Консерватория жаңалықтары
Құрманғазы атындағы ҚҰК 75 жылдығына орай 2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында III "STRING MUSIC FESTIVAL" фестивалі өтеді

Құрманғазы атындағы ҚҰК 75 жылдығына орай
2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында
III "STRING MUSIC FESTIVAL" фестивалі өтеді
13 ақпан – В. Хесстің 110 жыл толуына арналған скрипка музыкасының концерті(кіші зал)
14 ақпан – Я. Фудиманның 85 жыл толуына арналған альт музыкасының концерті
15 ақпан – Д. Баспаевтың 80 жыл толуына арналған виолончель және контрабас музыкасының концерті (кіші зал)
16 ақпан – Гала-концерт
Құрманғазы атындағы ҚҰК Студенттік симфониялық оркестрімен Ішекті аспаптар кафедрасы солисттерінің концерті. (үлкен концерт залы)
11 ақпан 2019
«Ақ Жайықтан ән оздырған» Республикалық әншілер байқауының жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Халық артисі
Мемлектеттік сыйлықтың иегері
Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жылдығына арналған
«Ақ Жайықтан ән оздырған»
Республикалық әншілер байқауының жүлдегерлерін
құттықтаймыз!
1-курс Байбақты ІДІРБАЙ 3-орын иегері,
ұстазы аға оқытушы Эльза ҚАРАБАЛИНА;
3-курс Біржан АЙТАХМЕТОВ Диплом иегері,
ұстазы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін ШҮКІМАН;
4-курс Айнаш ЗАБИХАНОВА Алғыс хат иегері,
ұстазы аға оқытушы Эльза ҚАРАБАЛИНА;
3-курс Болатбек ҚҰБАШЕВ Алғыс хат иегері,

«Camеrata Tempo» III Халықаралық фестивалі мәресіне жетті

2019 жылдың 7 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерттік залында «Camеrata Tempo» III Халықаралық фестивалінің жабылуына орай Гала-концерт өтті.
Бір апта бойы консерваторияның аудиториялары мен залдарында тамаша шығармашылық атмосфера орнады. Швейцариядан келген жоғары дәрежелі профессорлар мен музыканттар скрипка шеберлігінің құпияларымен бөлісті.

8 ақпан 2019
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының өкілі Дархан Мыңбай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесті.

2019 жылғы 5-ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының өкілі Дархан Мыңбай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесті.
Арман Әділханұлы басшылыққа келгелі шаңыраққа алғаш рет келіп отырған Дархан Қамзабекұлы консерваторияның тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыстарына сәттілік тіледі. Өз кезегінде Арман Әділханұлы 75 жылдық мерейтойы аясында дайындалып жатқан іс-шаралар жоспарымен бөлісті.

5 ақпан 2019
ҚР еңбек сіңірген артисі Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, ҚР еңбек сіңірген артисі
Бекболат Тілеуханмен кездесу өтті. Кездесуге ректор Арман Әділханұлы бастаған
ұжым басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
5 ақпан 2019
Қазақстанда халықаралық симфониялық оркестр - Пан-Кавказдық Жастар оркестріне қатысу үшін жас музыканттарды тыңдау байқауы жарияланады

