Консерватория жаңалықтары
Фортепианоның рөлі жөнінде дөңгелек үстел өтті
Сәуірдің 11 күні Құрманғазы ат. ҚҰК-нің Шопен атындағы камералық залында «Музыкант-орындаушының қалыптасуындағы фортепианоның көркемдік-ағартушылық рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі, доцент Игорь Владимирович Олексенко ұйымдастырды. Әртүрлі мамандықта оқып жатқан 1-2 курс студенттері аталған тақырып бойынша тұсаукесер-баяндама дайындады.
12 сәуір 2022
«Краски Музыки» ІІІ Халықаралық фестиваль-байқауында консерватория студенті топ жарды

Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының студенті Ғазиз Мәліков Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен «Краски Музыки» ІІІ Халықаралық фестиваль-байқауында «Ағаш үрмелі аспаптар» (саксофон) аталымы бойынша І дәрежелі лауреат атанып қайтты. Оқытушысы – Андрей Валерьевич Сафонов. Концертмейстері – Елена Анатольевна Скрипченко.
12 сәуір 2022
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтіп жатқан XIV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасында «Аспаптық орындаушылық» мамандығының «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» аталымы бойынша жеңімпаздары анықталды.
11 сәуір 2022
Консерваторияда халықаралық дөңгелек үстел өтті
2022 жылдың 7 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының мәжіліс залында өнертану докторы, профессор Болат Ишанбайұлы Қарақұловтың 80 жылдығына арналған «Профессор Б. И. Қарақұловтың еңбектері және қазіргі музыка ғылымының өзекті мәселелері» атты Халықаралық Дөңгелек үстел өтті.
8 сәуір 2022
«Зияткерлік меншік объектілерін қорғау» тақырыбында вебинар өтпек

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
2022 жылғы 12 сәуірде сағат 15.00-де ZOOM платформасында
Вебинар тақырыбы: «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау»
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
2022 жылғы 12 сәуірде сағат 15.00-де ZOOM платформасында
Вебинар тақырыбы: «Зияткерлік меншік объектілерін қорғау»
7 сәуір 2022
Консерваторияның виолончельшілер ансамблі халықаралық байқауда топ жарды

2022 жылдың 25-29 наурыз аралығында Татарстанның Қазан қаласында өткен «DIVERTIMENTO» ішекті-ысқышты аспаптарда және арфада орындаушылардың II Халықаралық байқауында кәсіби ЖОО-ның ансамбльдері санатында «Ішекті-ысқышты аспаптар ансамблі» аталымы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының виолончельшілер ансамблі жүлделі I-орынға ие болды. Ансамбль жетекшісі Емреева Ақмарал Ерұланқызы ұстаздық шеберлігі, жоғары кәсібилігі және мәдениет пен өнердің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қазылар алқасының Алғыс хатымен марапатталды.
Халықаралық додада жоғары деңгейде өнер көрсеткен өнерпаздарымыз бен олардың жетекшілерін айтулы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.
Халықаралық додада жоғары деңгейде өнер көрсеткен өнерпаздарымыз бен олардың жетекшілерін айтулы жетістіктерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.
6 сәуір 2022
Ішекті аспаптардың жеңімпаздары анықталды

4-5 сәуір аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-де Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІV Республикалық пәндік Олимпиада аясында «6B02102-Аспаптық орындаушылық» бағыты бойынша өткен сайыс өз мәресіне жетті. Аталған бағытқа кіретін Ішекті аспаптар аталымы бойынша өткен бәсекеге 2 ЖОО-дан 22 үміткер қатысты. Олардың ішінде 8 студент ел астанасындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен келсе, 14 студент Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан суырылып шықты.
6 сәуір 2022
Консерватория студенттері «Навруз тароналари» ІІ Халықаралық байқауынан жүлделі оралды

Өзбекстанның Ферғана қаласында «Навруз тароналари» деген атпен ІІ Халықаралық ұлттық аспаптық орындаушылық байқауы өтті. Сайысқа барлығы 220 өтініш түскен екен. Соның ішінде 32 өтініш Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасынан жолданған. Бұл бәсекеде студенттер ерекше озық өнер көрсетті. Сайысқа қатысушылардың өнерлерін білікті қазылар алқасы бейтарап түрде, әділ таразылады. Нәтижесінде 67 жеңімпаз анықталды.
5 сәуір 2022
«АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ» бағыты бойынша сайыс мәреге жетті
«Арт-менеджмент» мамандығы бойынша 4-5 сәуір аралығында өткен ХІV Республикалық пәндік олимпиадасының қорытынды нәтижелері шықты.
5 сәуір 2022
Қабылдау 2025