Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 8 қарашасында Грузия астанасында Тбилиси консерваториясының студенттері мен қазақстандық пианиношы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистранты Ерназар Ғимараттың қатысуымен Қазақстан мен Грузия композиторларының шығармалары орындалған фортепианолық музыка концерті өтті.

2023 жылдың 3 қарашасында консерваторияның А корпусының 210 аудиториясында Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының доценті Дмитрий Петрович Овчинников (альт) шеберлік сыныбын өткізді.

2023 жылдың 8 қарашасында Консерваторияда Халықаралық бөлімнің ұйымдастыруымен өнер-білім ордасы басшылығының Enactus Ұлттық офисінің вице-президенті Әділет Дәуітовпен кездесуі өтті.


2023 жылдың 2 қарашасында консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында күй алыбы Құрманғазының 205 жылдығына арналған ХІV Еуропалық халықаралық пианистер байқауының жеңімпазы (Бремен, Германия), Королева Елизавета атындағы (Брюссель), Геза Анда атындағы (Цюрих), А.Н.Скрябин атындағы (Мәскеу) халықаралық конкурстардың лауреаты Станислав Хегайдың (фортепиано) жеке концерті болып өтті.

2023 жылдың 1 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы бастамасымен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Қайырбекова Әлима Ғафуқызының жатақхана студенттерімен «Сөз өнері» тақырыбында кездесуі өтті.
«Steinway&Sons» әлемдік деңгейдегі рояль және фортепиано шығаратын компанияның президенті Г. Циммерман мырза және компанияның өңірлік директоры А. Вильхельм мырза жұмыс сапарымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына болды. 170 жылдан астам пернетақталы музыкалық аспаптар өндірушілерінің нарығында табысты жұмыс істеп келе жатқан және ең жоғарғы сапада фортепиано шығаратын «Steinway&Sons» өкілдері Консерватория әкімшілігін орындаушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, музыканы көркемдеудегі ойларын жүзеге асыруына бағытталған соңғы жетістіктермен таныстырды.

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!
3 қараша, сағат 17:00-де (Алматы уақыты) «"БиблиоРоссика" электронды-кітапханалық жүйесі» вебинары өтеді http://www.bibliorossica.com
