Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Өрт қауіпсіздігі және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті
«Өрт қауіпсіздігі және терроризмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті

2023 жылдың 5 сәуірінде консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында Өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы қорғау жөніндегі инженер - Әшімов Талғат Абдултәліпұлының өнер-білім ордасының студенттерімен кездесуі өтті.

6 сәуір 2023
Алида Хуанованың «Мақтан етем» атты жеке концерті өтті.
Алида Хуанованың «Мақтан етем» атты жеке концерті өтті.

2023 жылдың 4 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында консерваториямыздың «Халық әні» мамандығының 4 курс студенті Республикалық конкурстардың лауреаты Алида Хуанованың «Мақтан етем» атты жеке концерті өтті.

5 сәуір 2023
«Сергей Рахманинов – күміс ғасыр кемеңгері» атты концерт өтті
«Сергей Рахманинов – күміс ғасыр кемеңгері» атты концерт өтті

2023 жылдың 3 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Сергей Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына орай «Сергей Рахманинов – күміс ғасыр кемеңгері» атты ансамбль өнері кафедрасының концерті өтті.

4 сәуір 2023
Студентіміз «Еуропа-Азия» ІІІ Халықаралық пианистер байқауында 1-орын жүлдегері атанды
Студентіміз «Еуропа-Азия» ІІІ Халықаралық пианистер байқауында 1-орын жүлдегері атанды

«Арнайы фортепиано» мамандығының 4-курс студенті Дария Қуатқызы «Еуропа-Азия» ІІІ Халықаралық пианистер байқауының 1-орын жүлдегері атанды. Ұйымдастырушылар: З. Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты (Ресей). Ұстазы - профессор С. А. Массовер.

3 сәуір 2023
Қазаға көңіл айтамыз!
Қазаға көңіл айтамыз!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокалдық өнер» кафедрасында 30 жыл еңбек атқарған ұстаз, доцент, ҚР Мәдениет саласының үздігі Шаплыко Валентина Георгиевнаның қазасына байланысты консерватория ұжымы марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестері мен дос-жарандарына қайғыра көңіл айтады. Жайы жәннатта болсын!

3 сәуір 2023
Композитор С. Рахманиновтің 150 жылдығына арналған концерт өтті
Композитор С. Рахманиновтің 150 жылдығына арналған концерт өтті
2023 жылдың 31 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында консерватория ұстаздары және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы солистерінің қатысуымен композитор С. Рахманиновтің 150 жылдығына арналған концерт өтті.
1 сәуір 2023
«Прима қобыз» номинациясы бойынша жеңімпаздар жарияланды
«Прима қобыз» номинациясы бойынша жеңімпаздар жарияланды

«Халық аспаптары мамандығы» «Прима қобыз» номинациясы бойынша жоғарғы оқу орындары арасындағы республикалық студенттік пәндік олимпиадасына қатысушы үміткерлер бағдарлама бойынша талапқа сай екі шығармадан орындады.

31 наурыз 2023
XV Республикалық студенттік пәндік үлкен олимпиаданың «Фортепиано» аталымы бойынша жеңімпаздары анықталды
XV Республикалық студенттік пәндік үлкен олимпиаданың «Фортепиано» аталымы бойынша жеңімпаздары анықталды
2023 жылғы 28-29 наурыз күндері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арнайы фортепиано» кафедрасында жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Фортепиано» номинациясы бойынша ҚР ҒжЖБМ-нің XV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өтті. Байқауға 7 студент қатысты, олардың 5 - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті, 2 - Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті.
30 наурыз 2023
Консерватория студенті «Жас зерттеуші 2023» байқауында дипломант атанды
Консерватория студенті «Жас зерттеуші 2023» байқауында дипломант атанды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Арт-менеджмент» мамандығының 1-курс студенті Шерер Ольга «Жас зерттеуші 2023» Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында «Өнертану» аталымы бойынша диплом иегері атанды.
30 наурыз 2023