Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Белгілі қазақ музыкатанушысы, өнертану кандидаты Мәриям Мұхатайқызы Ахметова 100 жаста!
Белгілі қазақ музыкатанушысы, өнертану кандидаты Мәриям Мұхатайқызы Ахметова 100 жаста!
Мариям Мұхатайқызы Ахметова 1921 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Шу ауданы Кеңес (Кукбастау) ауылында дүниеге келген. 1941 жылы Алматы музыкалық училищесін, 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының тарихи-теориялық факультетін бітірген. 1951 жылы ҚазКСР ҒА Президиумы жанындағы өнертану секторы Мәриям Мұхатайқызын Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының аспирантурасына өнертану докторы, профессор В.М. Беляевтің сыныбына іссапарға жіберді.

Мариям Мұхатайқызы Ахметова 1957 жылы «Қазақтың халық дәстүрлері және оның Кеңестік Қазақстан композиторларының ән шығармашылығындағы дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1958 жылдан ҚазКСР ҒА Әдебиет және өнер институтының музыка өнері бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. Сол жылы КСРО Композиторлар Одағының мүшесі, 1962-1968 жылдары музыкатану секциясының жетекшісі, ал 1968 жылдан бастап Қазақстан Композиторлар Одағының Басқарма мүшесі болды. 1962 жылы КСРО Композиторлар Одағының III және IV съездерінің делегаты, ал 1972 жылы XIX - XX ғғ. Орталық Азия елдерінің әлеуметтік және мәдени дамуы бойынша ЮНЕСКО халықаралық конференциясының делегаты болып сайланды.

Оның қазақ халық әнінің өзекті мәселелеріне арналған бірнеше ірі жеке монографиялары бар. Солардың ішінде «Песня и современность» (1968 ж.), «Казахские народные песни о Ленине» (1969 ж.), «Казахские песни» (1970 ж.), А. Жұбанов және Б. Ерзаковичпен бірлесе жазған «Казахская советская музыка» (1975 ж.), «Традиции казахской песенной культуры» (1983 ж.), «Ән және уақыт» (1983 ж.) айтуға болады.

Мариям Мұхатайқызы Ахметова – өнертану бойынша кандидаттық диссертациясын Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия мен Кавказ өңірінде қорғаған алғашқы қазақ әйелі.

Бүгін қазақ музыкатанушысы, өнертану кандидаты Мәриям Мұхатайқызы Ахметова 100 жасқа толып отыр. Мәриям Мұхатайқызын 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз
13 наурыз 2021
Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды
Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша бүгін ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыка зерттеушісі, ғалым, ұстаз Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды. Юрий Петрович «Музей звуков», «Малая антология казахской музыки» сынды көптеген телебағдарламалар арқылы көрермен көзайымына айналған болатын.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында көптеген жыл ұстаздық еткен музыкатанушыны қазақ музыкалық фольклорының білгірі ретінде әріптестері де жоғары бағалайды. Консерватория ұжымы Юрий Петровичті марапатымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейді!
13 наурыз 2021
Консерваториямыздың жатақханасында студенттердің қатысуымен кураторлық сағат өтті
Консерваториямыздың жатақханасында студенттердің қатысуымен кураторлық сағат өтті
2021 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттердің қатысуымен кураторлық сағат өтті.

Шараға  Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор м.а. Ешмұханов М.А., жалпы практика дәрігері, терапевт – Оңғарбаева Айзере Бекайспайқызы, учаскелік медбике - Жомартова Жаңылхан Болатбекқызы қатысты.

Кураторлық сағатта қонақтарымыз консерватория студенттеріне коронавирустық инфекция, туберкулез, салауатты өмір салты сияқты тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарды қойып, арнайы мамандардан кәсіби жауап алды.
4 наурыз 2021
XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы - 2021 онлайн форматта өтпек
XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы - 2021 онлайн форматта өтпек
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Гуманитарлық
ғылым және Өнер» бағытында 7 мамандық (17 номинация) бойынша 2021 жылы ҚР
БжҒМ XIII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын онлайн форматта өткізеді.
4 наурыз 2021
Консерватория студенттері қарттар үйінде қайырымдылық концерт берді
Консерватория студенттері қарттар үйінде қайырымдылық концерт берді
1 наурыз - «Алғыс айту күні» аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Қарттар үйінде қайырымдылық концерт ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – қарттарымызға құрмет көрсету, жас ұрпаққа үлгі ретінде насихаттау.

Қарттардың қуанышты жүздері мен ыстық лебіздері студенттер үшін ең жоғары марапат болып, жастарды жақсы істерге жігерлендірді.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша осындай іс-шаралар әлі де жалғасын таппақ.
2 наурыз 2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кураторлық сағат өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында кураторлық сағат өтті
2021 жылдың 24 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ZOOM платформасы арқылы кураторлық сағат өтті. Шараға консерваторияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Олексенко И.В. «Sanaly urpaq» студенттік клубының төрайымы Аширова А.М., Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов М.А., Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Кураторлық сағаттың негізгі міндеті – ҚР ЖОО қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін жайттардың алдын алу, оларды шешу жолдары мен мәселелерін анықтау.
Консерватория басшылығы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру ісінде әдістемелік көмек көрсетуді ұсынды. Сондай-ақ студенттерге арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дайындалған бейнеролик көрсетілді.
24 ақпан 2021
Арман Жүдебаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды
Арман Жүдебаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды. Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесі үшін берілген марапатты ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы табыстады. Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын марапатымен құттықтап, әрқашан мерейі үстем болып, абыройы арта берсін деген тілек білдіреді!
19 ақпан 2021
Екіжақты меморандумға қол қойылды
Екіжақты меморандумға қол қойылды
Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шараға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ төрағасы Данияр Нұрашұлы Есин, консерватория ректоры м.а. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бахытқызы, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы мен консерваториямыздың бірқатар қызметкерлері қатысты. Меморандумның негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, оның әдіснамалық және ғылыми-зерттеу негізін нығайту саласында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық орнату болып отыр.
12 ақпан 2021
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевпен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевпен кездесу өтті
Бүгін 05.02.2021 ж. ZOOM платформасында конференция өтті, оған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев, Алматы қаласы аудандарының әкімдері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, «Sanaly yrpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі К.А. Тоқышев және «IZGILIK ELSHISI» жобалық кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты. Консерватория атынан: тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор М.А. Ешмұханов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, жалпы фортепиано кафедрасының меңгерушісі И.В. Олексенко, кеңес мүшелері К.М. Азубаев және А.М. Аширова қатысты.
Бүгінгі іс-шарада 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды және 2021 жылға жаңа міндеттер қойылды, студенттік, оқытушылық және қоғамдық ұйымдардың жұмысына әдістемелік ұсыныстар мен көмек көрстету, ықпал ету тұстары анықталды. Қазіргі уақытта ең басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитті жүзеге асыру жөніндегі ұсынысты қарау болып табылатыны атап өтілді. Бірқатар іс-шаралар, вебинарлар, кездесулер және т. б. өткізу жоспарлануда.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев және республикалық жобалау офистерінің басшылары атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
5 ақпан 2021