Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Мұзға жанған алаулар...» атты кураторлық сағаты өтті
«Мұзға жанған алаулар...» атты кураторлық сағаты өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімі және «Арт-менеджмент» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мұзға жанған алаулар...» атты кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағатқа желтоқсан көтерілісінің қатысушылары – Отарбай Қабдырахман Әдембайұлы, Иманқұлов Сәкен Жасұзақұлы мен Шұғыл-Шумақ Бауыржан мырза қатысып, сол бір желтоқсан көтерілісінде басынан өткен оқиғаларын баян етті. Кураторлық сағатта студенттер желтоқсаншыларға көкейкесті сұрақтарын қойып, желтоқсаншылардан әсерге толы жауаптарын алды.
Кураторлық сағат соңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Ешмуханов Мұханбет Ашхатұлы келген егемендік жолында күрескен қайсар аға-апаларымыздың жастарға үлгі екенін айтып, қонақтарымызға алғысын білдірді.
3 қараша 2021
XXIII халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты мен пленарлық отырыстары өтті
XXIII халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты мен пленарлық отырыстары өтті
2021 жылы 3 қарашада Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Өкілдігінде ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің (ICTM) тарихи дереккөздерді зерттеу жөніндегі тарихи ресурстарды зерттеу тобының XXIII халықаралық симпозиумының ашылу салтанаты мен пленарлық отырыстары өтті.
3 қараша 2021
«Тарихи ресурстар» зерттеу тобының XXIII Халықаралық симпозиумы өтпек
«Тарихи ресурстар» зерттеу тобының XXIII Халықаралық симпозиумы өтпек
«Тарихи ресурстар» зерттеу тобының XXIII Халықаралық симпозиумы өтпек
1 қараша 2021
Консерваторияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті
Консерваторияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті
Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті. Іс-шара ZOOM платформасында онлайн режимде өткізілген болатын.
28 қазан 2021
«Менің мамандығым» жобасы аясында кездесу өтті
«Менің мамандығым» жобасы аясында кездесу өтті
2021 жылдың 26 қазанында «Арт-менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің мамандығым» жобасының аясында  Құрманғазы атындығы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің  деканы, PHD, «HASSAK» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Жәмеңкеев  Ержан Ерболатұлының студенттермен кездесуі өтті .
27 қазан 2021
Ержан Жәмеңкеевпен кездесу
Ержан Жәмеңкеевпен кездесу
"Арт-менеджмент" кафедрасының ұйымдастыруымен "Менің мамандығым" жобасының аясында "Халық музыкасы" факультетінің деканы, аға оқытушы, PhD, Ерболат Жәмеңкеевпен кездесу өтеді.
23 қазан 2021
Студенттер арасында ЖИТС-ке қарсы алдын алу шаралары
Студенттер арасында ЖИТС-ке қарсы алдын алу шаралары
2021 жылдың 20 қазанында 1 курс студенттері арасында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.а. М.Ешмұханов және ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының (әрі қарай – ЖИТС орталығы) дәрігер-мамандары Үсенқұл Мадина мен Жұманова Анельдің қатысуымен «Студенттер арасында ЖИТС-ке қарсы алдын алу шаралары» кураторлық сағаты өтті. Кураторлық сағат барысында ЖИТС орталығының дәрігер-мамандары ЖИТС және АИТВ инфекциялық ауруларының таралу және оның алдын-алу жолдары туралы 1 курс студенттеріне толық ақпарат беріп, студенттердің көкейкесті сұрақтарына жауап берді. Еліміздегі жастар арасында кеңінен таралып келе жатқан ЖИТС пен АИТВ ауруларының алдын-алу бойынша тәрбиелік іс-шаралар жоспарға сәйкес консерваторияның білім алушыларына әлі де ұйымдастырылатын  болады.
20 қазан 2021
«Домбыра бас аспабына арналған оқу құралы» кітабының тұсаукесері өтті
«Домбыра бас аспабына арналған оқу құралы» кітабының тұсаукесері өтті
Бүгін 2021 жылдың 19 қазанында ҚР Ұлттық кітапхнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы, Өнертану ғылымдарының магистрі Әсет Жұмабаевтың «Домбыра бас аспабына арналған оқу құралы» кітабының тұсаукесері өтті.
19 қазан 2021
Консерваторияда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілімен кездесу өтті
Консерваторияда «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілімен кездесу өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Айгүл Әбдіғаппарқызы Сақтағановамен кездесу өтті. Жиынға консерватория ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев бастаған проректорлар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері және бірқатар бөлім басшылары қатысты.
15 қазан 2021