Консерватория жаңалықтары
Мәдениет және спорт министрі консерваторияда
Бүгін, тамыздың 19 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші залында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ведомствоға қарасты шығармашылық жоғары оқу орындарының басшылықтарымен және профессор-оқытушылық құрамымен жүздесті. Офлайн және онлайн форматта өткен жиынға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қызметкерлері офлайн түрде, ал, ел астанасындағы Қазақ ұлттық өнер университеті және Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері онлайн түрде қатысты. Кездесу барысында ведомство басшысы аталған оқу орындарының қызметкерлері күтіп отырған жаңалықтармен бөлісіп, өз кезектерінде ЖОО басшылары министрге атқарылып жатқан іс-шаралар және жаңа 2022-2023 оқу жылына дайындық деңгейі жөнінде баяндады.
Министрдің жеткізген соны жаңалығы – еліміздегі шығармашылық бағытта кәсіби білім беретін жоғары оқу орындары ұстаздарының мәртебесінің көтерілгендігі. Демек, жоғарыда аталған төрт бірдей шығармашылық бағытта білім беретін оқу ордалары ұстаздарының еңбекақысы бұдан былай 3,5 коэффициент бойынша есептелмек, яғни ағымдағы жыл басынан алғанда екі есеге артпақ. Бұл нәтижеге қол жеткізуге Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың пәрмені, ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Асханұлы мен сала министрінің қолдауы зор ықпалын тигізді. Еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына зор үлес қосып, шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, концерттік-шығармашылық және ғылыми жұмыстарды қатар алып жүрген ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап отырған басшыларға сала мамандарының ризашылығы мен алғыстары шексіз.
Министрдің жеткізген соны жаңалығы – еліміздегі шығармашылық бағытта кәсіби білім беретін жоғары оқу орындары ұстаздарының мәртебесінің көтерілгендігі. Демек, жоғарыда аталған төрт бірдей шығармашылық бағытта білім беретін оқу ордалары ұстаздарының еңбекақысы бұдан былай 3,5 коэффициент бойынша есептелмек, яғни ағымдағы жыл басынан алғанда екі есеге артпақ. Бұл нәтижеге қол жеткізуге Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың пәрмені, ҚР Үкіметінің басшысы Әлихан Асханұлы мен сала министрінің қолдауы зор ықпалын тигізді. Еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына зор үлес қосып, шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, концерттік-шығармашылық және ғылыми жұмыстарды қатар алып жүрген ұстаздардың еңбегін жоғары бағалап отырған басшыларға сала мамандарының ризашылығы мен алғыстары шексіз.
19 тамыз 2022
III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «БАРИТОНДАР ШЕРУІ» КОНКУРСЫ ӨТПЕК

2022-жылдың қыркүйек, қазан айларында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұйымдастыруымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен III Халықаралық «БАРИТОНДАР ШЕРУІ» конкурсы өтпек. Байқау мақсаты: Ұлттық вокалдық өнер дәстүрлерін дамыту, академиялық ән жанрындағы жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау, қазақстандық музыкалық мәдениет пен әншілік өнердің үздік дәстүрлерін сақтау. Байқауға жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері, конкурсқа қатысу кезінде 20 мен 30 жас аралығындағы кәсіби әншілер (баритондар) қатыса алады.
19 тамыз 2022
Консерватория ректоры Steinway & Sons компаниясының өкілдерімен кездесті

2022 жылғы шілденің 18 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Steinway & Sons Hamburg фабрикасының ТМД, Таяу Шығыс, Африка аймақтары бойынша директоры Антон Вильгельммен және Steinway & Sons компаниясының Қазақстан бойынша ресми дилері Светлана Хельммен кездесті.
18 шілде 2022
Қабылдау комиссиясының басқосуы болып өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ректор А. Жүдебаевтың жетекшілік етуімен консерватория басшылығы мен талапкерлерді оқуға қабылдау комиссиясы және оқытушы-профессорлар құрамы қатысқан жиын болып өтті. Сондай-ақ, жиынға «Саналы ұрпақ» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Тоқышев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысып, атқарылуы тиіс іс-шаралар жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Шараның мақсаты – жаңа 2022-2023 оқу жылына жас түлектерді оқуға қабылдау науқанының, емтихандарының барысында туындауы ықтимал түрлі сипаттағы сыбайлас жемқорлық құбылыстарының алдын алу, оларға жол бермеу жолдарын талқылау. Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы мемлекеттік құрылымы да, бағыт-бағдары да жаңарып жатқан еліміздегі, соның ішінде ЖОО-дағы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі мәселелерді сарапқа салу.
7 шілде 2022
КОНСЕРВАТОРИЯ ҰСТАЗЫ ҮШ БІРДЕЙ АТАҚҚА БІРДЕН ИЕ БОЛДЫ

Таяуда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер факультетіне қарасты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, Философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының педагогикалық ғылымдар кандидаты (PhD) Раушан Байсейітқызы Шыңдауыловаға М.В. Ломоносов атындағы Ресей қоғамдық және фундаментальді ғылымдар академиясының осы Академия Жарғысының негізінде Құрметті Профессор, Құрметті Доктор және Тіркелген Мүше (Академик) атты академиялық атақтары берілді. Ұлттық консерваториямыздың ғана емес, еліміздің атына да зор абырой әкеліп, ғылымға сүбелі үлес қосып жүрген Раушан Байсейітқызын айтулы атақтарға ие болуымен құттықтап, әрқашан еңбегіңіздің жемісін көріп, бергеніңізден береріңіз таусылмай аман жүріңіз демекпіз!
29 маусым 2022
Консерваторияда салтанатты түрде түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіруші түлектерге Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында салтанатты түрде дипломдар табысталды. Мемлекеттік әнұранмен ашылған жиын басында іссапарда жүргендіктен шараға қатыса алмауы себепті ректор Жүдебаев Арман Әділханұлының құттықтау сөзі бейнеролик арқылы берілді.
28 маусым 2022
«СOVID-19 пандемиясынан кейін музыка индустриясын дамыту: Ұлыбритания мен Қазақстан тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтпек

2022 жылғы 30 маусымда сағат 14:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) Қазақстандағы Creative Spark жоғары білім беру бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «СOVID-19 пандемиясынан кейін музыка индустриясын дамыту: Ұлыбритания мен Қазақстан тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтеді.
28 маусым 2022
Әлемдік креативті экономикада маңызды рөл атқарар зерттеу

Консерваторияның «Арт-менеджмент» мамандығының докторанты Әсел Имаеның ғылыми зерттеулері әлемдік креативті экономиканың дамуында маңызды рөл атқаруы мүмкін.
23 маусым 2022
ҚАЗАҚТЫҢ «ОРТЕКЕСІ» ӘЛЕМ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ НАЗАРЫНДА

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.
22 маусым 2022
Қабылдау 2025