Консерватория жаңалықтары
Нұр-Сұлтан қаласында «Халық музыкасы» факультетінің МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж. Жабаев атындағы Үлкен залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына арналған консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультетінің МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ өтті.
Шараны консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып, Ұлттық өнер университетінің басшылығына алғысын білдіріп, осындай концерттер әлі де жалғасын табатынын жеткізді.
Концертті тамашалауға жиылған жұртшылық Біләл Ысқақов, Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, Төлепберген Тоқжанов, Еркін Шүкіман, Мұрат Әбуғазы, Ұлжан Байбосынова, Салтанат Құдайбергенова, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Динара Нұрбаева, Армат Ислямғалиев, Амангелді Күзеубай, Эльза Карабалина, Асылбек Кеңегесов, Ержан Жәмеңкеев, Әйгерім Қарсақбаева, Мақсат Медеубек, Әсел Алина, Ғалымжан Нарымбетов сынды дарынды өнерпаздардың орындауындағы көнеден жеткен жауһар жырды, әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, құлақ құрышын қандырды.
75 жыл тарих - адамзат жасы үшін асудан асар кемелді шың, ал, өнер үшін, ұлтымызға тән, оның ауызша мәдениетпен қалыптасқан дәстүрлі үдерісінің кәсіби бағыт алып, әлемдік үрдістер аясында тең дәрежеде қалыптасып, замана заңғарына шарықтату үшін сындарлы мерзім. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көшбасшы музыкалық жоғарғы оқу орны ретінде өзінің түлектерімен мақтанады. Бүгінде, Қазақстанның барлық дерлік бастауыш, орта және жоғарғы музыкалық білім беру оқу орындарындарында консерватория қабырғасынан түлеп ұшқан кәсіби мамандар мен білікті ұстаздар қызмет жасап жүргені баршаға мәлім.
Сонымен бүгін Нұр-Сұлтан қаласына Алматы шаһарынан арнайы барған «Халық музыкасы» факультетінің ұстаздары елордалық көрермендердің ыстық ықыласына тағы бір мәрте бөленді.

11 желтоқсан 2019
Арман Жүдебаев жас өнерпаздың арманын орындады

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы «NIET» бағдарламасында қонақ болып, көз жанарынан ерте айырылған Нұрдәулет Сағатбек есімді жасөспірім өнерпазбен кездесті. Нұрдәулеттің жасы 12-де. Қарағанды қаласынан анасымен бірге келген. Анасының айтуы бойынша баласының домбыраға деген қызығушылығы 7 жасынан пайда болып, бүгінгі күні 20-ға жуық күй орындайды. Әлеуметтік желілерден ректорымыздың күй орындағанын тыңдап, Арман Әділханұлымен кездесіп, бірге күй орындасам деген арманы болған екен.
- Кезінде Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей бабаларымыз күйді нотасыз ақ құймақұлақ әдіс арқылы үйренген. Бұл өте үлкен шеберлік. Мен шыны керек өте қатты қуанып отырмын. Нұрдәулет сияқты жас талант иесінің өнеріне жоғары бағамды беремін. Біз осындай дарынды жастарды қолдауға әрдайым дайынбыз. Ең бастысы рухани мықты болу керексің, деді өз сөзінде консерватория ректоры Арман Жүдебаев.
Кездесу барасында ректор Нұрдәулетке өзінің домбырасын сыйға тартып, келесі жылы болатын концертінде бірге өнер көрсетуге шақырды. Сондай-ақ консерваториямыздың білікті ұстаздары Біләл Ысқақов, Айгүл Үлкенбаева сынды майталман күйшілерден сабақ алуға шақырды. Арман Әділханұлы осындай кездесу ұйымдастырған «NIET» бағдарламасына алғасын білдіріп, Нұрдәулетпен бірге Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін орындады.

Құрметті консерватория ұстаздары мен студенттері!

