік студенті» ретінде «Жас Қыран» кітабына енді.
Айта кетейік, консерваторияның «Iшектi аспаптар» кафедрасында «Классикалық гитара» мамандығының ашылғанына небәрі 2 жыл ғана болды. Осындай қысқа мерзім ішінде атаулы мамандық студенттері өз жетістіктерімен көзге түсуде.
Консерватория ұжымы студентімізді және оны дайындағаны үшін Мақтау қағазына ие болған ұстазын халықаралық додадағы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
Айта кетейік, консерваторияның «Iшектi аспаптар» кафедрасында «Классикалық гитара» мамандығының ашылғанына небәрі 2 жыл ғана болды. Осындай қысқа мерзім ішінде атаулы мамандық студенттері өз жетістіктерімен көзге түсуде.
Консерватория ұжымы студентімізді және оны дайындағаны үшін Мақтау қағазына ие болған ұстазын халықаралық додадағы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.
14 қаңтар 2022
Президентіміз Парламент Мәжілісі отырысында халыққа үндеу жасады

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысында жаңа үкімет басшысын тағайындап, халыққа үндеу жасады. Қазіргідей жауапты кезеңде Мемлекет басшысы елде тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық саясатта түбегейлі өзгерістер жасауға бағытталған кешенді тапсырмаларын жариялады.
11 қаңтар 2022
Қабылдау 2025