Консерватория жаңалықтары

2023 жылдың 1 ақпанында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасының студенттерімен Алматы қалалық Жастар ресурстық орталықтарымен жұмыс бөлімінің бас маманы Құрман Дидар және АҚТҚ/ЖИТС жаңа психоактивті заттар бойынша кеңесші Мирас Мырзаханмен кездесу өтті.


2023 жылдың 27 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Мырзағалиев Еркін (скрипка) мен Мәлікайдар Қанаттың (фортепиано) қатысуымен «Камералық музыка концерті» өтті.

2023 жылдың 25 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ахмет Жұбанов залында студенттер күніне арналған «Жұлдызды көпір» атты концерт өтті.

Сіздерді Scopus, WOS (Web of Science) ДҚ журналдарына мақаланы дайындау және жариялау туралы "Мақалаға қойылатын негізгі талаптар және Scopus-та жариялау ерекшеліктері" атты тақырыпта өтетін тегін онлайн-семинарға шақырамыз.


2023 жылдың 10 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында ЭКЖ «Лань» және «Планета музыки» https://e.lanbook.com/ баспа жинақтары қолжетімді болады, оған осы басылымдар шығарған барлық кітаптардың электронды нұсқалары, басылымдар, сондай-ақ жеке ғылыми еңбектер кіреді.