Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

«Ән шырқаймын жүректен» атты концерт өтті
«Ән шырқаймын жүректен» атты концерт өтті
25 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Ән шырқаймын жүректен» атты «Вокалдық өнер» мамандығының бітіруші түлектерінің есеп беру концерті өтті.
26 мамыр 2022
«Меруерт-маржан әуендер» атты концерт өтті
«Меруерт-маржан әуендер» атты концерт өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында «Қобыз және баян» кафедрасының 2-курс студенттерінен құралған «Меруерт» прима қобызшылар ансамблінің «Меруерт-маржан әуендер» атты шығармашылық концерті өтті. Ансамбль жетекшісі – ұстаз, өнертану ғылымдарының магистрі Әсел Рақымжан.
26 мамыр 2022
Б.Мүптекеевтің авторлық монографиясының, күйлер жинағы мен CD күйтабағының тұсауы кесілді
Б.Мүптекеевтің авторлық монографиясының, күйлер жинағы мен CD күйтабағының тұсауы кесілді
Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында онлайн және офлайн форматта дәулескер домбырашы, қазақтың күйшілік-домбырашылық  дәстүрін ғылыми негізде әлемге әйгілеуші ғалым Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясының, «Күй шақыртқы» деп аталатын күйлер жинағы мен CD күйтабағының тұсаукесер салтанаты өтті. Консерваторияның фольклорлық ғылыми зерттеу зертханасы қорындағы Базаралы Мүптекеевтің орындауындағы 25 күй ноталық күй жинақ әрі күйтабақ болып шығып отыр. Жобаны Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясы ұйымдастырды. Салтанатты жиынның модераторы – танымал ғалым, өнер зерттеушісі, ұстаз Сағатбек Медеубекұлы болды.
26 мамыр 2022
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының есеп беру концертіне шақырамыз!
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының есеп беру концертіне шақырамыз!
28 мамыр күні сағат 17:00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының есеп беру концерті өтпек. Концертте кафедра ұстаздары, магистранттары және студенттері өз өнерлерін ортаға салатын болады.
26 мамыр 2022
I Халықаралық «GASISA» байқауында лауреат атанған студенттерді марапаттау рәсімі өтті
I Халықаралық «GASISA» байқауында лауреат атанған студенттерді марапаттау рәсімі өтті
23 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф.Шопен атындағы камералық залында «Міндетті фортепиано» аталымы бойынша І Халықаралық «GASISA» байқауында лауреат атанған студенттерімізді марапаттау рәсімі өтті.
25 мамыр 2022
Маусымдағы референдумға байланысты жиын өтті
Маусымдағы референдумға байланысты жиын өтті
Бүгін консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында жуық арада өткелі жатқан жалпыхалықтық референдумға байланысты іс-шара өтті.
23 мамыр 2022
Дәулескер күйші, ғалым Базаралы Мүптекеевтің еңбектері жарық көрмек
Дәулескер күйші, ғалым Базаралы Мүптекеевтің еңбектері жарық көрмек
Дәулескер күйші, қазақтың домбыра күйшілік дәстүрін ғылыми негізде әлемге әйгілеуші ғалым Базаралы Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» атты монографиясының, «Күй шақыртқы» деп аталатын күйлер жинағы мен CD күйтабағының тұсаукесер салтанаты өтеді.
20 мамыр 2022
Консерваторияда «Скрипка музыкасының концерті» өтті
Консерваторияда «Скрипка музыкасының концерті» өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші концерт залында «Скрипка музыкасының концерті» өтті.
20 мамыр 2022
«Домбыра» кафедрасы ұстаздарының күй өнеріне қосылған келелі еңбектері
«Домбыра» кафедрасы ұстаздарының күй өнеріне қосылған келелі еңбектері
2022 жылдың бірінші тоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасы ұстаздарының бірнеше еңбектері жарыққа шықты. Күй өнеріне қосылған келелі еңбектерді құрастырушылар қатарында ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор Айгүл Нариманқызы Үлкенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Карима Сүндетқызы Сахарбаева, ҚР мәдениет қайраткері, доцент Қуаныш Жұмағали Ізімұлы және ҚР Мәдениет қайраткері, профессор, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі Төлепберген Төрахметұлы Тоқжанов пен ұстаз Динара Аманкелдіқызы Нұрбаева бар.
Күйші-ұстаз Айгүл Үлкенбаеваның «Түркі әлемінің ұлы композиторы – Дина Нұрпейісова» атты кітабының таныстырылымы ҚР Ұлттық кітапханасында өтті. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде жарық көрген кітап күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай Атырау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесер лентасын танымал жазушы, публицист Мереке Құлкенов пен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, күйші, дирижер Арман Жүдебаев қиды.
20 мамыр 2022