Консерватория жаңалықтары

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі 25 қазан - Республика күніне орай «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» атты дәстүрлі және виртуалды кітап көрмесін ұйымдастырды.

2023 жылдың 13-18 қазан айы аралығында Бейжіңдегі Қытай Орталық музыка консерваториясының қолдауымен музыкалық білім берудің Үшінші альянсы аясында «Бір белдеу-бір жол» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткен еді. Аталмыш конференцияға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Г.Далбағай, Д.Кешубаева, А.Қарсақбаева, Ә.Алина арнайы барып, қатысып қайтты.


2023 жылдың 20 қазанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы кіші залында ҚР Мәдениет қайраткері, күйші-композитор, «Халық музыкасы» факультетінің деканы, профессор Төлепберген Тоқжановтың өнертанушыларға, музыка зерттеушілері мен орта және жоғары оқу орындарының оқытушыларына, студенттеріне арналған «Алпамыс батыр» оқу құралының тұсаукесері және «Халық әні» кафедрасының оқытушылары Аққалқа Ахметова, Күнқожа Қайрулла және Венера Қаржаубаеваның «Көнеден көшкен жыр керуен» атты класс-концерті өтті.

Қазанның он жетісінен бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында әлемдік музыка өнеріндегі көрнекті тұлға, Ференц Лист музыкалық академиясының профессоры (Венгрия), философия докторы, – доктор Ласло Стахо қонақта. 17-20 қазан аралығында консерватория қабырғасында доктор Ласлоның әртүрлі тақырыпта шеберлік-сыныптары және жеке концерті жоспарланған болатын.
2023 жылдың 18 қазанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Абай атындағы ҚҰОБТ-ның белгілі ұжымы «GATOB QUARTET» ішекті аспаптар квартетінің «DSCH/ASCH» атты концерті өтті.

2023 жылдың қазан айында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жарияланатын Saryn ғылыми рецензияланатын журналы Халықаралық сериялық басылымдарды тіркеу орталығынан (Париж, Франция) баспа және электрондық ISSN ресми растауын алды.

2023 жылдың 18 қазанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерттік залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өтті.

2023 жылдың 17 қазанында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Күзгі әуен» атты Орган музыкасының кеші болып өтті.