Консерватория жаңалықтары
Халық музыкасы факультетінің студенттері байқау жүлдегерлері атанды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің студенттері Айман Мұхаметқазықызы (баян мамандығы) мен Зарина Жүнісованы (қобыз) және олардың тәлімгері жалпы фортепиано кафедрасының аға оқытушысы А.М. Бақтыгерееваны «Зимняя сказка» халықаралық фестивалінде «Аспаптық музыка, қобыз және фортепиано» номинациясындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Фестиваль 25 қаңтар күні Алматыда «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қорының қолдауымен online режимде өтті.
3 ақпан 2021
СТУДЕНТІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ПИАНИНОШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Композиция кафедрасының 1-курс студенті Айдархан Айсұлуды «PIANO FORTE» Халықаралық онлайн пианиношылар байқауында Гран-при жүлдегері атануымен құттықтаймыз!
3 ақпан 2021
Құттықтаймыз!!!

Бүгін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын қорытындылап, марапаттау рәсімін өткізді. Шара аясында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевты Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның есімі мен мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Абай 175 жыл» медалімен марапаттады.
Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын марапатымен шын жүректен құттықтайды!
Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын марапатымен шын жүректен құттықтайды!
2 ақпан 2021
«Фортепианоға арналған әлем халықтарының музыкасы» атты байқау өтпек

Әлемдік шығармашылық қарым-қатынас орнату үшін «Фортепианоға арналған әлем халықтарының музыкасы» әр түрлі мамандықтағы музыканттарға арналған фортепиано курсының V ашық халықаралық фестиваль-конкурсы
1 ақпан 2021
Консерваторияға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы келді
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы келді.
Консерватория ректоры Арман Әділханұлы Марат Болысбекұлына былтыр маусым айында негізгі ғимарат пен Үлкен концерт залында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысымен таныстырды.
Консерватория ректоры Арман Әділханұлы Марат Болысбекұлына былтыр маусым айында негізгі ғимарат пен Үлкен концерт залында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысымен таныстырды.
29 қаңтар 2021
Креативті индустриядағы үздік стартап идеяларға арналған конкурс басталды

Қазақстан-Британ Техникалық Университеті және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Хенли Бизнес мектебімен, Рэдинг университетімен бірлесіп Creative Spark (British Council) бағдарламасы шеңберінде креативті индустриядағы үздік стартап идеяларға арналған конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
27 қаңтар 2021
Студенттеріміз ІІ Халықаралық «Art-parad in Vitebsk» фестиваль-байқауында ІІ дәрежелі лауреат атанды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлтты консерваториясының «Кәусар» триосы ІІ Халықаралық «Art-parad in Vitebsk» фестиваль-байқауында ІІ дәрежелі лауреат атанды. Трио жетекшісі, «Домбыра» кафедрасының аға-оқытушысы Нұргүл Жақыпбек алғыс хатпен марапатталды. Биылғы «Арт-парад» «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің 30 жылдығына арналған. Байқау онлайн форматта өтті.
Лауреат атанған студенттерімізді құттықтай отырып, алда тек шығармашылық табыстар тілейміз!
Лауреат атанған студенттерімізді құттықтай отырып, алда тек шығармашылық табыстар тілейміз!
26 қаңтар 2021
Forecast-тың алтыншы шығарылымы үшін идея ұсыну жарияланды

Forecast – бұл халықаралық бағдарлама, бұл бағдарламаның көмегімен шығармашылық мамандықтағы адамдар өз жобаларын іске асыру үшін тәжірибелі менторлармен бірігеді. Forecast нақты белгіленген пәндер мен жанрлардан асып түседі.
21 қаңтар 2021
«Еуропа-Азия» пианиношылардың І Халықаралық байқауы өтеді

2021 жылдың 29-31 наурызы аралығында «Еуропа-Азия» пианиношыларының І Халықаралық байқауы өтеді. Ұйымдастырушы – «Загир Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты» жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің арнайы фортепиано кафедрасы.
21 қаңтар 2021
Қабылдау 2025