Консерватория жаңалықтары

«Ұлағатты ұрпақ» атты мәдени-білім беру порталының ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз!
Бұл жобаның мақсаты жасөспірім балаларымыз бен жастарымызды бүкіл адамзатқа ортақ мәдени құндылықтарға мән беруге үйрету, рухани тұрғыда тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру, еліміздің мәдени мұрасын құрметтеуге баулу.

Қымбатты достар! Жақында Украинаның Сумы қаласында «Слобожанская фантазия» атты Х Халықаралық пианистер байқауы мәресіне жетті. Әлемдік пандемияға байланысты аталмыш шара биыл онлайн форматта өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 2-курс магистранты Ербол Қожағұл 2-орынға ие болды (доцент Гүлнара Төлегенқызы Құрамбаеваның сыныбы).
Айта кетейік, байқауға Қытай, Жапония, Сингапур, Канада, Мальта, АҚШ, Ресей, Украина, Грузия және т.б елдердің пианистері қатысты.
Ербол Қожағұлды жүлделі 2-орынымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Консерваторияда жоғары оқу орнының табалдырығын алғаш аттаған білім алушылардың жаңа өмірге бейімделуіне көмектесетін бірінші курс студенттерінің дәстүрлі онкүндігі өтті. Бұл жастарды кітапқа және кітап оқуға тарту, сонымен қатар студенттердің ақпараттық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында жыл сайын жүзеге асырылатын жоба.
Студенттер еліміздегі ең үлкен музыкалық кітапхананың тарихымен, оның қорымен, ресурстарымен әрі қызметтерімен танысады. «Кітапхананың анықтамалық-ақпараттық қоры» кітапханалық сабақ, кітап көрмелерінің презентациялары, библиографиялық көрсеткіштерге шолу, RILM, JSTOR, Web of Science, ScienceDirect мәліметтер базасында тіркелу, «Кітапты немесе нотаны қалай табуға болады?» кеңестері, бірінші курс студенттеріне өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға, іздеу уақытын қысқартуға және қажетті ақпаратқа жедел қол жеткізуге көмектеседі.



Қазылар алқасының төрайымы - У.Гаджибеков атындағы Баку музыкалық академиясының проректоры, Әзірбайжан Республикасының халық артисі, профессор Егяна Ахундова болды.
Консерватория ұжымы студентімізді шын жүректен құттықтайды!


«Домбыра» номинациясы бойынша ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз Жүдебаев Арман Әділханұлының шәкірті, 2-курс студенті Қазкенов Дастан жүлделі 1 орынды иеленсе, «Вокал» номинациясы бойынша 3-курс студенті Көшкінбаев Дінмұхамед 2 орын алып лауреат атанды, ұстазы Бекназарова Танагүл Кайкенқызы, сүйемелдеушісі Жидилова Гүлнар Шаханқызы.
Жеңімпаз студенттерімізді жүлделерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
