Консерватория жаңалықтары
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Ардақты Қазақ елі! Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн еліміздің әрбір азаматы үшін аса қымбат. Көк байрағымыз, елтаңбамыз және әнұранымыз – сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Әрдайым қасиетті топырағымызда тыныш заман болып, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болғай!
Құрметпен,
Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы
4 маусым 2020
Арман Әділханұлы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлерін марапаттады

Бүгін 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлері "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды консерватория ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев табыстады.
«Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Айжан Джулмухамедова мен «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы Салтанат Құдайбергенова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері атанса, Мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Шырын Аманжолова, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Адалят Юсупова, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті Ғалия Қалымова Құрмет Грамоталарымен, ал «Қаржы-экономикалық» бөлімінің меңгерушісі, бас есепшіміз Гүлнара Қасымова, «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы Балжан Жүнісова 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай және еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.
Әріптестерімізді бүгінгі мерекелерімен және қуанышты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.

21 мамыр 2020
ТАЛАПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА! «ОНЛАЙН АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІ»

Құрметті талапкерлер, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы сіздер үшін Фэйсбук әлеуметтік желісінде «Онлайн ашық есік күндерін» өткізбек. Төрт факультетке қарасты мамандықтар бойынша барлық сұрақтарға факультет декандары жауап береді. Өтетін уақыты мен парақша атауларын төмендегі афишалардан қараңыздар.
17 мамыр 2020
Ректор Арман Жүдебаев пен теле-радио жүргізуші Қымбат Досжан онлайн-сұхбат өткізбек

2020 жылдың 8 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев инстаграм желісінде тікелей эфирде онлайн-сұхбат береді. Сұхбатты Қазақ Радиосының бас редакторы, танымал теле-радио жүргізуші Қымбат Досжан. Әңгіме жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау тақырыбына арналмақ.
5 мамыр 2020
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Еуропа консерваториялары қауымдастығына қабылданды

2020 жылдың 4-мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Еуропа консерваториялары қауымдастығына мүшелікке қабылданды.
Еуропа консерваториялары қауымдастығы (ЕКҚ) – бұл 1953 жылы құрылған музыка саласындағы оқу орындарының мәдени-білім беру бірлестігі.
Еуропа консерваториялары қауымдастығы (ЕКҚ) – бұл 1953 жылы құрылған музыка саласындағы оқу орындарының мәдени-білім беру бірлестігі.
5 мамыр 2020
Ректордың "Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру" факультеті студенттерімен онлайн-кездесу өтпек

2020 жылдың 6 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаевтың «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің студенттерімен онлайн-кездесуі өтеді.
4 мамыр 2020
Ректордың "Халық музыкасы" факультеті студенттерімен онлайн-кездесуі өтпек

2020 жылдың 4-мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаевтың «Халық музыкасы» факультетінің студенттерімен онлайн-кездесуі өтпек.
30 сәуір 2020
ЖЕҢІМПАЗ СТУДЕНТТЕРІМІЗДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында XXX Музыка өнері саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Халықаралық байқауы өтті.
30 сәуір 2020
Қабылдау 2025