«Цинандали классикалық музыка фестивалінің» ұйымдастырушылары (Грузия) Қазақстандағы 18-28 жас аралығындағы талантты жас музыканттар арасында Пан-Кавкадық жастар оркестріне (PCYO) қатысу үшін тыңдау байқауын жариялап отыр. Тыңдау байқауы 2019 жылдың 30 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Үлкен органдық залында өтеді.
Қазақстанмен қатар, тыңдауға Кавказ өңіріндегі елдерден (Грузия, Армения, Әзірбайжан), Украина мен Түркиядан жас музыканттар қатысып жатыр. Іріктеуден өткендер дүниежүзіне әйгілі дирижер Джанандреа Нозеда жетекшілік ететін Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестрінің құрамында өнер көрсетпек. Оркестр 2019 жылдың қыркүйегінде Грузияның Цинандали қаласында өтетін фестивальдің резидентіне айналады.
2019 жылы оркестрге қатысу уақыты алты аптаға созылмақ. Алғашқы үш аптада 16 тамыздан бастап 7 қыркүйек аралығында атақты дирижерлердің жетекшілік етуімен репетициялар мен бес концерт өтеді. 8-22 қыркүйек аралығында Цинандали фестивалінің алаңында Джанандреа Нозеда, Юкка-Пекка Сарасте, Омер Меир Веллбер, Лахав Шанидің жетекшілік етуімен репетициялар мен бес концерт өтеді.
Пан-Кавказдық жастар симфониялық оркестріне қоса, жас солистер академиясы да жұмыс жасамақ.
Тыңдауға қабылдау шарттары
1. Тыңдауға ҚР-да өмір сүріп жатқан жас музыканттар қатыса алады.
2. 18 жастан бастап 28 жасқа дейін.
3. Аспаптар: симфониялық оркестрдің барлық аспаптары қатысады. Белгілі бір аспаптарды тыңдауға қатысты қосымша шарттар, сондай-ақ, аспаптар тізімі және тыңдау кезінде орындалатын нақты репертуарды сайттан таба аласыз: http://tsinandalifestival.ge/pages/orchestra/ - мұнда оркестрлік үзінділер мен партитураларды тауып, жүктеп алуға болады.
4. Тыңдаудан өту туралы өтінімдер 22 наурызға дейін фестиваль сайтында қабылданады: http://tsinandalifestival.ge/submit/. Тыңдауға қатысушы ағылшын тілінде анкетаны толтыруы қажет.
5. Тыңдауға қатысу кезіндегі бүкіл шығындарды қатысушылар өздері көтереді.
6. Оркестрге қатысу үшін тыңдаудан өткен жеңімпаздардың барлық шығындарын (тұру, көлік шығындары, тамақ) Цинандали фестивалінің ұйымдастырушылары төлейді.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Sonja@tsfest.ge
(+995) 32 22535 81/82/83

Консерватория түлегі «Құрметті профессор» атағымен марапатталды
Бүгін 2019 жылдың 4 ақпанында Құрманғазы
атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев Ә. Қашаубаев
атындағы мемлекеттік филармониясының жеке әншісі, Семейдің Мұқан Төлебаев
атындағы музыка училищесінің ұстазы Нұрлан Сайлауұлы Көшеровті ұлттық
консерваторияның «Құрметті профессоры» атағымен марапаттады.
4 ақпан 2019
«Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалі басталды

2019 жылы 2 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында «Camerata Tempo» III Халықаралық камералық музыка фестивалінің ашылуына орай концерт өтті. Фестиваль аясында «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Швейцария профессорларының қатысуымен "Халықаралық мастер-класс" (скрипка), бірлескен жобасын ұсынып отыр.
3 ақпан 2019
2019 жылдың 2-8 ақпаны аралығында Алматыда Camerata Tempo " III Халықаралық камералық музыка фестивалі» өтеді.

Бірінші рет!
"Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория, Швейцария профессорларының қатысуымен "Халықаралық мастер-класс" (скрипка), бірлескен жобасын ұсынады:
Павел Верников-Вена консерваториясы мен Швейцария жоғары музыка мектебінің профессоры.
Светлана Макарова-халықаралық конкурстардың лауреаты, Лозан жоғары музыка мектебінің профессоры.
Шернияз Мұсахан-халықаралық конкурстардың лауреаты, "Young Eurasian Soloists"камералық музыка оркестрінің жасаушы және көркемдік жетекшісі.
Яна Озолина-халықаралық конкурстардың лауреаты, Базель консерваториясының доценті.
Халықаралық тәжірибеде алғаш рет скрипкалық мастер-класстары камералық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.
Қатысушылар-Alumine Temis Barrutia (Аргентина), Marie – Sophie Baumgartner (Швейцария), James Warren (Ирландия), Sayaka Nakajima (Жапония), Vaigaile Dainaciute (Литва), Anastasia Pentina (Ресей), Christa-Maria Stangorra (Германия), Yulia Van (Оңтүстік Корея), Иван Смирнов (Ресей), Aleksandra Khmara (Украина) (Қазақстан), дүйшенбаева с., Каратаева В., Шильдебаева А., Рысберді Ж., Өсербек А., Омар А. (Қазақстан).
Бұл жобаның мақсаты Алматы қаласындағы музыка мектептерінің оқытушылары, студенттері мен оқушыларына кәсіби шеберлікті арттыру, ақпараттық және практикалық көмек көрсету болып табылады.
Бір апта бойы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аудиториялары мен залдарында. Швейцариядан келген профессорлармен мастер-класстар, "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблінің сүйемелдеуімен мастер-класстар, профессорлардың өздері де, сондай-ақ мастер-класқа үздік қатысушы-скрипкашыларымен концерттер өтеді.

30 қаңтар 2019
Қабылдау 2025