Сіздерді 20 желтоқсан күні сағат 14.00-де консерваторияның Мәжіліс залында өтетін
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Фольклорлық зертханасы» атты жинақтың тұсаукесеріне шақырамыз!
Алматы қ. Абылайхан даңғылы, 90

9 желтоқсан 2019
Консерваторияға 2019 жылдың 28 қарашасынан 28 желтоқсанына дейін Znanium ЭКЖ онлайн-ресурсына тегін тестілік қол жеткізу ұсынылды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына 2019 жылдың 28 қарашасынан 28 желтоқсанына дейін Znanium ЭКЖ онлайн-ресурсына тегін тестілік қол жеткізу ұсынылады.
https://new.znanium.com/catalog/books/theme?code=01
Назар аударыңыз: оффлайн (желіден тыс) режимінде оқу кілттері үшін
ҚҰК кітапханасына хабарласыңыз
e-mail: nibs_lib@mail.ru,
Тел.+7 727 272 55 01, ішкі.114
Znanium.com - бұл тақырыптық және мақсатты сипаттамалары бойынша топтастырылған кітаптардың, журналдардың, мақалалардың және т. б. электрондық нұсқаларының қалыптасқан коллекциялық электронды-кітапханалық жүйесі (ЭКЖ). Қазіргі уақытта Znanium.com ЭКЖ оқу және ғылыми әдебиеттің үлкен қорына, сондай-ақ оқу орындарында білім беру және ғылыми процестерді қолдайтын басқа да бірқатар сервистерге онлайн-қол жеткізу бойынша ақылы қызмет көрсететін ақпараттық портал болып табылады. Ресурс сонымен қатар дәлелденген білімге және ғылыми қажеттілікке ие кез келген қолданушы үшін пайдалы болуы мүмкін.
Ресурста сондай-ақ Open Access (ашық колжетімділік) режимінде көптеген мәліметтер бар.
ЭКЖ құрылымы бірыңғай ақпараттық білім беру ортасын құрайтын бірнеше модульден тұрады:
• негізгі модуль — ЭКЖ Znanium.com,
• аналитикалық модуль-Discovery Znanium,
• анықтамалық модуль — Znanium энциклопедиясы
Барлық модульдер бірыңғай авторизацияланған.

5 желтоқсан 2019
Нұр-Сұлтан қаласында Б.Ә. Жаманбаевтың шеберлік-сыныбы өтті.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдық мерейтойы аясында ҚР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Дирижерлеу және композиция» кафедрасының профессоры Б.Ә. Жаманбаевтың шеберлік-сыныбы өтті.
Шараға Италияның Флоренция қаласындағы атақты Луиджи Керубини атындағы консерваторияның ректоры Паоло Зампини қатысып, шеберлік-сыныбына қатысушыларға және жалпы қазақстандық кәсіби музыка мамандарының деңгейіне жоғары бағасын берді.
Шараның өтуіне қолдау білдірген, Базарғали Әжиұлына құрметін аямай, шапан жауып, сый-сияпатын көрсеткен Қазақ ұлттық өнер университеті басшылығына және ұйымдастыруға ат салысқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

Консерватория студенті Р. Гуммерт атындағы III Халықаралық жас орындаушылар байқауында лауреат атанды

Ресейдің Қазан қалайсында өткен Р. Гуммерт атындағы III Халықаралық жас орындаушылар байқауы өз мәресіне жетті. Аталмыш байқауға 12-25 жас аралығында 162 үміткер қатысып, консерваториямыздың студенті Малимбаева Құралай «Гобой» аспабы бойынша 3 орынға ие болды. Ұстазы «Ұрмалы және үрмелі» аспаптар кафедерасының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Нұралы Таңатар Қоңырұлы.
Біз консерватория ұжымы атынан студентімізді шын жүректен құттықтап, шығармышылық табыстар тілейміз.
Біз консерватория ұжымы атынан студентімізді шын жүректен құттықтап, шығармышылық табыстар тілейміз.
5 желтоқсан 2019
«Үздік студент - 2019»

