Консерватория жаңалықтары
ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА! «ОНЛАЙН АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ»

Құрметті талапкерлер, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы сіздер үшін Фэйсбук әлеуметтік желісінде «Онлайн ашық есік күндерін» өткізбек. Төрт факультетке қарасты мамандықтар бойынша барлық сұрақтарға факультет декандары жауап береді. Өтетін уақыты мен парақша атауларын төмендегі афишалардан қараңыздар.
17 мамыр 2020
Ректор Арман Жүдебаев пен теле-радио жүргізуші Қымбат Досжан онлайн-сұхбат өткізбек

2020 жылдың 8 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев инстаграм желісінде тікелей эфирде онлайн-сұхбат береді. Сұхбатты Қазақ Радиосының бас редакторы, танымал теле-радио жүргізуші Қымбат Досжан. Әңгіме жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау тақырыбына арналмақ.
5 мамыр 2020
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Еуропа консерваториялары қауымдастығына қабылданды

2020 жылдың 4-мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Еуропа консерваториялары қауымдастығына мүшелікке қабылданды.
Еуропа консерваториялары қауымдастығы (ЕКҚ) – бұл 1953 жылы құрылған музыка саласындағы оқу орындарының мәдени-білім беру бірлестігі.
Еуропа консерваториялары қауымдастығы (ЕКҚ) – бұл 1953 жылы құрылған музыка саласындағы оқу орындарының мәдени-білім беру бірлестігі.
5 мамыр 2020
Ректордың "Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру" факультеті студенттерімен онлайн-кездесу өтпек

2020 жылдың 6 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаевтың «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің студенттерімен онлайн-кездесуі өтеді.
4 мамыр 2020
Ректордың "Халық музыкасы" факультеті студенттерімен онлайн-кездесуі өтпек

2020 жылдың 4-мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаевтың «Халық музыкасы» факультетінің студенттерімен онлайн-кездесуі өтпек.
30 сәуір 2020
ЖЕҢІМПАЗ СТУДЕНТТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында XXX Музыка өнері саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Халықаралық байқауы өтті.
30 сәуір 2020
Ресейдің бірнеше электрондық кітапханалары қашықтан қолдану мүмкіндігін берді

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының кітапханасына Ресейдің бірнеше электрондық кітапханалары қашықтан қолдану мүмкіндігін берді
13 сәуір 2020
Ұлттық тестілеу орталығының «Атамекен» ҰКП бірлескен ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІ өткізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығының «Атамекен» ҰКП бірлескен ТІКЕЛЕЙ ЭФИРІ өткізіледі. Сіздердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысты сұрақтарыңызға орталық директорының орынбасары Дидарбекова Наужан Әбдісатарқызы жауап беретін болады.
13 сәуір 2020
Қабылдау 2025