Консерватория жаңалықтары
Ұстаздар мен қызметкерлердің назарына!

2020 жылдың 23 қаңтарында, сағат 12:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ойшыл ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты, «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты президент мақаласы бойынша философия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің онлайн дәрісі өтетінін хабарлаймыз.
Құрметті ұстаздар мен қызметкерлер, осы онлайн дәріске қатысуларыңызды сұраймыз.
Өткізу уақыты: 23 қаңтар, сағат 12:00.
Құрметті ұстаздар мен қызметкерлер, осы онлайн дәріске қатысуларыңызды сұраймыз.
Өткізу уақыты: 23 қаңтар, сағат 12:00.
17 қаңтар 2020
«Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған «Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Жиынға консерватория басшылығы мен профессор-оқытушылық құрамы және бірқатар қонақтар қатысты.
10 қаңтар 2020
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мақаласы шықты

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
9 қаңтар 2020
Ректор марапат иелерін құттықтады!
2020 жылдың 6-қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ғылыми кеңес отырысы өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен консерваториямыздың бірқатар ұстаздары марапатталды. Марапат иелері қатарында «Домбыра» кафедрасының доценті Жұмағали Қуаныш Ізімұлы, «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының аға оқытушысы Қожамжарова Күләш Өмірзаққызы, осы кафедраның оқытушысы Алшымбаева Айгүл Бақытжанқызы және концертмейстерлер, Скрипченко Елена Анатольевна, Көкубаева Ләйлә Малдыбайқызы, Косаманова Гульназ Гаяновна, Зыкеева Татьяна Сергеевналар бар. Сонымен қатар консерватория ректоры Арман Әділханұлының Алғыс хатына зейнеттегі ардагер ұстаз Баяхунов Бакир Яхиянович пен «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы Жүнісова Балжан Бекенқызы ие болды. Марапат иелерін құттықтаймыз.
7 қаңтар 2020
Студенттердің әлеуметтік ахуалы жөнінде сауалнама жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті студенттердің әлеуметтік ахуалын анықтау мақсатында 2019 жылдың 25-желтоқсанына дейін онлайн форматта сауалнама жүргізеді.
Сауалнамаға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeXg43rzDghzxHSJRxER-p_mqbLIaZ3P9Nfw_I56G7DLtCtCg/viewform
Сауалнамаға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeXg43rzDghzxHSJRxER-p_mqbLIaZ3P9Nfw_I56G7DLtCtCg/viewform
19 желтоқсан 2019
Студенттер арасында жасырын сауалнама жүргізіледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті ЖОО-дағы жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында 2019 жылдың 18-27 желтоқсан аралығында студенттер арасында жасырын сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға 3-курс студенттеріне қатысу міндетті. Қалған курс студенттері ерікті түрде қатыса алады.
Сауалнамаға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.
https://forms.gle/XPuVR7uafAw3hSvr8
Сауалнамаға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.
https://forms.gle/XPuVR7uafAw3hSvr8
18 желтоқсан 2019
Музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысы Данара Мұсахан «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды

Музыкатану және композиция кафедрасының аға оқытушысы Мұсахан Данара Ерұланқызы 2019 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанып, 10 желтоқсанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысып қайтты.
Әріптесімізді «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атануымен құттықтаймыз!
Әріптесімізді «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атануымен құттықтаймыз!
14 желтоқсан 2019
Жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз
Бүгінгі консерваториямыздың үлкен концерт залында өткен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне тапсырған мемлекеттік наградаларына лайықты болған қуаныш иелері қатарында консерваториямыздың қызметкерлері де бар.
14 желтоқсан 2019
Министр мемлекеттік наградаларды табыстады
Бүгін Егемен еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова Президент жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мәдениет саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапат соңы консерватория студенттері және оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылған концертке ұласты.
14 желтоқсан 2019
Қабылдау 2025