Консерватория жаңалықтары

2024 жылғы 14 ақпанда сағат 15:00-де конференц-залда консерваторияның оқытушылары мен докторанттары үшін «Жарияланымдар, ғылыми базалар және әлеуметтік желілер» ақпараттық сессия өтеді. Спикер – өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, Saryn журналының редакторы Дамир Оразымбетов.

2024 жылдың 6 ақпанында Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған камералық музыка концерті өтті.

«Музыкалық білім беру» ББ-ның 4-курс студенттері Талипова Дильбаргүл, Шерметова Данагүл және Биболат Ұлпан Ресейде өткен «Жастар және ғылым» - 2024 Халықаралық студенттік жұмыстар ғылыми-зерттеу байқауында жеңіске жетіп, 1 орынға ие болды.

2024 жылдың 5 ақпанында консерваторияның А. Жұбанов атындағы концерт залында Қазақстан альт мектебінінің негізін қалаушы, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері Яков Фудиманның 90 жылдығына арналған концерт өтті.




Венада (австрия) өткен халықаралық орындаушылар байқауының жеңімпаздары жарияланды