Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 28 қарашасында консерваторияның А.Жұбанов атындағы Концерт залында «Вокалдық музыканың классикалық концерті» өтті.

2023 жылдың 27 қарашасында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында М.Төлебаевтың 110 жылдығына арналған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, композитор Ермек Өміровтің «Асыл аға» атты авторлық концерті өтті.

2023 жылдың 27 қарашасында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерт залында халық музыкасы факультеті «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен шертпе күй шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Әбікен Хасеновтің 130 жылдығына арналған «Әбікен әуендері» атты концерті өтті.

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті қазақ теноры, актер, музыкант Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «ГОЛОС СТЕПЕЙ, ПОКОРИВШИЙ ПАРИЖ» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

2023 жылдың 4 қазаны мен 25 қарашасы аралығында кітапханада студенттердің, яғни кешегі талапкерлердің жаңа өмірге бейімделуіне көмектесетін дәстүрлі «Бірінші курс онкүндігі» өтті.
2023 жылдың 24 қарашасында консерваторияда «ХХІ ғасырдың музыкалық мәдениетіндегі Тұлға – Жанр – Дәстүр» атты Құрманғазы шығармашылығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

2023 жылдың 22 қарашасында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында профессор Ева Коганның туылғанына 95 жыл толуына орай Итака Фортепиано Университетінің (Нью-Йорк) профессоры, Йель Университетінің фортепианолық орындаушылық өнерінің шебері, доктор, магистр, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторясының 2023-2024 оқу жылдарындағы күзгі семестрге шақыртылған профессоры Дмитрий Новгородскийдың (Фортепиано, АҚШ) концерті болып өтті.

2023 жылдың 22 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқу залында Қазақстандық белгілі ақын, кинорежиссер, сценарист, либреттист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбековпен «Күзгі диалог» тақырыбында шығармашылық кездесу өтті.
