Консерватория жаңалықтары
«Домбыра» мамандығының 1 курс білім алушыларына профессор Т.Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты шеберлік сыныбы өтті.
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф.Шопен атындғы кіші камералық залында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасаның аясында «Домбыра» мамандығының 1 курс білім алушыларына профессор Т.Тоқжановтың «Орындаушылық өнер тарихы» атты шеберлік сыныбы өтті.
Қазақтың күйшілік дәстүрі ірі жеті аймақтық мектептерге бөлінсе, композиторлық мектептері тағы бар. XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай елімізде кәсіби музыканың дамуына байланысты домбырада заманауи бағыттағы орындаушылық үлгісі де қалыптасты.
Бұл жолғы шеберлік сыныбында Жетісу күйшілік дәстүрінің өкілі, Байғозы, Ердене, Мергенбайлардан жалғасып келе жатқан күйшілер әулиетінің бүгінгі ұрпағы, дәулескер күйші Сауқынбек Шаханұлы арнайы қонақта болып, студенттеріміздің сұрақтарына жауап беріп, бабадан балаға мұра болып келе жатқан күй өнері туралы салиқалы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ қонағымыз бірнеше күйді шығу тарихын айта отырып орындап, консерватория студенттерінің ыстық ықыласына бөленді. Репертуарында Бөлтірік, Бестібай, Қожақан, Тілеміс, Тәттімбет, Құрманғазы т.б. композиторлардың шығармалары бар күйшінің Кертолғау, Шабыт, Мұқағалиға арнау, Менің атам-Қожбанбет, Батыр баба-Бауыржан сынды т.б. авторлық күйлері бар.

28 қыркүйек 2020
Консерватория ректоры Арман Жүдебаевтың жылдық есеп беру кездесуі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдары басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлының 2019-2020 оқу жылындағы консерватория қызметінің нәтижелері туралы халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуі өтті. Еліміздегі санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы кездесу консерваториямыздың YouTube және Facebook парақшаларында тікелей эфир форматында өтті.
25 қыркүйек 2020
Құрметті әріптестер!

Сіздерге 21 қазанға дейін JSTOR (https://www.jstor.org/) порталының «Өнер» бөліміндегі мәліметтерді консерватория қабырғасындағы кез келген компьютермен, сондай-ақ оқу ордасының кітапханасындағы компьютерлер арқылы кіріп, қолдана алатындықтарыңызды хабарлаймыз.
JSTOR – ғылыми және публицистикалық журналдар мен еуропа тілдеріндегі кітаптардың базасы. JSTOR-ды қолдана отырып, сіз өзіңізге қажетті материалдарды тегін іздеу мүмкіндігіне ие боласыз әрі оларды PDF форматында жүктей аласыз.
JSTOR-да музыка жайында мыңнан астам кітап сақталған және онда ғылыми қоғамдастық ретінде танылған 100 музыкалық журналдың, соның ішінде ««Perspectives of New Music = Жаңа музыканың келешегі», «Journal of the American Musicological Society = Американдық музыкалық қоғам журналы», «Early Music = Ескіден қалған музыка», «Tempo = Темп», «The value of Art = Өнер құндылығы», және т.б. архивтері тұрақты түрде жаңартылып отырады.

23 қыркүйек 2020
Студенттеріміз «Возрождение» вокалдық байқауынан олжалы қайтты

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 3 курс студенті Ғимарат Ерназар Қазан қаласында өткен ІІІ Халықаралық «Возрождение» вокалдық байқауында «Сүйемелдеу өнері» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
22 қыркүйек 2020
Консерватория ректорының жылдық есебі өтпек

ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, 2020 жылдың 25 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлының 2019-2020 оқу жылындағы консерватория қызметінің нәтижелері туралы халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуі өтеді. Еліміздегі санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы кездесу консерваториямыздың YouTube арнасында тікелей эфир форматында өтпек. Сондай-ақ эфирді консерватория сайты және фейсбуктегі ресми парақшасындағы сілтеме арқылы көре аласыздар.
21 қыркүйек 2020
Hertfordshire Press британ баспасының өкілімен кездесу өтті

14 қыркүйекте Құрманғазы атындағы ҚҰК-да Hertfordshire Press британ баспасының өкілі Ангелина Красногирмен кездесу өтті. Баспа өкілі консерватория студенттері мен оқытушыларын британдық баспалар: Еуразиялық шығармашылық гильдиясы, «ECG академиялық сериясы», британдық «OCA magazine» журналы жобаларын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.
17 қыркүйек 2020
Консерватория студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті

Бүгін Zoom платформасында консерваторияның 1 курс студенттеріне арналған кураторлық сағат онлайн форматта өтті. Кураторлық сағатты тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы М.Ешмұханов жүргізді.
16 қыркүйек 2020
"Адалдық алаңы" жобасы консерваторияда

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қамзолдаев Марат Болысбекұлы келді. Ол оқу ордамыздың ректоры Арман Әділханұлымен кездесіп, бірге атқарылар жұмыстар жайын талқылады.
7 қыркүйек 2020
Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы мен Авхий Хавлаш марапатқа ие болды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, Өнертану ғылымдарының кандидаты Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісіне ие болды. Сонымен қатар консерваториямыздың профессоры, Моңғолияның халық артисі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Авхий Хавлаш «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Аталмыш наградаларды бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы табыстады.
Консерватория ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарында табыс тілейді!
Консерватория ұжымы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарында табыс тілейді!
2 қыркүйек 2020
Қабылдау 2025