Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Құддыс қожамияров – уақыт және музыка» виртуалды кітап көрмесі
«Құддыс қожамияров – уақыт және музыка» виртуалды кітап көрмесі

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі көрнекті композитор, КСРО және Қазақстан Республикасының халық артисі, профессор Құддыс Қожамиярұлы Қожамияровтың туғанына 105 жыл толуына арналған – «ҚҰДДЫС ҚОЖАМИЯРОВ – УАҚЫТ ЖӘНЕ МУЗЫКА» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

25 мамыр 2023
«Вокалдың өнер» мамандығының 2-курс студенттерінің есеп беру концерті өтті
«Вокалдың өнер» мамандығының  2-курс студенттерінің есеп беру концерті өтті

2023 жылдың 23 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы концерттік залында «Вокалдың өнер» мамандығының 2-курс студенттерінің есеп беру концерті өтті.

24 мамыр 2023
Доценті Смайылова Роза Адыкенқызының сыныптық концерті өтті
Доценті Смайылова Роза Адыкенқызының сыныптық концерті өтті

2023 жылдың 19 мамырында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Қазақстанның халық артисі, профессор Б. Б. Жылысбаевтың 100 жылдығына орай «Вокалдық өнер» кафедрасының доценті Смайылова Роза Адыкенқызының сыныптық концерті өтті.

22 мамыр 2023
Консерватория ұстаздары мен студенттері камералық музыка байқауынан жеңіспен оралды
Консерватория ұстаздары мен студенттері камералық музыка байқауынан жеңіспен оралды

2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында Астана қаласында С.Сырлыбаевты еске алуға арналған І Республикалық камералық музыка конкурс-фестивалі өтті.

22 мамыр 2023
Консерваторияда «MusiQuE» халықаралық аккредиттеу агенттігінен келген комиссия өз қорытындыларының алғашқы нәтижелерін жария етті
Консерваторияда «MusiQuE» халықаралық аккредиттеу агенттігінен келген комиссия өз қорытындыларының алғашқы нәтижелерін жария етті

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 16-19 мамыр аралығында «MusiQuE - Music Quality Enhancement» халықаралық аккредиттеу агенттігінен келген комиссия құрамы өнер-білім ордасын бакалавриат оқу бағдарламасы бойынша аккредиттеу (1 цикл) үшін сараптамалық жұмыстарын жүргізіп, 19 мамыр күні өз қорытындыларының алғашқы нәтижелерін жария етіп, аккредиттеудің толық нәтижесі үстіміздегі жылдың қазан-қараша айларында белгілі болатынын мәлімдеді.

22 мамыр 2023
Консерватория қызметкері "Қазақстан Республикасының Еңбек озаты" төсбелгісімен марапатталды
Консерватория қызметкері "Қазақстан Республикасының Еңбек озаты" төсбелгісімен марапатталды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Ысқақов Жалғас Жанысұлы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «ҚР еңбек озаттарының алтын кітабы» атты   Республикалық патриоттық байқауына қатысып Мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Еңбек озаты» атты төсбелгісімен және І дәрежелі дипломымен марапатталды.

19 мамыр 2023
Баян музыкасының кеші өтті
Баян музыкасының кеші өтті

18 мамыр күні Құрманғазы атындағы ҚҰК А.Жұбанов атындағы концерт залында «Баян музыкасының кеші» өтті. Концерттік бағдарламада классикалық туындылар және халық музыкасы орындалды. Атап айтсақ, И.С.Бах, В.Золотарев, Ф.Анжелис, Н.Меңдіғалиев, Е.Дербенко, В.Демченко шығармаларымен қатар, А.Гайсин, Д.Тұяқбаев, В.Демченколар өңдеген қазақтың ән-күйлері орындалды.

19 мамыр 2023
Консерваторияда «La Primavera» атты концерт өтті
Консерваторияда «La Primavera» атты концерт өтті

18 мамыр күні консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Еуропадан келген қонақтарымыз – «MusiQuE - Music Quality Enhancement» халықаралық аккредиттеу агенттігінен арнайы келген комиссияға арналған «La Primavera» атты концерттік кеш өтті.

19 мамыр 2023
Мобайл университетінің (АҚШ) профессоры шеберлік сыныптарын өткізді
Мобайл университетінің (АҚШ) профессоры шеберлік сыныптарын өткізді

16-17 мамыр аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Мобайл университетінің профессоры, Музыка ғылымдарының докторы және «Steinway» артисі Қадиша Оңалбаеваның шеберлік сыныптары болып өтті.

18 мамыр 2023