Консерватория жаңалықтары

Құрметті музыкалық білім беру педагогтары және музыкалық мәдениет саласындағы мамандар! Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлық-оқытушылық құрамы әртүрлі мамандықтар бойынша төмендегідей БЖ «Авторлық курстар» бағдарламасын әзірледі:

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында 2023-2024 оқу жылындағы 1-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағат «Кредиттік оқу технологиясы» тақырыбында өрбіді.



Бүгін, 29 тамыз күні кәсіби музыка өнерінің қарашаңырағы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясындағы екі ел композиторларының шығармашылық кездесуі болып өтті.