Консерватория жаңалықтары
Композитор Бейбіт Дәлденбаймен кездесу өтті

2019 жылдың 19 ақпанында Құрманғазы атындағы
Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында композитор, ҚР еңбек сіңірген
қайраткері, Құрманғазы атындағы ҚҰК профессоры Бейбіт Дәлденбаймен кездесу
өтті.
20 ақпан 2019
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

2019 жылдың 19 ақпанында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Министрлік басшылары, комитет төрағалары, департамент директорлары, министрлікке қарасты мекеме жетекшілері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында мемлекеттік органның 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан министрлікте өткен басқосуға ұжым басшысы Арман Әділханұлы мен оқу-әдістемелік жұмыс проректоры Гүлнар Бақытқызы қатысып, жиынға келген БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІШІ ОЛИМПИАДА-2019

«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Жастар жылы» аясында 9 мамандық бойынша (13 номинация) Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінің студенттері арасында Республикалық кіші олимпиада (2019ж.) өткізіледі.
19 ақпан 2019
«String Music Festival» III Халықаралық ішекті аспаптар фестивалінің Гала-концерті өтті.

Құрманғазы атындағы ҚҰК үлкен концерт залында 2019 жылы 16 ақпанда «String Music Festival» III Халықаралық ішекті аспаптар фестивалінің Гала-концерті өтті. Фестиваль Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына орайластырылған. Алматы мемлекеттік консерваториясында алғашқылардың бірі болып "Оркестр" кафедрасы, ал 5 жылдан кейін, 1949 жылы "Ішекті аспаптар" кафедрасы құрылды. Фестивальдің барлық концерттері осы кафедраларда алғаш еңбек атқарған, Қазақстандағы ішекті аспаптар мектептерін қалыптастырушы ұстаздарды еске алуға арналды. Скрипкашы Вениамин Соломонович Хесс, альтист Яков Иосифович Фудиман, виолончелист Джамбул Кузембаевич Баспаев.
17 ақпан 2019
«Перспективті зерттеулер: музыкалық өнер жас ғалымдардың көзімен» атты Республикалық Магистрлік оқулары өтті

2019 жылдың 15 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 75 жылдығына орай «Перспективті зерттеулер: музыкалық өнер жас ғалымдардың көзімен» атты Республикалық Магистрлік оқулары өтті.
Жиынның мақсаты магистрлік зерттеу материалдарының өзектілігін тексеру, жұмыстардың теориялық және практикалық нәтижелерінің ғылыми тұжырымдамасын жасау, заманауи ғылыми ақпараттармен бөлісу.
Қатысушылар жоғары оқу орындарының шығармашылық мамандықтарында ізденіп жүрген жас ғалымдар. Форум қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтті.

«String Music Festival» ішекті аспаптар фестивалі басталды

2019 жылдың 13 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өнер ордасының 75 жылдығына арналған «String Music Festival» ішекті аспаптар фестивалі басталды. Шараның алғашқы күні скрипкаға арналған музыкаға құрылған концерттік бағдарламамен ашылды. Бұл концерт Қазақстандағы скрипкашылар мектебін қалыптастырушылардың бірі - Хесс Вениамин Соломоновичтің 110 жылдығына арналды.
Бағдарламада төмендегі шығармалар орындалды:
- Ф. Германн "Бурлеска" 3 скрипкаға арналған
- Ф. Шуберт "Вальс-каприс"
- Н.Паганини "Кампанелла"
- Р. Щедрин "Альбениске еліктеу"
- К. Сен-Санс "Интродукция және рондо-каприччиозо»
- У. Гаджиев "Алжир поэмасы"
- О. Петцольд "Интродукция және полонез"
- Й. Сук "Махаббат әні"
- Ф. Германн "Каприччио" 3 скрипкаға арналған
Орындаушылар:
- Қаратаева Валентина, Дүйшенбаева Сезім, Шілдебаева Айдана (сынып проф. Мурзабекова Г. К.)
- Илдырымлы Табриз (проф. Қожамқұлова Б. С.)
- Өсербек Арайлым (проф. Абатова А. А. сыныбы))
- Рысберді Жалғасбек (сынып оқыт. Гадеевой А. М.)
- Матыцина Ксения, Абдрахманова Эльдана (сынып аға оқыт. Халиловой К. М.)
- Омар Ақниет (доц сыныбы. Такежановой Р. Ф.)
Фортепиано партиясы:
Шолпан Оңғарова, Гүлжан Өзенбаева, Жаннель Әбдіқадырова,
Диана Панарғалиева, Гүлназ Қосаманова, Айша Исаметова, Қанат Маликайдар

14 ақпан 2019
"Қазақфильм" киностудиясы "Қасым хан" тарихи сериалына жаңа есім, жаңа таланттар іздейді

"Қазақфильм" киностудиясы "Қасым хан" тарихи сериалына жаңа есім, жаңа таланттар іздейді
13 ақпан 2019
«Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері ВИГО консерваториясынан оралды.

2019 ж. қаңтар айының 28-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Ішекті аспаптар» мамандығы бойынша аспаптық орындаушылық факультетінің 2-3 курс студенттері ВИГО консерваториясынан оралды. Студенттер шетелдік серіктес жоғары оқу орнында 1 семестр көлемінде алған әсерлері мен тәжірибелері жөнінде ой бөлісті.
13 ақпан 2019
Құрманғазы атындағы ҚҰК проректоры «Эразмус +» бағдарламасы бойынша Испанияның Виго қаласындағы консерваторияда болып қайтты.

2019 жылдың 4-10 ақпан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, өнертану кандидаты, музыкатану және композиция кафедрасының доценті Бегембетова Ғ.З. «Эразмус +» бағдарламасы бойынша Испанияның Виго қаласы консерваториясында болып қайтты.
Іссапар барысында Қазақ ұлттық консерваториясының тарихы жөнінде, қазақ опера өнерінің қалыптасуы және дамуы туралы лекциялар оқып, шеберлік-сыныптарына қатысты.
Сондай-ақ Виго консерваториясы басшылығымен және «Эразмус+» жобасының кураторымен біздің студенттер мен оқытушылардың әртүрлі академиялық ұтқырлық бағдарламалары мен оқу орындары арасындағы өзара алмасу жұмыстары жайында келіссөздер жүргізді.

12 ақпан 2019
Қабылдау 2025