Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерватория студенті халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында жеңімпаз атанды
Консерватория студенті халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында жеңімпаз атанды

«Арт-менеджмент» кафедрасының 2-курс студенті Әубәкірова Анель Ресейдің «Новая наука» халықаралық ғылыми серіктестік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоғам және мемлекет қызметіндегі жас зерттеушілер» халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында «Өнертану» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломға ие болды. Алғыс хатпен ғылыми жетекшісі – «Арт-менеджмент» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы, А. Оспанова марапатталды. Әубәкірова Анельді және ғылыми жетекшісін жеңіспен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

16 ақпан 2023
«Бақыт және табысты адам» тақырыбында кураторлық сағат өтті
«Бақыт және табысты адам» тақырыбында кураторлық сағат өтті
2023 жылдың 1 ақпанында консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында кураторлық сағат аясында өнер-білім ордасының студенттерімен  Қаржы директоры (CFO) АК Consulting-негізін қалаушысы Кариева Айгерім ханыммен  кездесу өтті.
16 ақпан 2023
«Шырқатып әнге салайық» атты класс-концерті өтті
«Шырқатып әнге салайық» атты класс-концерті өтті

15 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында «Халық әні» кафедрасының ұстаздары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова мен халықаралық байқаулардың лауреаты Венера Қаржаубаеваның «Шырқатып әнге салайық» атты класс-концерті өтті.

16 ақпан 2023
Консерваторияда шетелдік қонақтармен кездесу өтті
Консерваторияда шетелдік қонақтармен кездесу өтті

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Б. Әбдірахман, Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Ғ. Бегембетова, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор М. Ешмұханов және «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы А.С. Бекенова «Art Cello» халықаралық фестивалі аясында консерваторияда кешеден бері шеберлік сыныптарын өткізіп жатқан атақты виолончельшілер – Денис Северин (ШВЕЙЦАРИЯ), Атанас Крастев (БОЛГАРИЯ), Разван Сума (РУМЫНИЯ) сынды фестивальдің сыйлы қонақтарымен жүздесіп, сұхбат құрды.

15 ақпан 2023
«Ән қанатында» атты концер өтті
«Ән қанатында» атты концер өтті

2023 жылдың 14 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында консерватория доценті, ҚР Мәдениет саласының үздігі және білім беру саласының үздігі Торғын Смайылова өзінің шәкірттерімен бірге  «Ән қанатында» атты ҚР Халық артисі, профессор Жылысбаев Бекен Бәкенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған ән кешін өткізді.

15 ақпан 2023
Консерваторияда атақты виолончельшілер шеберлік-сыныптарын берді
Консерваторияда атақты виолончельшілер шеберлік-сыныптарын берді

Бүгін, 14 ақпан күні «ArtCello» халықаралық фестивалі аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында фестивальдің сыйлы қонақтары, атақты виолончельшілер – Денис Севериннің (ШВЕЙЦАРИЯ), Атанас Крастевтің (БОЛГАРИЯ), Разван Суманың (РУМЫНИЯ) шеберлік сыныптары өтті.

14 ақпан 2023
Tynda.music музыкалық жобасының ұйымдастырушылары консерваторияда
Tynda.music музыкалық жобасының ұйымдастырушылары консерваторияда

Бүгін 13 ақпан күні Tynda.music музыкалық жобасының ұйымдастырушылары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қонақта болды. Музыкалық жоба өкілдерін консерватория қабырғасында Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Гүлнар Бақытқызы Әбдірахман қабылдады. Кездесуге «Аспаптық орындаушылық» факультеті мен «Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер» факультетінің студенттері мен қос факультет декандары Г.Ж. Мұсағұлова мен А.С. Бекенова келді.

13 ақпан 2023
Доцент М. Бисенғалиев сыныбы студенттерінің концерті өтті
Доцент М. Бисенғалиев сыныбы студенттерінің концерті өтті

2023 жылдың 10 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті М.Қ. Бисенғалиев сыныбы студенттерінің концерті өтті.

11 ақпан 2023
Б. Жылысбаевтың 100 жылдығына арналған «Шырқа, Алматы» вокалды музыка концерті өтті.
 Б. Жылысбаевтың 100 жылдығына арналған «Шырқа, Алматы» вокалды музыка концерті өтті.

2023 жылдың 10 ақпанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Қазақстанның Халық артисі, профессор Бекен Жылысбаевтың 100 жылдығына арналған «Шырқа, Алматы» вокалды музыка концерті өтті.

11 ақпан 2023