Консерватория жаңалықтары
Консерватория ректоры өнер-білім ордасының ұжымына мемлекеттік наградаларды табыстады
Бүгін Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев өнер ордасының ұжымына мәдени және қоғамдық қызметте сіңірген еңбектері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Арман Әділханұлы алдымен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының қолынан «ҚҰРМЕТ» орденін алған «Домбыра» кафедрасының профессоры Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы мен «Халық әні» кафедрасының доценті Байбосынова Ұлжан Мәліқайдарқызын, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» медалімен марапатталған «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Сатыбалдина Тамара Мухамедиярқызы мен осы кафедра доценті Алтайбаева Шолпан Жүсіпбайқызын жоғары наградаларымен арнайы құттықтап, басқа мемлекеттік наградаларды өз қолымен табыстады.
16 желтоқсан 2021
Консерватория студенттері Ева, Иосиф және Семен Коган атындағы I Халықаралық аспаптық орындаушылық байқауында лауреат атанды

«Art Forum of Kazakhstan» және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ева, Иосиф және Семен Коган атындағы I Халықаралық аспаптық орындаушылық байқауын ұйымдастырды.
15 желтоқсан 2021
Консерваторияның бірқатар ұстаздары жоғары наградаларға ие болды

Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетін жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік наградалар табысталды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары жоғары наградаларға ие болды.
«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары, профессор Сатыбалдина Тамара Мухамедиярқызы мен доцент Алтайбаева Шолпан Жүсіпбайқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Домбыра» кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы мен «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова «Құрмет» орденімен марапатталды. Консерватория ұжымы көп жылдардан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаздарды жоғары наградаларымен құттықтап, шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын дей келе, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейді!

13 желтоқсан 2021
ДИНА НҰРПЕЙІСОВАНЫҢ 160 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕ

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі атақты күйші, Құрманғазы Сағырбаевтың шәкірті Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған виртуалды көрме дайындады.
9 желтоқсан 2021
Сандық музыкаға теориялық және практикалық экскурсия

Гнесиндер атындағы РМА фортепиано кафедрасы оқытушылары CASIO Europe GmbH Мәскеу өкілдігінің қатысуымен әрі қолдауымен және Құрманғазы атындағы ҚҰК «Аспаптық орындаушылық» факультетімен бірлесіп, «Особенности обучения на цифровом фортепиано в условиях музыкальной среды» тақырыбында (осы аттас оқу құралы негізінде) семинар-практикум өтті.
9 желтоқсан 2021
Консерватория студенті «Astana Classic» байқауында жеңімпаз атанды

Жуырда елордамызда өткен «Astana Classic» IV Халықаралық классикалық музыка байқауында өнер ордамыздың студенті I орынды иеленіп, лауреат атанды. Аталмыш байқауды Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен «Astana Stars» Халықаралық фестиваль қозғалысы ұйымдастырды.
9 желтоқсан 2021
Атақты дирижер Ренат Салаватов консерваторияда қонақта болды

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында дирижер, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Татарстанның халық артисі, Ресейдің еңбек сіңірген артисі Ренат Салаватов қонақта болды. Сыйлы қонағымызды Ректор аппараты қызметінің басшысы Ермек Скаков қабылдап, Ренат Салаватұлына 2020-жылы беріліп, пандемия жағдайына байланысты өзіне табысталмай қалған Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Құрметті профессоры» атағының құжатын арнайы табыстады. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында бірнеше жыл қызмет атқарып, Ресейдегі және Еуропаның бірқатар елдеріндегі айтулы театрларда жемісті еңбек еткен атақты маэстро - қазіргі таңда Татарстанның Мұса Жәлел атындағы академиялық мемлекеттік опера және балет театрының бас дирижері. Консерватория ұжымы Ренат Салаватұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, шығармашылық табыстар тілейді!
8 желтоқсан 2021
Консерватория ұстаздары «30 жыл 30 есім» Ұлттық жүлдесіне ие болды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған «30 жыл 30 есім» Ұлттық жүлдесіне ие болды. ҚР Еңбек сіңірген артисі, күйші, «Домбыра» кафедрасының профессоры Айгүл Үлкенбаева мен ҚР Еңбек сіңірген артисі, әнші, «Халық әні» кафедрасының доценті Рамазан Стамғазиев байқаудың «Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі» аталымында жеңімпаз атанды.
8 желтоқсан 2021
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Қадірлі отандастар, әріптестер, достар сіздерді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қазіргі заманауи, әлем мойындаған Қазақстанның осындай белестерге көтерілуі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен сіңірген орасан зор еңбегінің жемісі екені мәлім. Әрине Елбасына қолдау білдіріп отырған халқы мен сенімді серік болған әртүрлі сала мамандарының да рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы баянды болуы үшін әрбір азамат осы мақсатқа аянбай еңбек етудің маңыздылығын сезінетініне шәк жоқ.
Тәуелсіз еліміздің айтулы мерекелерінің бірі, Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

1 желтоқсан 2021
Қабылдау 2025