Консерватория жаңалықтары
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Бүгін 2019 жылғы 30-қаңтар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында ұжым басшылығы мен профессорлық-оқытушылар құрамы және қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға арнайы баяндама жасау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекші маманы Оразов Сайлау Сартайұлы шақырылды.
30 қаңтар 2019
Ректор Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болды

2019 жылдың 28-қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев Алматы телеарнасының «Ақшам алаңы» бағдарламасында қонақта болып, берген сұхбаты эфирге шықты. Әңгіме Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5-қазанда әдеттегі мерзімінен бұрын жолдаған Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған, жақында ғана ашылу салтанаты өткен «Жастар жылы» тақырыбында өрбіді.
29 қаңтар 2019
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен арнайы жиын өтті.

2019 жылдың 25-қаңтарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен арнайы жиын өтті. Басқосуда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын жүзеге асыру үшін құрылған топ өз жұмысын бастады.
26 қаңтар 2019
"Үздік студент" республикалық жобасы
Қазақстан Жастар конгресінің қолдауымен "Бөбек "Жалпыұлттық қозғалысы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен "Үздік студент" республикалық жобасы
"Үздік студент-2018" өнер бағыты бойынша
Гимарат Ерназар - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 1 курс фортепиано мамандығының студенті.
Студенттің шығармашылық қызметі 2006 жылы басталды. Ерназар республикалық және халықаралық конкурстардың, фестивальдар мен олимпиадалардың бірнеше дүркін лауреаты атанды:
• 2009 жыл - Батыс поморье Междуводье, Польша "Артистическое лето в замке" 5-ші Халықаралық фестиваль-конкурсының І дәрежелі лауреаты
• 2010 жыл – Алматы қаласындағы 44 – ші Республикалық жас пианисттер байқауының І дәрежелі лауреаты
• 2013 жыл – Дубай қ. халықаралық конкурс – фестивалінің ІІ дәрежелі лауреаты
• 2013 жыл – "Piano Forum Kazakhstan" 3-ші Республикалық пианисттер байқауының І дәрежелі лауреаты Алматы қ.
• 2014 жыл – "Art Olympia" Халықаралық конкурс-фестивальдің І дәрежелі лауреаты г. Алания
• 2014 жыл – Түркия Республикасы "Тайжарыс-Антальяда" өткізілген концертінің алғыс хат иегері
• 2016 жыл – "Педагогика және психология" мамандығы бойынша Республикалық олимпиаданың I дәрежелі дипломы
• 2017 жыл – Алматы қаласындағы "Фортепиано" мамандығы бойынша жас пианисттерге арналған 5-ші республикалық байқаудың І дәрежелі лауреаты
• 2017 жыл – "Педагогика және психология" мамандығы бойынша Республикалық олимпиаданың І дәрежелі лауреаты

21 қаңтар 2019
Нұрғиса Тілендиев атындағы VI «Өз елім» саз фестивалі өтпек

ФЕСТИВАЛЬ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ:
Астана қаласының әкімдігі;
Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы.
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы.
ФЕСТИВАЛЬ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ:
Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы.
УАҚЫТЫ МЕН ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ:
2019 жылдың 27-наурызынан 1-сәуір аралығы;
ҚазҰӨУ Орган залы (вокалистер байқауы);
«Астана» концерт залы (дирижерлер байқауы);
Қорғаныс Министрлігінің концерт залы (домбырашылар байқауы);
Ұйымдастырушылар комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 010000, Кенесары көшесі, 32. Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы («Астана» концерт залы). Байланыс тел., факс: 8 (7172) 32 51 34, 75-22-20, 75-23-92 сайт tlendiev.kz e-mail: tlendievfestival2019@mail.ru
ФЕСТИВАЛЬ АТАЛЫМДАРЫ:
Фестиваль төмендегі аталымдар бойынша өтеді:
1. Классикалық вокал (әйел мен ер адамдар);
2. Домбыра
3. Дирижер.

18 қаңтар 2019
«ХАССАҚ» этно-фольклорлық ансамблі «WORLD FOLK.VISION» дүниежүзілік ұлттық мәдениет және өнер конкурс фестивалінің жартылай финалында Бас жүлде иегері атанды.

«Хассақ» ансамблі аспапта орындаушы ұжымдар арасында бас жүлдеге лайық атанып, 2019 жылдың наурыз айында Сауд Арабиясында өтетін ақтық мәреге арналған үш жолдаманың бірін иемденді. Енді олар 80-нен астам әлем елдерімен Қазақстан атынан тартысқа түспек.
15 қаңтар 2019
Оқуда табыс тілейміз!
«Музыка және орындаушылық саласындағы Еуразиялық ғылыми-зерттеу қауымдастығы/Music and Artistic Research Knowledge Network Eurasia CPEA-LT-2016/10082» бағдарламасы аясында «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары Токмурзиева Динара мен Мухадиева Гаухар академиялық ұтқырлық бойынша (07.01. – 20.05.2019ж. аралығында семестрлік білім алуға) оқуға жіберілді
11 қаңтар 2019
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018» байқауының жеңімпазы

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тілдер секциясының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор СҮЛЕЕВА ГҮЛЖАН СОЗАҚПАЙҚЫЗЫН
2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2018»
атағының иегері болуымен құттықтаймыз.
Әріптесімізді үздік марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта жоғары шығармашылық табыстармен биік белестерге жетуіне тілектестік білдіреміз.

3 қаңтар 2019
Әріптестерімізді ғылыми атақтарымен құттықтаймыз

ҚАЛИАҚБАРОВА ЛӘЙЛӘ ТӨКЕНҚЫЗЫ МЕН МӘШІМБАЕВА АЙНҰР ЖАҚЫПӘЛІҚЫЗЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ «ҒЫЛЫМИ АТАҚ БЕРУ ТУРАЛЫ» БҰЙРЫҒЫМЕН «ПРОФЕССОР» ЖӘНЕ «ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР» БОЛУЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
27 желтоқсан 2018
Қабылдау 2025