«Ең үздік студент - 2019»
Қымбатты достар! 2019 жылдың 27 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында Республикалық «ҰЛЫ ДАЛА ЖАСТАРЫ: БІРТҰТАС ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» атты конференциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 2 курс студенті Ғимарат Ерназар қатысып, «Жастар жылы» аясында білім, ғылым және өнер саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «ҮЗДІК СТУДЕНТ-2019» төсбелгісімен және «Жас-қыран» Республикалық талантты жастардың III кітап жинағына енгені үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Консерватория ұжымы атынан студентімізді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Консерваториямыздың ардагер ұстаздары мен қызметкерлері алғыс хаттар марапатталды
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында ғылыми кеңес мүшелерінің кезекті жиналысы өтті. Жиналысты ашқан ректор Арман Жудебаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың және өз атынан консерваториямыздың ардагер ұстаздары мен қызметкерлеріне мәдениет және өнер саласына, консерваториямыздың жан-жақта дамуына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыстады.
Біз консерватория ұжымы атынан марапат иелеріне жауапкершілігі жоғары қызметтерінде толағай табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

4 желтоқсан 2019
75 ЖАРҚЫН ЖЫЛ!

2019 жылдың 28-қарашасында Алматы қаласындағы Республика сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдық мерейтойы құрметіне ұйымдастырылған МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ өтті.
Осынау мерейтойлық шараны ұйымдастыруға жан-жақты қолдау білдірген және арнайы құттықтауын арнаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұловаға, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының басшылығына ұжым басшысы Арман Жүдебаев өз алғысын білдіретінін жеткізді.
Мерекелік шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау хаты және Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлының құттықтау сөзімен ашып берді. Сонымен қатар министр ҚР халық артистері Базарғали Жаманбаев, Ғафиз Есімов, Юрий Клушкин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Базархан Қосбасаров сынды консерваторияның ардагер ұстаздарына мемлекет басшысының Алғыс хатын табыстады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Гүлнар Әбдірахман, Светлана Мұхамеджанова, Айзада Нүсіпова, Торғын Смайылова, Тілеулес Құрманғалиев, Валерия Недлина сияқты ұстаздарымыз марапатталды.
Мерекелік кеште сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтавтың бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов шаһар басшысының құттықтау хатын оқып, Қазақ елінің өнері мен мәдениетін дамытуға мол үлес қосқан консерваторияның қызметкерлерін Алматы қаласы әкімінің «Еңбегі үшін» медалімен, Алматы қаласының Құрмет грамотасымен және Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Алматы қаласы әкімінің «Еңбегі үшін» медалімен; Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Фортепиано» кафедрасының профессоры, ҚР халық артисі, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Қадырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Ішекті аспаптар» кафедрасының профессоры, ҚР халық артисі Мырзабекова Гаухар Құрманбекқызы марапатталды.
Көрерменге лық толы болған Республика сарайындағы 75 жылдық Мерейтой құрметіне арналған МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТТЕ консерваторияның ең үздік орындаушы солистері, студенттік оркестр, ансамбль және хор ұжымдарының қатысуымен таңдаулы классикалық туындылар және дәстүрлі ән-күй маржандары орындалды. Консерватория ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың орындауындағы Н. Тілендиевтің «Әлқисса» күйін көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады. Сондай-ақ әлемдік сахналарда дәстүрлі өнерімізді биік деңгейде насихаттап жүрген, оқу орны түлектерінен құрылған «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Мерекелік кешті тамашалауға келген сыйлы қонақтар ішінде Халықаралық TURKSOY ұйымының Бас хатшысы, уақытында консерваторияны бірнеше жыл басқарған Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов те болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігі мен Білім және ғылым Министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігі мен Алмалы ауданы әкімі аппараттарының өкілдері, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының басшылары және көптеген өнер қайраткерлері қатысты.
Фото авторы: ©Хлудеев Андрей, 2019.

29 қараша 2019
Қабылдау 2025