Консерватория жаңалықтары
2024 жылдың 14 ақпанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында кураторлық сағат аясында «Халықаралық отбасылық даму институты» мекемесінің президенті Базарбаева Ақбота Әлиханқызы өнер-білім ордасының студенттерімен кездесті.

2024 жылдың 13 ақпанында А.Жұбанов атындағы концерттік залда Фортепианолық музыка кеші өтті.


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай Айзада Нүсіпованың «Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы фортепианолық концерт (1940-2000 жылдар)» монографиясы жарық көрді. Монография Қазақстан композиторларының шығармашылығындағы фортепианолық концерт жанрының қалыптасуы мен эволюциясының негізгі үрдістеріне арналған.


2024 жылғы 14 ақпанда сағат 15:00-де конференц-залда консерваторияның оқытушылары мен докторанттары үшін «Жарияланымдар, ғылыми базалар және әлеуметтік желілер» ақпараттық сессия өтеді. Спикер – өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, Saryn журналының редакторы Дамир Оразымбетов.

2024 жылдың 6 ақпанында Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған камералық музыка концерті өтті.

«Музыкалық білім беру» ББ-ның 4-курс студенттері Талипова Дильбаргүл, Шерметова Данагүл және Биболат Ұлпан Ресейде өткен «Жастар және ғылым» - 2024 Халықаралық студенттік жұмыстар ғылыми-зерттеу байқауында жеңіске жетіп, 1 орынға ие болды.