Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Арман Жүдебаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды
Арман Жүдебаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әділханұлы Жүдебаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатына ие болды. Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесі үшін берілген марапатты ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы табыстады. Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын марапатымен құттықтап, әрқашан мерейі үстем болып, абыройы арта берсін деген тілек білдіреді!
19 ақпан 2021
Екіжақты меморандумға қол қойылды
Екіжақты меморандумға қол қойылды
Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шараға «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ төрағасы Данияр Нұрашұлы Есин, консерватория ректоры м.а. Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Әбдірахман Гүлнар Бахытқызы, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор м.а. Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы мен консерваториямыздың бірқатар қызметкерлері қатысты. Меморандумның негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, оның әдіснамалық және ғылыми-зерттеу негізін нығайту саласында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастық орнату болып отыр.
12 ақпан 2021
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевпен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевпен кездесу өтті
Бүгін 05.02.2021 ж. ZOOM платформасында конференция өтті, оған Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев, Алматы қаласы аудандарының әкімдері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері, «Sanaly yrpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі К.А. Тоқышев және «IZGILIK ELSHISI» жобалық кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары қатысты. Консерватория атынан: тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор М.А. Ешмұханов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, жалпы фортепиано кафедрасының меңгерушісі И.В. Олексенко, кеңес мүшелері К.М. Азубаев және А.М. Аширова қатысты.
Бүгінгі іс-шарада 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды және 2021 жылға жаңа міндеттер қойылды, студенттік, оқытушылық және қоғамдық ұйымдардың жұмысына әдістемелік ұсыныстар мен көмек көрстету, ықпал ету тұстары анықталды. Қазіргі уақытта ең басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудитті жүзеге асыру жөніндегі ұсынысты қарау болып табылатыны атап өтілді. Бірқатар іс-шаралар, вебинарлар, кездесулер және т. б. өткізу жоспарлануда.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаев және республикалық жобалау офистерінің басшылары атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.
5 ақпан 2021
Консерватория түлегі – композитор Алексей Котельников
Консерватория түлегі – композитор Алексей Котельников
Біз бүгін Алматы консерваториясының 1983 жылғы түлегі, композитор Алексей Руфович Котельников жайлы сөз қозғамақпыз. Алексей Руфович 1957 жылы Орынбор облысындағы Илек ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Бала жасынан бастап баян аспабына қызығып, үйрене бастайды.
Ата-анасымен Орал қаласына қоныс аударғаннан кейін ол жаңа мектебінде В.В.Новенкованың жетекшілігімен баяншылар үйірмесіне қатысып, көркемөнерпаздардың қойылымдарында да белсенділік танытып жүреді. 1974 жылы Алексей Руфович Орал музыкалық училищесіне Н.Г.Новенькованың сыныбына түседі.
А.Р.Котельниковтың алғашқы шығармашылық тәжірибесі 1974-1975 жылдардан бастау алады, бұл кездері ол орыс халқының билері мен әндерін өңдеумен айналысқан. Сол жылдары Алексей орыс халық аспаптары оркестріне арналған өз туындыларын жаза бастайды. 1978 жылы ол училищені аяқтап, Алматыдағы консерваторияға оқытушы С.С.Сейтхановтың сыныбына оқуға түседі. Консерватория студенттерімен және композиторларымен, әуесқой композитор В.Солодовниковпен, И.Киммен, В.Ячменевпен таныстық А.Р.Котельниковтің шығармашылық қызметіне қуатты серпін берді.  Өкінішке орай оның бірқатар туындылары жойылған әрі жоғалған.
1983 жылы ол Алматы консерваториясын, В.Евдокименко сыныбы бойынша тәмамдаған. Өнер ордасындағы оқуын аяқтай салысымен, А.Руфович Оралдағы №2 музыкалық мектебінде қызмет жасаған. Ол музыка мектептеріне арналған әдістемелік құралдар, жаттығулар мен этюдтар құрастырған.

2000 жылы А.Котельников өткен ғасырдың 80 жылдарының аяғы мен 90 жылдардың басындағы қолжазбаларды қалпына келтіре бастады. Осы уақытта оның алғашқы соната, сюита, этюд-экспромттары дүниеге келді. 2005-2006 жылдары А.Руфовичтің түрлі құрамдарға арналған эстрадалық шығармалары да жарық көре бастады.
Композитор 2012 жылы Ресейде өз қаражатымен «Баянға арналған таңдаулы туындылар» атты өзінің алғашқы музыкалық жинағын жарыққа шығарды. Кейін оның атсалысуымен тағы бірнеше жинақ шығарылды. Ол әлі де жеке музыкалық жинақтарын шығаруға дайын екенін айтып отырады.
Қазіргі уақытта А.Р.Котельников Ресесйдің Саратов облысындағы Энгельс қаласында тұрып жатыр. Бірақ әрқашан өзі өскен ортасы, атамекені Қазақстанға бүйрегі бұрып тұрады.
Алексей Руфович бойындағы талантымен түрлі шығармаларды дүниеге әкелді, оның композиторлық қыры өнер адамдары үшін үлгі тұтарлық. Осындай дарынды тұлғаның шығармашылығына қолдау білдіріп, парақшасына жазылайық, достар!
Фейсбук парақшасы: Композитор Алексей Котельников
4 ақпан 2021
Халық музыкасы факультетінің студенттері байқау жүлдегерлері атанды
Халық музыкасы факультетінің студенттері байқау жүлдегерлері атанды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің студенттері Айман Мұхаметқазықызы (баян мамандығы) мен Зарина Жүнісованы (қобыз) және олардың тәлімгері жалпы фортепиано кафедрасының аға оқытушысы А.М. Бақтыгерееваны «Зимняя сказка» халықаралық фестивалінде «Аспаптық музыка, қобыз және фортепиано» номинациясындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Фестиваль 25 қаңтар күні Алматыда «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қорының қолдауымен online режимде өтті.
3 ақпан 2021
СТУДЕНТІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ПИАНИНОШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
СТУДЕНТІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН ПИАНИНОШЫЛАР БАЙҚАУЫНДА ГРАН-ПРИ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Композиция кафедрасының 1-курс студенті Айдархан Айсұлуды «PIANO FORTE» Халықаралық онлайн пианиношылар байқауында Гран-при жүлдегері атануымен құттықтаймыз!
3 ақпан 2021
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!!
Бүгін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын қорытындылап, марапаттау рәсімін өткізді. Шара аясында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевты Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның есімі мен мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Абай 175 жыл» медалімен марапаттады.
Консерватория ұжымы Арман Әділханұлын марапатымен шын жүректен құттықтайды!
2 ақпан 2021
«Фортепианоға арналған әлем халықтарының музыкасы» атты байқау өтпек
«Фортепианоға арналған әлем халықтарының музыкасы» атты байқау өтпек
Әлемдік шығармашылық қарым-қатынас орнату үшін «Фортепианоға арналған әлем халықтарының музыкасы» әр түрлі мамандықтағы музыканттарға арналған фортепиано курсының V ашық халықаралық фестиваль-конкурсы
1 ақпан 2021
Консерваторияға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы келді
Консерваторияға «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы келді
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы келді.
Консерватория ректоры Арман Әділханұлы Марат Болысбекұлына былтыр маусым айында негізгі ғимарат пен Үлкен концерт залында басталған күрделі жөндеу жұмыстарының жүру барысымен таныстырды.
29 қаңтар 2021