Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Профессор Ж.Р. Ерманов сыныбының концерті өтті
Профессор Ж.Р. Ерманов сыныбының концерті өтті

2023 жылдың 17 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерт залында профессор Ж.Р. Ерманов сыныбының концерті өтті.

17 сәуір 2023
4-курс студенті Ембергенов Жасаралдың жеке концерті өтті
4-курс студенті Ембергенов Жасаралдың жеке концерті өтті

2023 Жылдың 14 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында консерваториямыздың бітіруші түлегі Ембергенов Жасаралдың жеке концерті өтті.

17 сәуір 2023
«Нұрын төккен гүл көктем» атты концерт өтті
«Нұрын төккен гүл көктем» атты концерт өтті

2023 жылдың 14 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында Халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Қобыз және баян» кафедрасының оқытушысы Саргизова Гүлнұр Ғалымқызының «Нұрын төккен гүл көктем» атты жеке концерті өтті.

17 сәуір 2023
Консерватория жатақханасында ауызашар өтті
Консерватория жатақханасында ауызашар өтті

2023 жылдың 16 сәуірінде консерватория жатақханасында Қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүрген студенттерге арнап ауызашар берілді. Үлгі боларлық сауапты шара биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ауызашарда көркем насихат айтылып, бабалар рухына арнап құран бағышталды. Ректор Арман Әділханұлы бастаған консерватория басшылығы әрқашан студент жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп отырады.

Тәрбиелік мәні жоғары іске консерватория ұстаздары мен қызметкерлері ұйымшылдықпен атсалысты.

17 сәуір 2023
Консерваторияда швейцариялық пианист Джозеф-Морис Ведердің шеберлік сыныбы өтті
Консерваторияда швейцариялық пианист Джозеф-Морис Ведердің шеберлік сыныбы өтті
2023 жылдың  14 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында  швейцариялық пианист,  «Steinway artist» атағының иесі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Джозеф-Морис Ведердің шеберлік сыныбы өтті. Пианист білім ордасындағы «Арнайы фортепиано» мамандығының төрт студентіне жеке сабақ өткізді.
17 сәуір 2023
«РОЗА ЖАМАНОВА – МӘҢГІЛІК ОПЕРА ӘНШІСІ» виртуалды кітап көрмесі
«РОЗА ЖАМАНОВА – МӘҢГІЛІК ОПЕРА ӘНШІСІ» виртуалды кітап көрмесі

Ғылыми-ақпараттық кітапхана қызметі әнші (сопрано), ұстаз, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі, КСРО халық артисі, Роза Жаманованың 95 жылдығына арналған «РОЗА ЖАМАНОВА – МӘҢГІЛІК ОПЕРА ӘНШІСІ» атты виртуалды кітап көрмесін дайындады.

14 сәуір 2023
«MODEL 2.1.5» атты концерті өтті.
«MODEL 2.1.5»  атты концерті өтті.

2023 жылдың 13 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерттік залында ҚР еңбек сіңірген артисі, профессор Айгүл Үлкенбаева және PhD философия докторы, аға оқытушы Ержан Жәмеңкеев кластарының «MODEL 2.1.5» атты концерті өтті.

 

14 сәуір 2023
«Назқоңыр» атты концерт өтті
«Назқоңыр» атты концерт өтті

2023 жылдың 13 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында «Қобыз және Баян» мамандығының студенті, республикалық конкурстардың лауреаты Ізбасарова Аякөздің «Назқоңыр» атты жеке шығармашылық концерті өтті.

14 сәуір 2023
Консерваторияда С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына арналған кеш өтті
Консерваторияда С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына арналған кеш өтті
2023 жылдың 12 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ӘГП кафедрасына қарасты Қазақ және шетел тілдері секциясының ұйымдастыруымен С.Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты әдеби кеш өтті. 
13 сәуір 2023