Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған Ғалымжан Нарымбетовтың жеке концерті өтті
Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған Ғалымжан Нарымбетовтың жеке концерті өтті
2020 жылдың 11 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты, консерваториямыздың ұстазы Ғалымжан Нарымбетовтың жеке концерті өтті.  
Концерт залында ине шаншар орын болған жоқ. Бұл кешке жиналған көпшілік қазақстандық және шетел композиторларының ең үздік шығармаларын тыңдады. Олардың ішінде А. Құнанбаев, Ықылас, И.С.Бах, В. Черников, П. Макконен, В. Семенов, А. Жайым, А. Пьяцолла, В. Гридин, А. Шалаев, Р. Гальяно және т.б. туындылары бар.
Әлемдегі мәдени-рухани жаңалықтар, өнердегі шоу-эксперимент мына біздің ұлы даладан тарағандай көрінеді. Кез келген жиын-той, мерекені ән-күйсіз елестету мүмкін емес. Бұл кеште көрермендердің есінде қалған ерекше дүниелердің бірі - Күй тартыс. Біз осыған дейін домбыраның, қобыздың күй тартысына қанық болып жүргеніміз рас. Ал Ғалымжан Нарымбетов (баян), Алмат Сайжан (қыл қобыз), Таңат Сәденов (домбыра), Арман Жайымның (фортепиано) орындауындағы «Күй тартысы» көпшіліктің есінде қалары сөзсіз. Концерт соңында көрермен қауым өнерпаздың өнерін жоғары бағалап, зор қошеметке бөледі.
Біз өз кезегімізде әріптесімізге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілейміз.

12 ақпан 2020
Аяз Бетбаевтің шығармашылығына арналған «Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын» атты жинақтың тұсаукесері
Аяз Бетбаевтің шығармашылығына арналған «Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын» атты жинақтың тұсаукесері
2020 жылдың 7 ақпанында  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Шопен атындағы камерлық залында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Шу ауданының құрметті азаматы, ақын, термеші, сазгер Аяз Бетбаевтің шығармашылығына арналған «Сауытбектің сарқыты – Аяз ақын» атты жинақтың тұсаукесері өтті. Кешке келген қонақтар Жамбыл мен Кененнің ізін жалғаушы, жыршы, термеші, ақын - Аяз Бетбаевті ыстық естеліктермен еске алып, жазылған еңбекке құттықтау тілектерін білдірді. Қонақтардың қатарында                                Аяз Бетбаевтің жары Г. Сауырбайқызы, жыршы Әбіш Әділбеков, кафедрамыздың оқытушылары А.Бердібай, И.Қожабеков, студенттер мен шәкірттер болды. Жинақты дайындаған «Музыкатану» факультетінің 2-курс магистранты Искаков Жұлдыз. Шара барысында «Аязға арнау» толғауымен Аяз ақынның шәкірті Бекарыс Көштаев ән шырқап, халық әні «Жеңеше-ай» әнімен Бек Нуридинұлы қонақтардың қошеметіне бөленді. Сондай-ақ Жұлдыз Искаков анасы мен ұстаздарына алғыс білдіріп, кітаптың мазмұнымен таныстырып, келген қонақтарға кітаптарын сыйға тартты.
7 ақпан 2020
Виго консерваториясы ЭРАЗМУС +
Виго консерваториясы ЭРАЗМУС +
Ағымдағы оқу жылында академиялық ұтқырлық аясында «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 2 курс студенттері Әбілсейіт Аружан және Жақсыбек Томирис Виго консерваториясынан (Виго қ-сы, Испания) бір семестрлік оқуын аяқтап оралды.
Мұндай шара «Эразмус+» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, мұнда студенттер үшін шәкіртақы мен барлық шығындардың төлемі қарастырылған.
7 ақпан 2020
XII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ-2020
XII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ-2020
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Өнер» және «Білім» бағытында 11 мамандық (13 номинация)  бойынша 2020 жылы ҚР БжҒМ XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасын келесі мамандықтар бойынша өткізеді:
5 ақпан 2020
Шабыттың ұшқыны
Шабыттың ұшқыны

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің шығармашыл жастарының бастамасымен, консерваториямыздың Үлкен концерт залында «дирижерлеу» кафедрасының ұйымдастыруымен «Шабыттың ұшқыны» атты хор музыкасының концерті өтті.
Шабыттың ұшқыны  - бұл Амангелдинов Аянның көркемдік жетекшілігімен аралас және жастар хор ұжымының тұсаукесер көрсетілімі. Бұл концерттің мақсаты қазақстандық көрермендерге хор өнерін кеңінен насихаттау. Сондай-ақ Аянның Кореяда 3 жыл бойы жинаған білімі мен өнерін көрсету дейді ұйымдастырушылар. Бұл кеште Қазақстанда алғаш рет Корея мен Австралияның композиторлары Hye-yeong Jo және Naomi Crellin-нің хор шығармалары, сонымен бірге бірқатар Қазақстан, Ресей, Латвия және Британия композиторларының үздік туындылары да орындалды.
Хор музыкасы кешінің қонақтары «Atman» аспаптық триосы. Бұл  топ ерекше стилі бар, көрерменді таң қалдыра алатын жас команда. Олардың ерекшелігі күрделі техникалық тәсілдерді талап ететін шығармаларды орындауларында. Трио құрамы: Евгений Ястремский, Асана Нарбутаев (гитара) және Рафис Зарипов (аккордеон).


