Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерваторияның студенттік үрмелі аспаптар оркестрі жүлдемен оралды
Консерваторияның студенттік үрмелі аспаптар оркестрі жүлдемен оралды

 

2023 жылдың 12-13 мамыр күндері Өзбекстанның Ұлттық консерваториясында Үрмелі оркестр мен Ансамбльдердің «Damli sozlar navosi» І Халықаралық конкурс-фестивалі болып өтті. Осы шара аясында «Үрмелі және ұрмалы аспаптарды ойнаудың орындаушылық проблемалары» Халықаралық тәжірибелік конференциясы да өз жұмысын жалғастырды.

15 мамыр 2023
Консерваторияда ғалым Шамғали Сарыбаевтың 130 жылдығына арналған ауқымды іс-шара өтті
Консерваторияда ғалым Шамғали Сарыбаевтың 130 жылдығына арналған ауқымды іс-шара өтті
12 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы концерт залында көрнекті ғалым, кемел әдебиетші, әдіскер, қазақ тілді оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ағартушы, лингвист Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың туғанына 130 жыл толуына орай келелі кеш ұйымдастырылды. 
12 мамыр 2023
Консерватория студенті Халықаралық "Eurasian Stars" пианистер байқауында дипломант атанды
Консерватория студенті Халықаралық "Eurasian Stars" пианистер байқауында дипломант атанды

"Арнайы фортепиано" мамандығының 3-курс студенті Рахимов Рашид (ҚР Халық артисі, профессор Қадырбекова Гүлжамиля Ихсанқызы сыныбы) V халықаралық "Eurasian Stars" пианистер байқауының дипломанты атанды.

12 мамыр 2023
Консерваторияда футболдан III факультетаралық жарыс өтті
Консерваторияда футболдан III факультетаралық жарыс өтті

Консерваторияда студенттер арасында 9 мамыр жеңіс күніне арналған «Спорт денсаулық кепілі» атты футболдан III факультетаралық жарыс өтті.

11 мамыр 2023
Профессор Б.Жаманбаевтың шеберлік сыныбы өтті
Профессор Б.Жаманбаевтың шеберлік сыныбы өтті
2023 жылдың 10 мамырында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ  Үлкен концерт залында ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, А.Байтұрсынов атындағы Алтын белгі иегері, Құрманғазы атындағы ҚҰК  «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаманбаев Базарғали Әжиұлының шеберлік сыныбы болып өтті. 
11 мамыр 2023
Доцент Г.Үзенбаева сыныбының концерті өтті
Доцент Г.Үзенбаева сыныбының концерті өтті

2023 жылдың 10 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерт залында Г.Е. Үзенбаева сыныбы студенттерінің концерті өтті.

11 мамыр 2023
Ақихат Ләззаттың «Дәстүр ізімен» атты жеке концерті болып өтті
Ақихат Ләззаттың «Дәстүр ізімен» атты жеке концерті болып өтті

10 мамыр күні консерваторияның Шопен атындағы Камералық залында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ақихат Ләззаттың «Дәстүр ізімен» атты жеке концерті болып өтті.

11 мамыр 2023
КОНСЕРВАТОРИЯ 2023 ЖЫЛҒЫ БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
КОНСЕРВАТОРИЯ 2023 ЖЫЛҒЫ БОС ЛАУАЗЫМДАРҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ
ҚР МСМ МК «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің бос лауазымдарына байқау жариялайды:
11 мамыр 2023
«Жүректерді әуенмен толтырайық» атты есептік лекция-концерт өтті
«Жүректерді әуенмен толтырайық» атты есептік лекция-концерт өтті
2023 жылдың 5 мамырында, 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының ұстаздары Алматы қаласының М. Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жүректерді музыкамен толтырайық» деген атпен есептік концерт өткізді. Концертке профессор Л.Т. Калиакбарова, доцент Е.Т. Үсенбаев, оқытушы Э.В. Пак, аға оқытушы Д.Р. Шабденова сыныптарының студенттері қатысты. М. Ералы, А. Елемесова, Л. Казимова, А. Сатқынбай, Ә. Сәрсенбай, Ш. Отунчи, Е. Қиса, А. Тыныбековалар негізгі аспаптарда өнер көрсетіп, музыкалық шығармаларды мектеп оқушылары мен ұстаздардың назарына ұсынды. Олар: Құрманғазы «Адай», Жантөре «Шалқыма», Қазанғап «Он сегіз жасар Балжан қыз» күйлері мен Н. Меңдіғалиев «Поэма – легенда о домбре», Е.Үсенов «Шамші-Дастан», «Кербез сұлу», Қ. Ахмедияров «Арпалыс», А.Тондер «Syiahamba», Сағат «Талшын», Ф. Шопен Ноктюрн до-диез минор, «Қамажай» әніне Л. Борисованың вариациялары, Фибих «Поэма», О. Туссен «Ностальгия», Я.Френкель, Р.Гамзатов «Журавли» және Ә.Алпысбаевтың «Әке арманы».
10 мамыр 2023