Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Ректор Арман Жүдебаевтың мақаласы жарық көрді
Ректор Арман Жүдебаевтың мақаласы жарық көрді
Еліміздегі музыкалық ЖОО-ның бірегейі Қазақ ұлттық консерваториясының басшысы өз мақаласында студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға көмектесетін лайықты білім беруді басты міндет ретінде атап өткен.
17 қараша 2020
Профессор А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарық көрді
Профессор А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарық көрді
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарыққа шықты.
16 қараша 2020
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді
Қымбатты достар! 2020 жылдың 19 қарашасында  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абайдың Рухани мұрасы және қазіргі заманғы өнертанудың өзекті мәселелері» атты онлайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс». Конференцияның басты тақырыптары - ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі Абай мұрасының тағдыры,  композитор шығармаларының ұлттық музыкалық мәдениеттің дамуы контексіндегі рөлі мен маңызы, қазіргі дәстүрлі, концерттік тәжірибедегі Абай мұрасы.

Конференцияға алыс және таяу шет елдердің танымал ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері, жас зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады. Атап айтқанда:

-    АҚШ-тың Оңтүстік Каролина университетінің қауымдастырылған профессоры – Анна Олдфилд;
-    Болгария астанасы София қаласындағы «Проф. Панчо Владигеров» ұлттық музыка академиясынан өнертану докторы – Мануэла Бончева;
-    П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, өнертану докторы – Виолетта Юнусова;
-    Ташкенттік қонағымыз, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының оқытушысы - Аманмурадов Шохрат Чарыевич;
-    Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің магистранты – Молдалим Тоқжан Жақсылыққызы.

16 қараша 2020
Консерватория студенті Әміре Қашаубаев атындағы әншілер байқауында лауреат атанды
Консерватория студенті Әміре Қашаубаев атындағы әншілер байқауында лауреат атанды
Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1-5 қыркүйек күндері Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауы өтті. Ән байқауына республиканың түкпір-түкпірінен 25 өнерпаз қатысты. Байқау ережесі бойынша қатысушыларға Ә.Қашаубаевтың үнтаспада сақталған репертуарынан «Ағаш аяқ» әнін (ер азаматтарға), «Дудар-ай» әнін (қыз балаларға) және халық композиторлары немесе халық әндерінен бір әнді өз еріктерімен таңдап орындау міндеттелген.
Алқа төрағасы, қоғам қайраткері Бекболат Қанайұлы бастаған қазылардың жоғары бағасын алған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық әні» кафедрасының 3-курс студенті Байбақты Ідірбай 3-орынды иеленіп, лауреат атанды. Ұстазы – «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Қарабалина Эльза Жеңісқызы.
12 қараша 2020
Ең креативті фото/сурет байқауы өтті
Ең креативті фото/сурет байқауы өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің қолдауымен, Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған консерваторияның 1 курс студенттері арасында  ең креативті фото/сурет байқауы өтті. Жеңімпаздарды консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы марапаттап, оқуда сәттілік тіледі. Байқау нәтижелері клубтың Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.
Байқауға қатысқан жеңімпаздарды консерватория ұжымының атынан құттықтаймыз.
1. Жиенғалиев Әлішер
2. Шакенбаев Мұхамедали, Өткелбаева Жадыра
3. Еркін Алима
4. Ниязова Жанна

5 қараша 2020
«Ұлы дала сарындары» атты күйлер жинағы жарық көрді
«Ұлы дала сарындары» атты күйлер жинағы жарық көрді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Ұлы дала сарындары» атты екі дисктен тұратын күйлер жинағы жарық көрді. Бұл дискте консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультеті оқытушыларының орындауындағы домбыра, қыл қобыз, жетіген және шертер сияқты қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарына арналған шығармалар жинақталған. Жинақтағы күйлерді орындаушылар қатарында Б.Ысқақов, А.Райымбергенов, К.Сахарбаева, А.Үлкенбаева, Е.Басықара, Т.Тоқжанов, М.Әбуғазы, Н.Жақыпбек, Н.Әшіров сынды елімізге белгілі өнер майталмандары бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл жинақ студенттер үшін ғана емес, жалпы ұлттық өнерімізді қастерлейтін барша өнерсүйер қауымға арналады.
4 қараша 2020
«Халық музыкасы» факультетінің 4-курс студенті Базарбаева Назерке 2 конкурста топ жарды
«Халық музыкасы» факультетінің 4-курс студенті Базарбаева Назерке 2 конкурста топ жарды
Қымбатты достар! Жуырда Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығы, Науша Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойларына арналған "Күмбірлеген күміс күй" және Абыл Тарақұлының 200 жылдық, Есір Айшуақұлының 180 жылдық, Өскенбай Қалмамбетұлының 160 жылдық мерейтойларына арналған «Сермей тартқан семсер күй» атты күйшілер байқауы өтті. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің 4-курс студенті Базарбаева Назерке екі конкурста да I дәрежелі диплом иегері атанды. Ұстазы - профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сахарбаева Карима Сүндетқызы.
Консерватория ұжымы Назеркені шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!
#КНКимКурмангазы
#music
#Консерватория
2 қараша 2020
Taylor&Francis Group тобына тестілік қол жеткізу
Taylor&Francis Group тобына тестілік қол жеткізу
ҚР БҒМ ғылым комитеті 22 қазаннан бастап Taylor&Francis Group компаниясы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы үшін  2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін 60 күнтізбелік күнге журналдарға тегін қол жеткізуді ұсынатынын хабарлайды.
29 қазан 2020
«Қазақ халқына тән діни дүниетаным» тақырыбында кураторлық сағат өтті
«Қазақ халқына тән діни дүниетаным» тақырыбында кураторлық сағат өтті
Бүгін консерваториямыздың «Студенттер және түлектермен жұмыс жасау» бөлімінің ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасы арқылы онлайн түрде «Қазақ халқына тән діни дүниетаным» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор міндетін атқарушы Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Ернар Баубеков ат салысқан шараға қонақ ретінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті «Исламтану» кафедрасының оқытушысы Үйсінбаев Бейбіт Әсетұлы қатысып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кураторлық сағат мәнді де мағыналы әрі қызықты өтті.
28 қазан 2020