Menu HELPDESK

Консерватория жаңалықтары

Консерватория түлектері «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесті
Консерватория түлектері «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесті

Жақында магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын бітірушілерге арнап ZOOM платформасында онлайн форматта «Қаржы орталығы» АҚ-ның жетекші менеджері Ибраева Жанар Саметқызының қатысуымен конференция өткізілді. Конференция барысында түлектерге мемлекеттік білім беру грантын өтеу туралы толық ақпарат берілді, сондай-ақ, білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарға маман тарапынан тұщымды жауап ала алды.

Жалпы «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу өтетіні туралы ақпарат өнер-білім ордасының ресми сайтында алдын ала жарияланған болатын.

25 сәуір 2022
«Халық әні» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды
«Халық әні» аталымы бойынша жеңімпаздар анықталды
21 сәуірде дәстүрлі өнердің қарашаңырағында жоғары оқу орындарының студенттері арасында дәстүрлі музыкалық өнер бағыты  «Халық әні» аталымы бойынша XIV Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өз мәресіне жетті.
22 сәуір 2022
Консерваторияның үлкен концерттік залында марапаттау рәсімі өтті
Консерваторияның үлкен концерттік залында марапаттау рәсімі өтті
19 сәуірде өнер-білім ордасының Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залында түрлі мамандықтардың студенттерін, халықаралық байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді:
20 сәуір 2022
М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кураторлық сағат өтті
М.Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кураторлық сағат өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші залында «Дебют» студенттік театрының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің ұлы классигі, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кураторлық сағат өткізілді.
20 сәуір 2022
«Домбыра» кафедрасының ұстазын ғылыми атақ алуымен құттықтаймыз!
«Домбыра» кафедрасының ұстазын ғылыми атақ алуымен құттықтаймыз!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерсайын Бақытұлы Басықараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығы бойынша «Қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
19 сәуір 2022
Ғалым-ұстаз Кәрима Сүндетқызы мерейлі 70 жасқа келді!
Ғалым-ұстаз Кәрима Сүндетқызы мерейлі 70 жасқа келді!
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Домбыра» кафедрасының профессоры, ғалым, ұстаз Сахарбаева Кәрима Сүндетқызы мерейлі 70 жасқа толып отыр.
Мерейтой «Домбыра» кафедрасының номинациялары бойынша кіші олимпиаданың ашылу салтанатымен тұспа-тұс келді. Салтанат үстінде өнер-білім ордасының ректоры Арман Жүдебаев дәстүрлі өнер қарашаңырағында 40 жылдан аса уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан ғалым-ұстаз Кәрима Сахарбаеваны мерейтойымен құттықтап, шапан жапты.
18 сәуір 2022
Консерватория студенттері «Музыкатану» мамандығы бойынша өткен олимпиададан жеңіспен оралды
Консерватория студенттері «Музыкатану» мамандығы бойынша өткен олимпиададан жеңіспен оралды
2022 жылы 14-15 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ ұлттық өнер университетінде «Музыкатану» мамандығы бойынша Е.Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған Республикалық пәндік студенттік олимпиада өтті. Аталмыш байқауда консерватория студенттері жоғары нәтиже көрсетті. ««Хорал» Е. Рахмадиева из оперы «Қамар сұлу»: режиссерские поиски композитора» тақырыбында баяндама жасаған Хуторова Вера (жетекшісі Газизова Л.Ш.) 2 орын иеленсе, «Проявление традиционного мелодического мышления в мелодике С. Мухамеджанова (на примере симфонии «Буря»)» тақырыбындағы баяндамасымен байқауға қатысқан Ситникова Юлиана (жетекшісі Қожабеков И.К.) 3 орынға қол жеткізді. Ал Міржүсіпова Ревекка, Қадырова Жадыра және Таңсықбаева Балнұр дипломант атанды.
Жеңімпаз студенттеріміз бен олардың жетекшілерін құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.
18 сәуір 2022
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай салтанатты шара өтті
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай салтанатты шара өтті
Бүгін өнер-білім ордасының орталық алаңындағы Құрманғазы Сағырбайұлы ескерткіші жанында ЮНЕСКО ұйымының Халықаралық кеңес Ассамблеясы бекіткен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
18 сәуір 2022
ҚҰРМЕТТІ ЖАС МАМАНДАР МЕН PНD ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫ!
ҚҰРМЕТТІ ЖАС МАМАНДАР МЕН PНD ФИЛОСОФИЯ ДОКТОРЛАРЫ!
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ
Сіздерді «Қаржы орталығы» АҚ менеджері Ибраева Ж.С. қатысуымен өтетін онлайн іс-шараға қатысуға шақырады.
18 сәуір 2022