Консерватория жаңалықтары
Концерттік бағдарламада атақты композитордың № 2, 4 және 6-сонаталары орындалды. Жиналған тыңдарман қауымның құлақ құрышын қандырған музыкалық туындыларды скрипкада Еркін Мырзағалиев құйқылжытса, Қанат Мәлікайдар фортепианода сүйемелдеп, өз шеберлігін танытты.
Концерттік бағдарламада А. Вьетанның скрипка мен оркестрге арналған 5-концерті, Ф. Мендельсон скрипка мен оркестрге арналған концертінің І бөлімі, С. Прокофьевтің І концертінің ІІ және ІІІ бөлімдері, П. Чайковскийдің концертінің І бөлімі, А. Глазуновтың скрипка мен оркестрге арналған концерті, Я. Сибелиустың скрипка мен оркестрге арналған концертінің І, ІІ, ІІІ бөлімдері орындалды. Орындаушылар қатарында Шанайя Шакир, Леонид Константинов, Тоғжан Шәкерімова, Мәншүк Қазиева, Әділет Әбдірахманов, Айлин Акинер, Абзал Әшкенов бар. Фортепианода сүйемелдеген Шолпан Оңғарова. Концертке жиналған көрермен орындаушылардың кәсіби шеберліктеріне тәнті болды.

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері мен белсенді мүшелері қатысқан кездесуді Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы жүргізді.

Кураторлық сағатты Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы жүргізді.
Аталмыш шара Ф.Шопен атындағы камералық залда өтті. Концерт барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Сәуле Жанпейісова мен Айгүл Қосанова, ҚР Мәдениет саласының үздіктері: Армат Исламғалиев, Эльза Қарабалина және Жанаргүл Сәркенова, Республикалық байқаулардың лауреаттары: Күнқожа Қайрулла мен Венера Қаржаубаева жан тебірентер термелердің мақамын бұзбай, нақышына келтіре орындады. Кешті «Халық әні» кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Наурызбек жыраудың жиені Күнқожа Қайрулла жүргізді.

17 мамыр күні Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумға байланысты 2021-2022 оқу жылындағы 2, 3, 4-курс студенттеріне арналған «Жаңғыру жолындағы батыл қадам» атты кураторлық сағат өтті. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы мен ректор аппараты қызметінің басшысы Скаков Ермек Жанатайұлы және заң секторының қызметкері Кенженова Ақерке Борашқызы студенттер алдында саяси науқанға қатысты баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Бемм Артурдың саксофон кеші өтті.
Аталмыш шара барысында «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының аға-оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты Андрей Валерьевич Сафонов (саксофон баритон), 1-курс студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Ғазиз Мәліков (саксофон альт, сопрано) және саксофон сыныбының 1-курс студенті Қазына Ақынтай (саксофон альт) өнерлерін ортаға салды. Концертмейстер, халықаралық байқаулардың лауреаты – Елена Скрипченко.
Концертте шетелдік танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Жалпы саксофон кеші жиналған көпшілікке керемет әсер сыйлап, өнерпаздар көрерменнің жылы лебізі мен қошеметіне бөленді.