Консерватория жаңалықтары
Министрдің кезекті есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуі өтті. Министрліктің Youtube арнасында тікелей эфирде өткен кездесуді консерватория басшылығы тыңдап, өзара пікірлерімен бөлісті.
Министріміз өткен жылғы және 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі жетістіктер туралы айтып, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді де тілге тиек етті. Министрліктің барлық қызметі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауларына, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларына, Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына негізделген. Еліміздің биылғы ең басты ұлттық мерекесі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Министрлік ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты, оның ішінде ұлттық спорт түрлерін дамытуға, сондай-ақ елдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған әрбір жоспарлы шараның уақытылы және сапалы өткізілуін қамтамасыз етеді.
Ақтоты Рахметоллақызы: «Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында берілген тапсырмасы аясында Наурызды мерекелеуге жаңа форматтағы тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді. Республиканың барлық өңірлерінде «Әз Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» ұранымен 8 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Наурыз мейрамын мерекелеудің үздік дәстүрлерін жаңғырта отырып, балалар үйінің, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына арналған «#Келкөрісейік» қайырымдылық жобалары, этномәдени қойылымдар, ұлттық музыкалық аспаптар фестивалі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, өлкетану экскурсиялары, бірқатар өңірлерде ағаш отырғызу және т. б. шаралар өткізілді.
2020 жылы Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Алтын Орданың («Ұлық ұлыс») 750 жылдығы өткізілді. Жамбыл Жабаевтың 175-жылдық мерейтойына бастау берілді. Сонымен қатар Қазақстанның Халық Қаһарманы Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығын, КСРО-ның Халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жоспарлануда», - деп алдағы жоспарларына да тоқталып өтті.
Ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шаралар өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды ескеріп, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілген.
Министрлік пен ведомство басшылығының жұмыстарына сәттілік тілейміз!

14 мамыр 2021
Консерватория профессор-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына байқау жариялады

ҚР МжСМ «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» Республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушылық құрамының бос лауазымдарына байқау жариялады.
14 мамыр 2021
Студенттеріміз Беларусь Республикасында өткен байқауда лауреат атанды

Жуырда консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультетінің студенттері Беларусь Республикасының Старо-Борисов қаласында өткен «Натхненне роднага краю» атты III Халықаралық вокал және аспаптық шығармашылық байқау-фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды. Аталмыш байқауда қазылар алқасының құрамында ұйымдастырушылардың шақыруымен консерваториямыздың профессоры Ерсайын Басықара төрелік етті. Өнер додасында Бексұлтан Бақыт, Назерке Базарбаева, Арна Батиханов, Мұстафа Марат, Әсел Арман, Кристина Тигай I дәрежелі, Мирас Мағжанов пен Ғалия Күнтаева II дәрежелі, ал Назира Қараш III дәрежелі дипломдармен марапатталып, лауреат атағын иеленді. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, ұстаздары А.Райымбергенов, К.Сахарбаева, Е.Басықара, З.Смакова, Ш.Рауандина, Б.Игілік, А.Кеңегесов және концертмейстерлері С.Мажитова, С.Жанұзақова, Л.Кенжеғұловаларға алғысымызды білдіреміз. Орындаушылық шеберліктерімен көзге түскен өнерпаздарымызға және оларды дайындаған ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!
5 мамыр 2021
Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл

Бүгін Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің, ұлттық музыкамыздың дамуына зор үлес қосқан қайраткер тұлға, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл толып отыр. Күй атасы Құрманғазының есімін, мұрасын ұрпақ кәдесіне жаратуға тікелей еңбек сіңірген, қазақтың музыкалық аспаптарын жетілдіріп, халық аспаптары оркестрінің негізін қалаған ғалым-композитордың есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Ахмет Қуанұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 1945-1951жылдар аралығында басқарған.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі Қазақстанның халық артисі, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 115 жылдығына арналған «Жүрек пернесі» атты виртуалды кітап көрмесін ұсынады.

29 сәуір 2021
Консерватория мен Ресей театр өнері институтының басшылығы онлайн-кездесу өткізді

2021 жылдың 29 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы Ресей театр өнері институтының (ГИТИС) ректоры Анатолий Григорьев Заславскиймен және білім ордасының проректоры Ольга Леонидовна Денисовамен онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар музыкалық театр режиссурасы және басқа да білім беру, шығармашылық бағыттарында мамандар даярлау үшін өзара ынтымақтастық орнату жөніндегі ойларын ортаға салды.
Консерватория ректоры Арман Әділханұлы өз сөзінде өнер-білім ордасының жұмысы жөнінде кеңінен таныстырып, Ресейлік әріптестердің ерекше ықыласына ризашылығын білдірді. Кездесу нәтижесі бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айында екі елдің шығармашылық білім ордалары арасында ынтымақтастық келісім, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың нақты қадамдары жасалады деп жоспарлануда.

«Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін Zoom платформасында «Арт-менеджмент» кафедрасының доценті Р.А.Малаева «Арт-менеджмент» мамандығының 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен «Менің мамандығым» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Студенттер өздерінің мамандықтарының қыр-сырын зерттеп, артықшылығы мен кемшіліктері, бүгінгі өзектілігі жайында жан-жақты талқылады.
28 сәуір 2021
Ашық есік күні!

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ашық есік күндері өтеді!
28 сәуір 2021
Консерватория кітапханасында «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабы талқыға түсті

Консерваторияның Ғылыми-ақпараттық кітапханалық қызметінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жалғасуда.
Кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарыққа шыққан Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы» кітабына жеке тұлғаның дамуы тұрғысынан талқылау ұйымдастырды. ZOOM платформасы арқылы өткен онлайн-талқыға кітапхана оқырмандары – консерваторияның I курс студенттері қатысты.
Онлайн-конференция барысында студенттер кітапты оқығандағы әсерімен бөлісіп, Стивен Р. Ковидің әр дағдысына жеке-жеке тоқталды.
«Оркестрлік дирижерлау» мамандығының студенті Мұхтар Сәтқозы: «Өскелең ұрпақтың өз ортасында көшбасшы болуы, жақсы мінез қалыптастыруы үшін аталған кітапты оқудың маңызы зор» деген ой айтты. «Домбыра» кафедрасының студенттері Совет Данияр мен Жаншин Дәулет: «Стивен Ковидің кітабындағы дағдыларды күнделікті өмірде іске асырсақ, жетістікке жеткен адамдардың қатарында боларымыз анық» – деп түйіндеді.
Ал «Қобыз-баян» кафедрасының студенттері Еркін Алима мен Таупыкова Алтынжан кітапхана ұйымдастырған мұндай конференциялар студенттерді кітап оқуға бастайтынын айтып, ризашылығын жеткізді.

26 сәуір 2021
XX ҒАСЫРДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТМҰРАСЫ

Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған
«XX ҒАСЫРДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ МӘДЕНИЕТ МҰРАСЫ»
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

20 сәуір 2021
Қабылдау 2025