Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 7 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Мәжіліс залында жалынды ақын, жампоз жырау, ержүрек батыр, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Елдік пен ерліктің асқақ рухы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

2023 жылдың 11 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы Камералық залға композитор, Қазақстанның және КСРО-ның Халық артисі, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ғ.Жұбанованың есімі берілуіне орай композитор құрметіне Ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтеді.

2023 жылдың 6 желтоқсанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында «Сказочный мир оперетт...» атты концерт болып өтті.

2023 жылдың 6 желтоқсанында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Хассақ» этно-фольклорлық ансамблінің концерті болып өтті.

2023 жылдың 6 желтоқсанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында 9 желтоқсан – Халықаралық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Құрманғазы атындағы ҚҰК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бас әкімші Олжас Омарұлының бастамасымен және Алматы қаласы Алмалы ауданы «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңсесі «Parasatty Urpag U’s’in» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен «Құқықтық бедерсіздік – сыбайлас жемқорлық негізі» тақырыбында семинар болып өтті.

2023 жылдың 6 желтоқсанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында «Студенттермен және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің басшысы Ысқақов Жалғас Жанысұлының ұйымдасытруымен «Эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында кураторлық сағат өтті.


2023 жылдың 5 желтоқсанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында Саксофон музыкасының кеші өтті.