3 ақпан 2020
Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры вокалистерді шақырады
Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры вокалистерді шақырады
Саха Республикасының Мемлекеттік опера және балет театры артист-вокалист қызметіне 3 (ТЕНОР, БАРИТОН, БАС) жеке орындаушыны конкурстық негізде қабылдайтыны жөнінде мәлімдейді.
Біз бәсекені көтеретін 70 000 рубльдан жоғары (~1000 €) жалақы, РФ Еңбек кодексі бойынша қарастырылған тиесілі әлеуметтік пакет.
3 ақпан 2020
Қазақстанда Пан-Кавказдық Жастар халықаралық симфониялық оркестріне қатысу үшін жас музыканттарды тыңдау байқауы жарияланады
Қазақстанда Пан-Кавказдық Жастар халықаралық симфониялық оркестріне қатысу үшін жас музыканттарды тыңдау байқауы жарияланады
«Цинандали классикалық музыка фестивалінің» ұйымдастырушылары (Грузия) Қазақстандағы 18-28 жас аралығындағы талантты жас музыканттар арасында Пан-Кавкадық жастар оркестріне (PCYO) қатысу үшін тыңдау байқауын жариялап отыр. Тыңдау байқауы 2020 жылдың 7 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ның Камералық залында өтеді.

Қазақстанмен қатар, тыңдауға Кавказ өңіріндегі елдерден (Грузия, Армения, Әзірбайжан), Украина мен Түркиядан жас музыканттар қатысып жатыр. Іріктеуден өткендер дүниежүзіне әйгілі дирижер Джанандреа Нозеда жетекшілік ететін Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестрінің құрамында өнер көрсетпек. Оркестр 2020 жылдың қыркүйегінде Грузияның Цинандали қаласында өтетін фестивальдің резидентіне айналады.
31 қаңтар 2020
«Жаппай ашық онлайн-курстар: дайындау, алға жылжыту және қолдану» атты әдістемелік семинар
«Жаппай ашық онлайн-курстар: дайындау, алға жылжыту және қолдану» атты әдістемелік семинар
2020 жылдың 24 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Жаппай ашық онлайн-курстар: дайындау, алға жылжыту және қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты: консерваторияда жаппай ашық онлайн курстар туралы ақпарат беру, бұл курстардың ЖОО оқу процесіне қалай көмек көрсете алатынын көрсету.
Семинарға консерваторияның декандары, кафедра меңгерушілері және профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
27 қаңтар 2020
Консерваториямызда «Музыкалық өнер саласында кәсіби білім беру» атты семинар өтті
Консерваториямызда «Музыкалық өнер саласында кәсіби білім беру» атты семинар өтті
2019 жылдың 21 қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында  Республикалық оқу әдістемелік кеңес мәжілісі аясында «Музыкалық өнер саласында кәсіби білім беру» атты семинар өтті. Жиынға бірқатар музыкалық орта білім беретін мектеп-колледждердің өкілдері қатысты. Атап айтқанда А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Қ.Жырғаланова, музыка ісі жөніндегі орынбасары С.А.Оспанкулова, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Мусрепова, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі директорының оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Балпанова, оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары А.Б.Сарманова және Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі С.А.Бегалина.
Күн тәртібінде қаралған негізгі үш мәселе: музыкалық орта білім беретін оқу орындарындағы мамандарға деген сұраныс (мамандықтар бойынша); Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына жаңа білім беру бағдарламаларын ашу қажеттілігі туралы; жоғары және орта музыкалық  оқу орындарының білім беру бағдарламаларының сабақтастығы туралы.

Кездесуде кәсіби музыкалық білім берудегі басты мәселелер, мектеп-колледж-ЖОО арасындағы сабақтастық және оқу процесіндегі ерекшеліктер, оқу жоспарларын реттейтін нормативтік құжаттарды әзірлеудің маңыздылығы атап өтілді. Республикалық оқу әдістемелік кеңес мәжілісі аясында мамандар жоғарыда айтылған әр тақырып бойынша жеке-жеке тоқталып, өз ойларын ортаға салып, мәселені жан-жақты қарастырды.
Семинар қорытындысы бойынша жуырда осы мәселелерді жетілдіру және мазмұны бойынша кейбір пәндердің қайталануын болдырмау мақсатында, білім беру деңгейлері бойынша оқу бағдарламаларына талдау жүргізілетін болды.
22 қаңтар 2020